Жаңартылатын энергия көздері

Барлығы үшін энергияның қымбат емес, сенімді, тұрақты және қазіргі заманғы көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Берік инфрақұрылым құру, жалпыға ортақ және тұрақты индустриаландырумен жәнен инновацияларды енгізуді қамтамасыз етуге ықаал ету.

Климаттың өзгеруімен және оның салдарларымен күрес жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау.

Инновациялық технологияларды қолдану және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану салыстырмалы түрде жаңаша бағыт және мұнай-газ саласының перспективалы бағыты болып табылады. ҚМГ-да қоршаған ортаға зиянды әсерлерді азайтатын «жасыл» технологиялардың әртүрлі түрері қолданылады.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша 2017 жылы ішінде жаңартылатын энергия көздеріне салынатын инвестицияның жалпы сомасы 12 186 мың теңгені құрайды.

2017 жылы «Интергаз Центральная Азия» АҚ Инженерлік-техникалық орталығының объектісінде (Орал қаласы) күн элементтерін пайдалана отырып, сырттай жарықтандыру жүйесін қолдану технологиясын енгізу үшін салынатын инвестиция 12 186 мың теңгені құрайды. Басқа ЕТҰ бойынша 2017 жылы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салынбады.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша 2017 жылы ішінде көздер бойынша бөлгенде өндірілетін (өндіруші) жаңартылатын энергия көздерінің жалпы көлемі:

Геотермальды энергия: 2017 жылы жылу сорғысымен геотермальды (жылу) энергиясын өндіру 678,54 Гкал құрады.

Түсініктеме: Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін (ЫСҚ) «Waterkotte» типтегі геотермальды жылу сорғылары «Интергаз Центральная Азия» АҚ-та табысты жұмыс істеп тұр («Уральск» УМГ – 3 бірлік және «Атырау» УМГ – 6 бірлік).

Күн энергиясы: ҚТГ компаниялар тобы бойынша 2017 жылы ішінде күн панельдерімен электр энергиясын өндіру 472 543 кВт*сағатты құрады.

Түсініктеме: Күн энергиясын өндіру «Интергаз Центральная Азия» АҚ инженерлік-техникалық орталығының аумағын жарықтандыруға арналған күн панельдерімен электр энергиясын өндіру 2017 жылы ішінде 7 884 кВт*сағатты құрады.

«Қазақстан – Қытай» МГ объектілерінің желілік бөлігінде орнатылған күн панельдерімен электр энергиясын өндіру 2017 жылы ішінде 464 659 кВт*сағатты құрады.