Есеп туралы

ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ

Ұзақ мерзімді кірістілік әлеуметтік әділдікпен және қоршаған ортаны қорғаумен ұштасуы тиіс деген түсінік кеңінен тарап келеді. Бұл күтулер шынайы тұрақты экономикаға көшу қажеттілігін компаниялар мен ұйымдарды қаржыландырушылар, тұтынушылар мен басқа мүдделі тараптар неғұрлым толығырақ мойындаған сайын тек өсе және күшейе бермек.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметін сипаттау үшін жыл сайын «Тұрақты даму туралы есеп» шығарады. Тұрақты даму саласындағы есептілік Компанияға және оның мүдделі тараптарына тиімді өзара әрекеттесуге, мақсаттарын келісіп белгілеуіне, жалпыға ортақ жұмыс нәтижелерін бағалауға, сондай-ақ өзара байланысты қызметті неғұрлым тұрақты етуге бағытталған қайта құруларды басқаруға көмектесуге бағытталған.

  • Global Reporting Initiative Sustainabiliti Reporting Standarts
  • Біз БҰҰ Жаһандық Шартының және ОДЦ қағидаттарын ұстанамыз.

Global Reporting Initiative

Осы есеп GRI Standards: Comprehensive option (кеңейтілген опция) дайындалды.

Сондай-ақ, ҚМГ-нің Тұрақты даму есебі GRI G4 Мұнай-газ секторына арналған арнайы стандартын пайдалана отырып дайыдалған. Маңыздылықты ашу жөніндегі қызметке негізделген (Materiality Disclosures Service), 102-49- 102-ге дейінгі GRI Strandards жариялау көрсетілімдері: Жалпы көрсетілімдер Мазмұн индексінде және түпкілікті Есептің мәтінінде дұрыс орнатылғаны тексерілді. Есептің мазмұны GRI Standards стандарттарының әдіснамасы мен есептің мазмұны мен сапасын анықтау принциптері бойынша анықталады.

Осы есеп GRI Standards стандарттарына сәйкес екінші ҚМГ Есебі болып табылады, ол 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін 2017 жылға арналған индикаторлар мен жетістіктерді ұсынады. Кейбір көрсеткіштер бойынша деректерді салыстыру және салыстыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ақпарат алдыңғы есеп беру кезеңдерінің динамикасы және алдағы жылдардағы жоспарлар көрсетілген. ҚМГ-нің тұрақты даму туралы барлық есептері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде компанияның: http://www.kmg.kz/rus/ustoichivoe_razvitie/reports/ веб-сайтында қол жетімді.

Қол жеткізілген прогресс туралы хабарлама

2017 жылғы Тұрақты даму туралы есеп сондай-ақ ҚМГ-нің «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты» / United Nations Global Compact (бұдан әрі – БҰҰ ЖШ) шеңберіндегі жыл сайынғы Қол жеткізілген прогресс / Communication on Progress (бұдан әрі – СДП) туралы хабарламамыз болып табылады және Компанияның жаһандықжаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемі туралы ақпаратты көрсетеді. Қол жеткізілген прогресс туралы хабарлама – бұл жыл сайынғы хабарлама, ол арқылы компания БҰҰ ҒШ қағидаттарын интеграциялау жөнінде жұмсалып жатқан күштер туралы мүдделі тараптарды хабардар етеді. ҚМГ-нің Қол жеткізілген прогесс туралы хабарламасын көрсететін барлық Тұрақты даму туралы есептер БҰҰ ҒШ сайтында орналастырылған және мүдделі тараптарға https://www.unglobalcompact.org/what-is-gc/participants/6810 сілтемесі бойынша қол жетімді.

2018 жылдан бастап ҚМГ БҰҰ ЖШ жіктегішіне сәйкес «Қатысушы» мәртебесіне ие болған. Қатысушылар БҰҰ-ның Жаһандық шартымен жаһандық, сондай-ақ мемлекеттік немесе өңірлік деңгейде белсенді жұмыс істеуде және барлық мүдделі тараптармен тұрақты даму және БҰҰ ЖШ-ның ағымдағы күн тәртібінің мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі.

ҚМГ БҰҰ ЖШ-қа «Қатысушы» бола отырып, БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған біздің әлемді өөзгертуге бағытталған Тұрақты дамудың 17 жаһандық мақсатын қолдайды.

Тұрақты даму туралы есеп ҚМГ-нің тұрақты дамудың 17 Жаһандық мақсатына бейілділігі туралы ақпаратты ашады және оларды іске асыру үшін Компанияның жетістіктерін көрсетеді.

БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидаты

Адам құқығы

1-қағидат

Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқығын қорғауы және құрметтеуі тиіс

2-қағидат

Іскерлік топтар адам құқығының бұзылуына қатыспауы тиіс

Еңбек қатынастары

3-қағидат

Іскерлік топтар бірлік еркіндігін және ұжымдық шарттарды жасауға арналған құқықтарды нақты мойындауды қолдауы тиіс

4-қағидат

Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жою үшін іс-әрекет етуі тиіс

5-қағидат

Іскерлік топтар балалар еңбегін толық жою үшін іс-әрекет етуі тиіс

6-қағидат

Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жою үшін іс-әрекет етуі тиіс

Қоршаған орта

7-қағидат

Іскерлік топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге қатысты тәсілді жоюы тиіс

8-қағидат

Іскерлік топтар қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамашылықтарды қолдануы тиіс

9-қағидат

Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдем көрсетуі тиіс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

10-қағидат

Іскерлік топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда сыбайлас жемқорлықтың барлық түрдеріне қарсы болы тиіс


ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАҒИДАТТАР

Ашықтық

Біз кездесулерге, талқылауларға және диалогқа әрдайым ашықпыз.

Біз тараптардың мүдделері арасындағы құқықтар мен теңгерімді сақтауға, өзара мүдделерді ескеруге негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтасуды мүдделі тараптармен қалыптастыруға ұмтыламыз.

Есеп берушілік

Біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсеріміз үшін есеп беретіндігімізді сезінеміз.

Біз акционерлер мен инвесторлар алдында ұзақ мерзімді кезеңде ұзақ мерзімді құнының өсуі және тұрақты дамуы үшін өз жауапкершілігімізді сезінеміз.

Біз ресурстарды (энергияны, шикізатты, суды қоса алғанда) ұқыпты пайдалану, шығарылымдарды, қалдықтарды дәйекті түрде азайту және өнімділігі жоғары энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу жолымен өз қызметіміздің қоршаған ортаға және қоғамға теріс әсерін азайтуға ұмтыламыз.

Біз мемлекеттік бюджетке салықтарды және заңнамада көзделген өзге де алымдарды төлейміз.

Біз өзіміздің даму стратегиямыз бен мүмкіндіктеріміздің шеңберінде жұмыс орындарын сақтаймыз және оларды құрамыз.

Біз өз стратегиямыздың шеңберінде және қолда бар қаржылық мүмкіндіктеріміздің шегінде қызметімізді жүзеге асыратын жерді дамытуға жәрдем көрсетуге ұмтыламыз.

Біз шешімдерді ойластырып және ақылға қонымды етіп қабылдаймыз және әрекеттерді лауазымды тұлғалар деңгейінен бастап қызметкерлерге дейінгі әрбір деңгейде жасаймыз.

Біз ресурстарды ұқыпты және жауапты пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған инновациялық технологияларды енгізуге ұмтыламыз.

Біздің өнімдеріміз, тауарларымыз бен көрсетілетін қызметтеріміз тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің заңнамада белгіленген стандарттарына сәйкес келуге және лайықты сапада болуға тиіс.

Біз клиенттерімізді құрметтейміз.

Анықтылық

Біздің шешімдеріміз бен іс-әрекеттеріміз мүдделі тараптар үшін анық және ашық болуы тиіс.

Біз құпия ақпаратты қорғау бойынша нормаларды ескере отырып, заңнамада және құжаттарымызда көзделген ақпаратты ашамыз.

Этикалық мінез-құлық

Біздің шешімдеріміз бен әрекеттеріміздің негізіне құрмет, адалдық, ашықтық, командалық рух және сенім, ақ ниеттілік және әділдік сияқты құндылықтар жатады.

Құрмет

Біз заңнамадан, жасалған шарттардан немесе тікелей іскерлік өзара қарым-қатынастар шеңберінде қолданатын мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтейміз.

Заңдылық

Біздің шешімдеріміз, іс-әрекеттеріміз және мінез-құлқымыз Қазақстан Республикасының заңнамасына және ұйымдар органдарының шешімдеріне сәйкес келеді.

Адам құқықтарын сақтау

Біз Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық құжаттарда, Адам құқықтары туралы жалпыға ортақ декларацияда қарастырылған адам құқықтарын сақтаймыз және адам құқықтарын сақтауға ықпал етеміз.

Біз балалар еңбегін мүлдем қолданбаймыз және оған қатаң тыйым саламыз.

Біздің қызметкерлер – біздің басты құндылығымыз және негізгі ресурсымыз, олардың кәсіптік және қауіпсіздік деңгейінен біздің қызметіміздің нәтижелері мен инвесторлар үшінжасалатын құндылығымыз тікелей байланысты.

Біз өз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз етеміз.

Сауықтыру бағдарламасын жүргіземіз және қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетеміз.

Қызметкерлерді ынталандырудың және дамытудың тиімді жүйесін құрамыз.

Корпоративтік мәдениетті дамытамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік

Сыбайлас жемқорлық біздің акционерлеріміз, инвесторларымыз өзге тұтас алғанда мүдделі тысқары қоғамдар үшін біздің ұйымдар құратын құнды бұзады.

Біз барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуде сыбайлас жемқорлыққа оның кез келген түрлеріне төзімсіздік танытамыз.

Сыбайлас жемқорлық істеріне тартылған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер заңмен көзделген тәртіппен жұмыстан шығаруға және жауапкершілікке тартуға жатады.

Қордағы және ұйымдағы ішкі бақылау жүйесі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге, алдын алуға және анықтауға бағытталған шараларды да қамтуы тиіс.

Мүдделі тараптармен олардың сыбайлас жемқорлықпен күрестегі хабардарлығын көтеру үшін диалогты дамыту қажет.

Мүдделер қайшылығына жол бермеу

Компания беделіне залал келтіруі мүмкін және акционерлер мен өзге мүдделі тараптар тарапынан оларға деген сенімнің жоғалуына әкелетін, мүдделер қақтығысымен байланысты күрделі бұзушылықтар.

Лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің жеке мүдделері олардың өзінің лауазымдық, функционалдық міндеттерін әділ орындауына әсерін тигізбеуі тиіс.

Серіктестермен қатынастарда, фидуциарлық қатынастарды белгілеу және сақтауды ескере отырып, сол кезде тараптар бір-біріне қарым-қатынаста барынша адалдықпен, сыйластықпен, әділдікпен және ниеттестікпен іс-қимыл жасауға міндетті, мүдделер қайшылығын болдырмау, анықтау және жою жөнінде шараларды алдын ала қабылдайды.

Жеке үлгі

Біздің әрқайсымыз күн сайын өзіміздің іс-әрекетімізде, мінез-құлқымызда және шешімдер қабылдауда тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ықпал етеміз.

Басқарушылық позицияларда отырған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер өзінің жеке үлгісімен тұрақты даму қағидаттарын енгізуге уәждеуі тиіс.