Директорлар
кеңесі төрағасының үндеуі

Құрметті оқырмандар,

Cіздердің назарларыңызға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2020 жылғы Орнықты даму туралы есепті ұсынамын.

Биылғы жыл сынақ жылы ретінде есімізде қалады. Осы жылы қатар жүрген қиындықтар орнықты даму қағидаттарын іске асыруда және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруде біз жылдан жылға қабылдайтын іс-шаралардың маңыздылығы мен құндылығын көрсетті.

Күрделі кезеңге қарамастан, есепті жылы біздің стратегиялық басымдықтарымыз өзгерген жоқ. 2020 жылы ESG аспектілеріне ерекше назар аударылды. Бұл – әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, корпоративтік басқару мәселелері.

Орнықты даму көрсеткіштері бойынша Компания қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында 2020 жылға ҚМГ Директорлар кеңесі корпоративтік ҚНК – ESG-рейтингін бекітті, онда бизнестің экологиялық, әлеуметтік тәуекелдері бойынша, сондай-ақ рейтингтік агенттіктен корпоративтік басқару бойынша тәуелсіз баға алу көзделген.

ҚМГ алғаш рет «Sustainalytics» халықаралық рейтингтік агенттігінің ESG-рейтингінен өтіп, 69 балл алды. Агенттік сарапшылары Компанияның 48-ден астам ESG критерийлерін бағалады.

Әлеуметтік көрсеткіштер арасында – біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығы негізгі басым көрсеткіштер болып табылады. Бұған біздің алғаш рет еңбек қызметімен байланысты өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың нөлдік деңгейіне қол жеткізгеніміз дәлел. Бұдан басқа, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы мен онымен аурушаңдықты төмендету мақсатында қысқа мерзімде біз жаппай жұқтыруға және өндірістік процесті тоқтатуға жол бермейтін бірқатар кешенді шаралар қабылдадық.

Экологиялық көрсеткіштер арасында ҚМГ үшін негізгі ESG-сын-тегеуріндер операциялық қызметтен көміртегі шығарындылары болып табылады. Айта кету керек, климаттың өзгеруі мәселелері Директорлар кеңесі мен ҚМГ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған орта және тұрақты даму комитеті деңгейінде бақыланады.

Корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізе отырып, корпоративтік басқару рейтингінің деңгейін арттыру мәселесі пысықталды және Директорлар кеңесі мен атқарушы органның тиімділігі, тәуекелдерді басқару және орнықты даму сияқты бағыттар бойынша барынша ілгерілеуге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, 2021 жылға бизнес-бағыттар бойынша департамент директорларының ҚНК-леріне ҚМГ компаниялар тобы бойынша ластаушы заттардың, парниктік газдардың шығарындыларын азайту, су үнемдеу және энергия үнемдеу бойынша 2030 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары мен нысаналы көрсеткіштерді әзірлеу енгізілді.

Біз сондай-ақ Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған орта және орнықты даму жөніндегі комитеттің белсенді жұмысын жалғастырудамыз. 2020 жылы төрт отырыс өткізіліп, онда орнықты дамуға қатысты 40 мәселе қаралды.

Осы жұмыс шеңберінде біз «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы орнықты даму саласындағы басқару жүйесі бойынша, еңбекті қорғауды басқару жүйесі бойынша және өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару бойынша бірқатар жаңа корпоративтік құжаттарды бекіттік. Орнықты даму саласында басқару жүйесін енгізуді іске асыру мәртебесінің мониторингі бойынша жұмыс тұрақты жүргізілуде.

«Төмен көміртекті дамуға энергетикалық көшу» біз үшін өзекті стратегиялық мәселе болып табылады. Париж келісімінің мақсаттарына сәйкес «энергияға көшу» сценарийін дамыту үшін біздің қызметімізге тиісті талдау жүргізіледі, біз климаттық тәуекелдерді басқару мәселелерін компанияның бизнес-стратегиясына жоспарлы интеграциялауды қарастырамыз. 2021 жылы Компанияның стратегиясы қайта қаралады және төмен көміртекті даму мәселелері стратегиялық мақсаттарға енгізілетін болады.

Біз сондай-ақ БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын Компанияның қызметіне біріктіруді көздеп отырмыз. 2020 жылғы наурызда біз ҚМГ-ның Директорлар кеңесі мен Басқармасының кеңейтілген отырысын өткіздік, нәтижесінде басым ОДМ келісілді және оларды ҚМГ бизнес-процес­теріне интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Орнықты даму жүйесін қалыптастырумен қатар, біз тұрақты даму мәдениетін арттыруға үлкен көңіл бөлеміз. Қашықтағы форматқа қарамастан, біз 2020 жыл ішінде Корпоративтік орталық пен ЕТҰ қызметкерлері үшін орнықты даму бойынша оқыту жүргіздік. Сондай-ақ, қызметкерлердің 85 %-дан астамы корпоративтік құндылықтар бойынша оқытудан сәтті өтті, этикалық рәсімдер мен қағидаттар бойынша құзыреттерге тестілеу жүргізілді.

Мүдделі тараптардың ҚМГ ESG-көрсеткіштеріне қызығушылығының артуын ескере отырып, біз орнықты даму туралы есептілікті тәуелсіз верификациялау жыл сайынғы негізде жүргізіледі деп шешім қабылдадық. Бұл бізге қаржылық емес есептіліктегі деректердің ашықтығы мен анықтығын жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ болашақта мүдделі тараптарымыздың, оның ішінде әлеуетті инвесторлардың да сенім деңгейін арттырады деп үміттенеміз.

Қорытындылай келе, барлық елдерге әсер еткен пандемиядан кейінгі дағдарысқа қарамастан, біз қызметкерлеріміздің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі бойынша уақтылы шаралар қабылдап, корпоративтік басқару деңгейін арттыруға қол жеткіздік және орнықты даму саласындағы мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды, оның ішінде Компанияның ESG-рейтингін арттыруды жалғастыра алдық.

Құрметпен,Кристофер Джон Уолтон
Директорлар кеңесінің төрағасы