Орнықты дамуды басқару

1-қағидат Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдауға және құрметтеуге тиіс.

2-қағидат Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзушылықтарына қатысты болмауы тиіс.

4-қағидат Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жоюға қарсы шығуға тиіс.

6-қағидат Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауға тиіс.

8-қағидат Іскерлік топтар қошаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды алдын ала қабылдауға тиіс.

10-қағидат Іскерлік топтар бопсалаушылық пен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы тұруға тиіс.

БІЗДІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУДЫ БАСҚАРУ ТӘСІЛІМІЗ

Біздің орнықты даму аспектілерін басқару тәсіліміз орнықты дамудың мынадай қағидаттарын енгізуге негізделеді:

ашықтық – біз кездесулерге, талқылауларға және диалогқа ашықпыз; біз мүдделі тараптармен өзара мүдделерді ескеруге, ұйым мен мүдделі тараптардың мүдделері арасындағы құқықтар мен теңгерімді сақтауға негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құруға ұмтыламыз;

есеп берушілік – біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсер еткені үшін өз есеп берушілігімізді сезінеміз;

айқындылық – біздің шешімдер мен іс-қимылдар мүдделі тараптар үшін анық әрі айқын болуы тиіс;

әдеп мінез-құлқы – біздің шешімдер мен іс-қимылдарымыздың негізінде, құрмет, әділдік, ашықтық, командалық рух және сенім, адалдық пен әділеттілік сияқты құндылықтар;

құрмет – біз заңнамадан, жасалған шарттардан немесе тікелей іскерлік өзара қарым-қатынастар шеңберінде қолданатын мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтейміз;

заңдылық –біздің шешімдеріміз, әрекеттеріміз бен мінез-құлқымыз Қазақстан Республикасының заңнамасына және ұйымдар органдарының шешімдеріне сәйкес келеді;

адам құқықтарын сақтау – біз Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық құжаттарда көзделген адам құқықтарын сақтаймыз және олардың сақталуына ықпал етеміз;

сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – біз барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасай отырып, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті жариялаймыз;

мүдделер қақтығысына жол бермеу – лауазымды адамның немесе қызметкердің жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық, функционалдық міндеттерін бейтарап орындауына ықпал етпеуі тиіс;

жеке мысал – әрқайсымыз күн сайын өз іс-әрекеттерімізде, мінез-құлқымызда және шешімдер қабылдау кезінде орнықты даму қағидаттарын енгізуге ықпал етеміз; басқарушылық ұстанымдар атқаратын лауазымды адамдар мен қызметкерлер өзінің жеке үлгісімен орнықты даму қағидаттарын енгізуге уәждеуге тиіс.

ҚМГ орнықты дамуды өзінің 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясында орнықты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге, операциялық қызметке және шешімдер қабылдау процес­теріне біріктіруге бағытталған стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде айқындады.

Орнықты даму жөніндегі стратегиялық мақсатты іске асырудың нәтижесі корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің, еңбекті, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың жақсартылған көрсеткіштеріне қол жеткізуді, қатысатын өңірлердегі экономикалық әсерді жақсартуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас сапасын жақсартуды, корпоративтік басқару рейтингін, этика мен комплаенстің жалпы корпоративтік мәдениетін арттыруды қамтамасыз ететін басқару жүйесін құруға айналуы тиіс.

ҚМГ мынадай элементтерді қамтитын орнықты даму саласындағы тиімді басқару жүйесін құруға ұмтылады:

  • Компанияның басқарудың барлық деңгейінде орнықты даму қағидаттарына бейілділігі;
  • орнықты дамудың үш аспектісі бойынша сыртқы және ішкі жағдайды талдау: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік;
  • әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы орнықты даму саласындағы тәуекелдерді айқындау;
  • мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және стейкхолдерлер картасын құру;
  • орнықты даму саласындағы мақсаттар мен ҚНК айқындау;
  • орнықты даму саласындағы басым бағыттарды (бастамаларды) іске асыру;
  • орнықты дамуды негізгі бизнес-процестерге біріктіру;
  • орнықты даму саласында Компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
  • орнықты даму бойынша жыл сайынғы есеп беру процесін ұйымдастыру;
  • орнықты даму саласындағы нәтижелілікті өлшеу;
  • орнықты даму процесін жетілдіру.

2020 жылы ҚМГ негізгі бизнес-процестерге, операциялық қызметке орнықты даму қағидаттарын енгізу және интеграциялау бойынша белсенді жұмысын жалғастырды:

  • ҚМГ ESG-рейтингін анықтау үшін «Sustainalytics» халықаралық рейтингтік агенттігі тәуелсіз бағалаудан өтті. ҚМГ ESG-рейтингі 100 балдан 69 балды құрады.
  • 2020 жылға арналған орнықты даму көрсеткіштері бойынша Компания қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚМГ Директорлар кеңесі алғаш рет корпоративтік ҚНК – ESG-рейтингін бекітті. Оған 48 ESG өлшемшарттары кірді.
  • Орнықты даму қағидаттарын іске асыруға өзінің бейілділігін растай отырып, ҚМГ Директорлар кеңесі деңгейінде бірқатар жаңа корпоративтік құжаттар бекітілді:
    • ҚМГ компаниялар тобында орнықты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулық;
    • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесінің» корпоративтік стандарты;
    • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі корпоративтік стандарт.
  • Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитетінде орнықты даму жүйесін енгізуге шолу тұрақты негізде жүргізіледі. Жалпы алғанда, 2020 жылы Комитеттің 4 отырысы өткізіліп, онда 40 мәселе қаралды, Комитет отырыстарының қорытындылары бойынша 98 шешім мен тапсырма қалыптастырылды. 2020 жылы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, ESG (Environmental – Social – Governance) аспектілерін стратегиялық басқару, сондай-ақ орнықты даму саласындағы есептілік мәселелері басты назарда болды.
  • Орнықты даму саласында басқару жүйесін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ корпоративтік орталығы мен ЕТҰ қызметкерлері үшін оқыту жүргізілді. Орнықты даму жүйесінің элементтерін түсіндіру және оны еншілес компанияларда іс жүзінде қолдану бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
  • Орнықты даму жүйесін іске асыру және ESG-рейтингін арттыру мақсатында тұрақты жұмыс істейтін орнықты даму саласындағы басқару және ESG-рейтинг жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді.
  • 2021 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша ластаушы заттардың, парниктік газдардың шығарындыларын азайту, су үнемдеу және энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары мен 2030 жылға дейінгі нысаналы көрсеткіштердің бизнес-бағыттары бойынша Департаменттер директорларының ҚНК-леріне енгізу туралы мәселе пысықталды.
  • Орнықты даму туралы есепті дайындау қағидалары жаңартылды, 2020 жылғы қарашада ҚМГ Басқармасы қағидаларды жаңа редакцияда бекітті. Қағидалар есепті кезеңдегі орнықты даму туралы есепті дайындаудың жыл сайынғы процесін регламенттейді. Есеп беру процесін жақсарту шеңберінде GRI Standards-тағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы Қағидаларды актуалдандыру жүргізілді.
  • Біздің мүдделі тараптарымыздың Компанияның қаржылық емес ақпаратын ашуға деген сенім деңгейін арттыру мақсатында жыл сайынғы негізде орнықты даму туралы есептің тәуелсіз аудитін жүргізу жоспарланған. Тәуелсіз аудит есептіліктегі деректердің дұрыстығына кепілдік беруге және Компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Орнықты даму жүйесін қалыптастырумен қатар, орнықты даму мәдениетін арттыруға да көп көңіл бөлінеді. Корпоративтік орталық пен ЕТҰ қызметкерлері үшін орнықты даму бойынша оқыту курстары тұрақты негізде өткізіледі:

  • 2020 жылғы 3 наурызда БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Норимас Шимомур мырзаның шақырылуымен Компания басшылығы үшін Орнықты даму саласындағы арнайы сессия мен семинар өткізілді. Семинар қорытындысы бойынша Басқарманың қарауына ҚМГ үшін басым ОДМ ретінде 6 жаһандық мақсатты шығару туралы шешім қабылданды.
  • 2020 жылғы 10–11 наурызда орнықты даму саласындағы есептілікті дайындау бойынша қыз­меткерлердің құзыреттерін арттыру шеңберінде ҚМГ қызметкерлеріне арналған «Корпоративтік есептілік: үздік тәжірибелер мен әлемдік трендтер» оқыту семинар-тренингі өткізілді.
  • 2020 жылғы 16–18 қыркүйекте орнықты даму саласындағы есептілікті дайындау және ОДМ-ны компания қызметіне интеграциялау процесіне тартылған мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында «GRI STANDАRDS: орнықты даму саласындағы есептілік», «SDG-ОДМ: компаниялардың есептілігіндегі орнықты даму мақсаттары» онлайн тренингтеріне сертификаттық оқытудан өтті.
  • Орнықты даму жүйесінің элементтерін түсіндіру мақсатында 2020 жылғы қараша-желтоқсанда ҚМГ мен ЕТҰ-да жаттықтырушылармен бірлесіп, КО және ЕТҰ-ға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен оның ЕТҰ-дағы орнықты даму жүйесі» атты бірқатар онлайн-тренингтер өткізілді. Оқыту негізгі бизнес-бағыттар бойынша жүргізілді.

БҰҰ ЖШ және ОДМ қағидаттарына бейілділігі

Орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларды басшылыққа ала отырып, ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының (бұдан әрі – БҰҰ ЖШ) қағидаттарын ұстанады және орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) өз қызметіне интеграциялайды.

БҰҰ ЖАҺАНДЫҚ ШАРТЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

Адам құқықтары

1-қағидат

Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдауға және құрметтеуге тиіс.

2-қағидат

Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзушылықтарына қатысты болмауға тиіс.

Еңбек қатынастары

3-қағидат

Іскерлік топтар бірлестіктің бостандығын қолдауға және ұжымдық шарттар жасасуға арналған құқықтарды нақты мойындауға тиіс.

4-қағидат

Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жоюға қарсы шығуға тиіс.

5-қағидат

Іскерлік топтар балалар еңбегін толық түп-тамырымен жою үшін қарсы тұруы тиіс.

6-қағидат

Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюға қарсы тұруға тиіс.

Қоршаған орта

7-қағидат

Іскерлік топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге тәсілдемені қолдауы тиіс.

8-қағидат

Іскерлік топтар қошаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды алдын ала қабылдауға тиіс.

9-қағидат

Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуына және таралуына жәрдемдесуге тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

10-қағидат

Іскерлік топтар бопсалаушылық пен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы тұруға тиіс.

2020 жылы ОДМ-ны Компанияның бизнес-процестеріне біріктіру процесі басталды. 17 ОДМ құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп санаттар бойынша сараланды, Компания өз үлесін қоса алатын 6 басым ОДМ анықталды:

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста бәрінің әл-ауқатына жәрдемдесу,

Барлығы үшін энергияның қымбат емес, сенімді, тұрақты әрі қазіргі заманға сай көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету,

Барлығына ұдайы, жан-жақты қамтылған және тұрақты экономикалық өсуіне, толық әрі өнімді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмыс істеуіне жәрдемдесу,

Берік инфрақұрылымды құру, жалпылама және тұрақты индустрияландыруды қамтамасыз етуге және инновацияларды енгізуге жәрдемдесу,

Климаттың өзгеруімен және оның салдарларымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау,

Құрлықтың экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері айналысы және биоәртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.

Практикадан мысал

2006 жылдан бастап ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының мүшесі әрі белсенді қатысушысы болып табылады және БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатын және 17 ОДМ ұстануды қолдайды.

Компанияның орнықты дамуы туралы жыл сайынғы есеп БҰҰ Жаһандық шарты шеңберіндегі ілгерілеу туралы біздің хабарламамыз болып табылады және https://www.unglobalcompact.org/what-is-gc/participants/6810 қолжетімді.

2021 жылы басым ОДМ бойынша іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу және келісу жоспарлануда, ол бизнес-процестерді жетілдіруге және басым ОДМ бойынша белгіленген нысаналы көрсеткіштер бойынша прогреске қол жеткізуге бағытталатын болады.

ESG ИНТЕГРАЦИЯСЫ

Корпоративтік басқару және орнықты даму саласындағы үздік тәжірибелерді енгізу Компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. ESG өлшемшарттарын Компания қызметіне біріктіру орнықты даму1 көрсеткіштерін басқару жүйесін жетілдіру және негізгі ESG-тәуекелдер мен мүмкіндіктерді түсіну үшін қажетті шарт болып табылады.

Sustainalytics – экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы зерттеулермен айналысатын жетекші тәуелсіз компания, әлемдік инвесторларға жауапты интициялық стратегияларды әзірлеуге және енгізуге көмектесетін рейтингтік және аналитикалық фирма.

ESG-рейтинг (Environmental, social and Governance) – бизнестің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін, сондай-ақ компаниядағы корпоративтік басқару тәуекелдерін бағалау. ESG рейтингі инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде инвесторлар үшін стратегиялық құрал болып табылады және компанияның ұзақ мерзімді кезеңдегі тұрақтылығын анықтау үшін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі.

2020 жылы ҚМГ алғаш рет «Sustainalytics» халықаралық рейтингтік агенттігінің (Амстердам, Нидерланды) ESG-рейтингі бағалауынан өтті.

ҚМГ ESG-рейтингі 100 балдан 69 балды құрады. ҚМГ ESG-рейтингісін құраушылар бөлігінде мынадай бағаларға ие болды: экологиялық құраушы 69, әлеуметтік – 70, корпоративтік басқару – 67 деңгейінде. Бұл компанияның орнықты даму саласындағы айтарлықтай жоғары көрсеткіштерін көрсетеді (әлемдегі салалар бойынша 119 компанияның ішінде 33-орын).

Бұдан басқа, ҚМГ 34,5 балл деңгейінде ESG-тәуе­келдер рейтингін алды, бұл басқарылмайтын ESG-тәуекелдің жоғары деңгейін көрсетеді. Компания тәуекел деңгейі бойынша бес санаттың төртінші санатына кірді. Sustainalytics талдау­шылары ҚМГ-дегі ESG-тәуекелдерді басқаруды «күшті» деп бағалады. Бұл ретте тәуекелдерге бастапқы ұшырағыштық «жоғары» деп бағаланды. ҚМГ рейтингісінің жоғары мәні негізінен менеджмент бақылай алмайтын тәуекелдермен байланысты, яғни, мұнай-газ саласына тән тәуекелдер.

ҚМГ үшін негізгі ESG-сын-тегеуріндер операциялық қызметтен көміртегі шығарындылары және Компания өнімін пайдаланудан шығарындылар, сондай-ақ қызмет жүргізу өңірлеріндегі қоғамдастықтармен өзара қарым-қатынастар болып табылады.

ҚМГ ESG-рейтингінің деңгейін жақсарту және ESG-тәуекелдерінің рейтингін басқару және төмендету бойынша міндеттерді орындау бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруға ниетті.

1Environmental, Social, Governance – экология, әлеуметтік даму, басқару

Төмен көміртекті болашаққа арналған бағам

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және энергетикалық жүйені өзгерту бизнес, қоғам және қоршаған орта үшін тұрақты болашақ жолындағы негізгі міндеттер болып табылады. Париж келісімі төмен көміртекті экономикаға көшудің басталуы сөзсіз болатындығы туралы шешуші және жаһандық сигнал жіберді. Мұндай жағдай бизнеске маңызды рөл тиесілі. Қойылған мақсаттардың ауқымы оларға табысты қол жеткізу үшін жалпы күш-жігердің қажеттілігін болжайды.

Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы шеңберінде СО2 өнеркәсіптік шығарындыларын 2030 жылға қарай 25 %-ке, 2050 жылға қарай 70 %-ке, ал 2070 жылға қарай 100 %-ке (толық көміртексіздендіру) қысқартуды көздейтін Париж келісіміне қол қойды.

ҚМГ БҰҰ ЖШ қатысушысы бола тұра, климаттың өзгеруін болдырмау жөніндегі іс-қимылдың маңыз­дылығын мойындайды және 13 «Климаттың өзгеруімен күрес» ОДМ қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға ниет білдіріп отыр. Климаттың өзгеруіне ден қою және климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары біздің стратегиялық құжаттарда және корпоративтік саясатта көрсетілген.

Климаттың өзгеру мәселелері стратегиялық деңгейде бақыланады: Директорлар кеңесі, ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитеті (ҚЕҚОҚОДК). 2020 жылы ҚЕҚОҚОДК отырыстарында климаттың өзгеруіне байланысты келесі негізгі тақырыптар егжей-тегжейлі талқыланды:

  • ілеспе мұнай газын пайдалы қолдануды арттыру;
  • су ресурстарын басқару;
  • климаттың өзгеруі.

2018 жылы The Carbon Disclosure Project (CDP) – халықаралық инвесторлар қоғамдастығының парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындылары және климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер туралы ақпаратты ашу жөніндегі бастамаға өзіміздің қатысатынымыз туралы мәлімдедік және тауарлық өнімнің ұңғымадан бастап оны түпкілікті пайдалануға дейінгі барлық көміртегі ізін бағалау жөніндегі жұмысты бастадық.

Екінші жыл қатарынан көміртегі ізі есептеледі. 2020 жылғы тамызда ҚМГ CDP (Carbon Disclosure Project) Климаттық сауалнама шеңберінде 2019 жылға парниктік газдар шығарындылары бойынша есепті жариялады. 2020 жылы CDP есептілігі кеңейтілді, алғаш рет су ресурстарын басқару жөніндегі деректер 2019 жылдың қорытындылары бойынша Су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама шеңберінде жарияланды.

Климаттың өзгеруі саласындағы қызметтің басым бағыттары: парниктік газдар шығарындыларын азайту, ілеспе мұнай газын пайдалы пайдалануды арттыру, энергия тиімділігін және энергия үнемдеуді арттыру және т.б.

Парниктік газдар шығарындылары, ілеспе мұнай газын пайдалану, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру туралы толығырақ ақпаратты экологиялық көрсеткіштер – Климаттың өзгеруі және атмосфералық ауа сапасы бөлімінен қараңыз.

Климаттың өзгеруі мәселелері тәуекелдерді сәйкестендіруді және қоршаған ортаға жүктемені азайту жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі Корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және стратегиялық пен операциялық мақсаттарға қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін әлеуетті тәуекел оқиғаларын уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторинг жүргізуге және азайтуға бағытталған. Компания климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерді ескереді және өз қызметінің барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға әсерді және парниктік газдар шығарындыларын барынша ықтимал төмендетумен орнықты болашаққа өз үлесін қосуға тырысады. Тәуекелдердің корпоративтік тізілімі климаттың өзгеруіне байланысты жаңа тәуекелмен кеңейтілді. Корпоративтік тәуекелдер тізілімі климаттың өзгеруімен байланысты қаржылық ақпаратты ашу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы TFCD сәйкес әзірлеген климаттың өзгеруімен байланысты жаңа тәуекелмен кеңейтілді. Біз ЕҚОҚ саласындағы тәуекелдер туралы Директорлар кеңесінің алдында тоқсан сайын есеп береміз.

Халықаралық көміртекті реттеу белсенді түрде күшейтілуде (Париж келісімі, ЕО-дағы жасыл мәміле және шекаралық түзетуші көміртегі салығын енгізу, Қытайдағы көміртекті реттеудің қосымша шаралары және т.б.). Осыған байланысты ұлттық көміртекті реттеуді де күшейту күтілуде. Бұл шаралар ҚМГ-ден жаңа жағдайларға бейімделу және болашақта өзінің нарықтық бәсекеге қабілеттілігін сақтау жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазіргі сын-тегеуріндер мен жаһандық энергетикалық көшу көптеген халықаралық мұнай-газ компанияларының өз бизнесін әртараптандырумен айналысуға және корпоративтік төмен көміртекті стратегиялар құруға мәжбүр болуына ықпал етеді. Мысалы, BP, Chevron, CNPC, ENI, Equinor, ExxonMobil, Occidental, Petrobras, Repsol, Saudi Aramco, Shell, Total Oil&Gas Climate Initative Investment Fund құрды. Ал американдық Chevron компаниясы серпінді технологияларға инвестиция салу үшін $100 млн-ға Future Energy Fund қорын құрды. 2020 жылы көміртексіздендіруге әлемдік инвестициялар $501,3 млрд құрады.

КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТӘУЕКЕЛ

Төмен көміртекті экономикаға көшуге байланысты тәуекелдер

Саяси және нормативтік-құқықтық тәуекелдер
(мысалы, парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін көміртегі бағасын белгілеу/көтеру тетіктерін енгізу; мемлекеттің квоталарды бөлу әдісіне шығарындылардың үлестік коэффициенттерін пайдалану жолымен ғана көшу, соның салдарынан кейбір кәсіпорындарда квоталар тапшылығы туындауы мүмкін; шығарындыларды азайту үшін энергия тұтынуды қысқарту; энергия тиімді шешімдер қабылдау; суды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды күшейту және жерді пайдаланудың неғұрлым тұрақты әдістерін жылжыту).

Нарықтық тәуекел
(климатқа байланысты белгілі бір тауарлар, өнімдер және қызметтерге сұраныс пен ұсынысты өзгерту тәуекелі).

Технологиялық тәуекел
(ЖЭК, энергиялық тиімді технологиялар, ЕҚТ, көміртекті ұстау және сақтау технологиялары және көміртексіздендірудің өзге технологиялары сияқты жаңа технологияларды әзірлеу және пайдалану).

Көміртегісі төмен экономикаға көшуге, не осы ауысудан бас тартуға оның үлесі тұрғысынан алғанда Компанияның және мүдделі тараптардың қабылдауын өзгертуге байланысты
бедел тәуекелдері.

Климатты өзгертудің нақты әсеріне байланысты тәуекелдер

Циклондар, дауылдар, су тасқыны сияқты төтенше ауа-райы құбылыстарымен негізделген уақытша
қысқа тәуекелдер.

Климаттық модельдердегі ұзақ мерзімді өзгерістермен туындаған жүйелі (созылмалы) тәуекелдер (мысалы, ауаның қалыпсыз жоғары температураларының ұзақ кезеңі, теңіз деңгейін арттыру және жағалау ұңғымаларын су басуы).

Кем дегенде мұнай-газ секторындағы компаниялар үшін климаттық трансформация болмай қалайтынына айналып келеді. Ол бір уақыттағы әрекет емес, ұзақ процесс болады, сондықтан бұл бірнеше онжылдықтағы міндет екенін түсініп, оған жүйелі түрде қарау керек.

2020 жылғы қарашада ҚМГ Директорлар кеңесінің қатысуымен ақпараттық сессия өткізді, онда мұнай-газ секторы компанияларының көміртегі бейтараптылығына көшуі бойынша әлемдік трендтер қаралды және климаттық күн тәртібін ескере отырып, ҚМГ-нің қолданыстағы 2018–2028 жылдарға арналған даму стратегиясын актуалдандыру қажеттілігі айқындалды.

Осыған байланысты ҚМГ басшылығымен Компанияның жаңартылған даму стратегиясына кейіннен ықпалдастыра отырып, көміртексіздендіру саласындағы өз тәсілдемелерін әзірлеу мақсатында төмен көміртекті даму бойынша корпоративтік орталық деңгейінде Жобалау офисін құру туралы шешім қабылданды. Жобалау офисінің жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша шоғырландырылатын болады:

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық сипаттағы іс-шаралар (көміртегі ізін бағалау, халықаралық талаптарға сәйкес парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларын есептеу әдістемесін әзірлеу, есептілік және мониторинг жүйесін енгізу, парниктік газдар шығарындылары бөлігінде компанияның орта және ұзақ мерзімді климаттық нысаналы бағдарларын белгілеу, ESG рейтингін арттыру және т. б.).
  2. Ресурсты үнемдеу және энергия тиімділігін (энергия сыйымдылығы бойынша нысаналы көрсеткіштерді орнатуды, энергия тұтынуды мониторингтеу мен есепке алуды, жобаларды іске асыруды және энергия менеджменті жүйесін жетілдіруді қоса алғанда) арттыру бағдарламасын әзірлеу.

    Энергия тиімділігі – бұл сектордағы ең тиімді тәсілдемелердің бірі. Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) зерттеулеріне сәйкес энергия тиімділігі стратегияларымен бірге ЖЭК-ке жылдам көшу ұлттық деңгейде жарияланған климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін CO2 шығарындыларын азайтудың 90 %-тен астамын қамтамасыз ете алады. Бұдан басқа, ресурстарды тиімді пайдалану және көмірсутектердің жылыстауы мен эмиссиясын және олардың мұнай-газ секторы кәсіпорындарының өз мұқтаждарына жұмсалуын қысқарту парниктік газдар шығарындыларын азайтуға да көмектеседі.
  3. Төмен көміртекті энергия көздеріне көшу. ҚМГ ЖЭК технологияларын өндірісте пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ бірігу және қосып алу мәмілелері арқылы ЖЭК өзіндік генерациясын арттыру жолымен дәстүрлі энергия көздерін алмастыруды, жаңа объектілер салуды зерделейді.
  4. Көміртексіздендірудің қосымша әдістері. ҚМГ өз кен орындарында CCUS технологиясын (СО2 ұстау, кәдеге жарату және сақтау) қолдану мүмкіндігін, сондай-ақ сутегі өндіру және орман көміртегі жобаларын іске асыру перспективаларын зерделейді.
  5. Төмен көміртекті жобаларға инвестициялар тарту үшін қаржылық тетіктерді енгізу.

2021 жылы ҚМГ алдында ұлттық және халықаралық көміртекті реттеудің компания қызметіне әсерін ескере отырып, ҚМГ өнімдерінің көміртегі ізі мен көміртегі сыйымдылығын төмендету әлеуетін айқындау және кейіннен көміртексіздендіру жобаларының оңтайлы жиынтығы арқылы көміртегі сыйымдылығын төмендету бойынша мақсаттар белгілеу жөніндегі маңызды міндет тұр.

Практикадан мысал

Өткен жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарына енгізілген жаңартылатын энергия көздері тиімді жұмыс істейді: «Waterkotte» үлгісіндегі жылу сорғылары; монокристалды күн панельдері (батареялары).

ҚТГ компаниялар тобы бойынша 2020 жылғы дереккөздер бөлінісінде өндірілетін (шығарылатын) жаңартылатын энергияның жалпы көлемі:

  • 2020 жылы жылу сорғыларымен геотермалдық (жылу) энергия өндіру – 678,5 Гкал құрады.
  • ҚТГ компаниялар тобы бойынша күн панельдерімен электр энергиясын өндіру 2020 жылы – 78 410 кВт құрады.

Әдеп және адалдық

ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ҚАҒИДАТТАР, СТАНДАРТТАР ЖӘНЕ МІНЕЗҚ-ҰЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету стратегиялық бастама және Компания жұмысының маңызды қағидаты болып табылады. Корпоративтік жауапкершілік орнықты дамуға үлес қосатын және заңнамамен және халықаралық мінез-құлық нормаларымен келісетін ашық және этикалық мінез-құлықты көздейді. Компанияның бұл саладағы қызметі жүйелі сипатқа ие, осыған байланысты этикалық мінез – құлық стандарттарына және бизнесті адал жүргізу мақсатында ҚМГ-де этика мәселелері бойынша қолданыстағы құжатты жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді – Іскерлік этика кодексі жаңа редакцияда бекітілді. https://www.kmg.kz/uploads/Кодекс%20этики_2021_каз.pdf

ҚМГ-нің акционерлермен,қызметкерлермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, әріптестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен іскерлік өзара қарым-қатынастарының негізінде іскерлік шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да мүдделердің үйлесімді үйлесуі, тараптардың әрқайсысының өзара құрметі, сенімі, жауапкершілігі және құқықтары мен міндеттерін сақтауы жатыр, Компания осы Кодекстің ережелерін бұлжытпай ұстанады.

Кодекс ашық құжат болып табылады және ҚМГ іскерлік серіктестері мен басқа да мүдделі тұлғалар арасында еркін таратылады. Сондай-ақ ол Компанияның сайтындағы «Корпоративтік құжаттар» бөліміне орналастырылған.

Бекітілген Кодекске сәйкес ҚМГ қызметі мынадай қағидаттарға негізделген:
Әділеттілік
Бейілділік
Дамыту
Қауіпсіздік
Жауапкершілік

Әдепке жатпайтын мінез-құлық туралы кеңестерге жүгіну тетіктері

Қызметкерлердің құқықтарын сақтаудың алдын алу мақсатында қызметкерлердің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тарапынан құқыққа қарсы әрекеттердің барлық фактілері туралы нақты уақыт режимінде құпия және қолжетімді ақпарат құралдары ұйымдастырылған.

Компания тобының кез келген қызметкері немесе өзге тұлға ҚМГ және оның ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын басқа қызметкерлердің, контрагенттердің немесе өзге тұлғалардың іс-қимылының заңдылығына күмән туындаған жағдайда бұл туралы басшылыққа, өзінің тікелей басшысына және комплаенс қызметіне хабарлай алады.

Осы хабарламалар құпиялылықты қамтамасыз ететін мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін:

  1. ҚМГ ақпараттық сенім жүйесіне doverie@kmg.kz электрондық пошта арқылы немесе сенім телефоны бойынша 8-(7172)-78-65-65;
  2. Омбудсменге (іскерлік этика, кемсітушілік, еңбек даулары және өзге де еңбек мәселелері және т. б. мәселелер бойынша) ombudsman@kmg.kz электрондық поштасына немесе телефон арқылы 8-(7172)-78-65-60, 78-65-61;
  3. «Самұрық-Қазына» АҚ әкімшілендіретін бірыңғай орталықтандырылған «жедел байланыс желісі» арқылы Комплаенс қызметіне (сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық фактілері туралы күдік туындаған немесе қолда бар ақпарат болған жағдайда):
  • мына телефон арқылы тегін қоңырау: 8 (800) 080 30 30
  • WhatsApp: 8 (702) 075 30 30;
  • мына адреске электрондық хабарлама:  nysana@cscc.kz;
  • интернет-портал арқылы:  nysana.cscc.kz.

«Жедел байланыс желісі» байланыстары ҚМГ корпоративтік сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған. Осыған ұқсас мәліметтер ЕТҰ сайттарында бар.

Барлық, оның ішінде анонимді хабарламалардыоператорлар қабылдайды және өңдейді, бұдан әрі олардың кәсіби және құпия қаралуын қамтамасыз ететін ҚМГ комплаенс қызметіне беріледі. Комплаенс қызметі тоқсан сайынғы негізде ҚМГ Аудит комитетіне және Директорлар кеңесіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты жеткізеді. 2020 жылы Жедел байланыс желісіне 118 шағым мен өтініш келіп түсті, 2019 жылмен салыстырғанда өтініштер санының өсуі 180 %-ды құрады, бұл жедел байланыс желісін танымал ету жөніндегі науқанға, қызметкерлер мен үшінші тұлғалардың оның болуы туралы хабардарлығын арттыруға байланысты.

Жедел байланыс желісі

Еңбек, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық түрлерінің кез келген фактілері туралы Сіз көрсетілген төрт байланыс арналары арқылы хабарлай аласыз:

Біз кепілдік береміз
  • Құпиялық және анонимдік
  • Хабарламалардың 100% өңделуі

8 800 080 30 30

8 702 075 30 30

Nysana@cscc.kz

Nysana.cscc.kz


Барлық келіп түскен хабарламаларды «СамұрықҚазына» қоры өңдеуге қабылдайды

Жедел байланыс желісіне келіп түскен өтініштердің арқасында сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылға тікелей байланысты емес мәселелерді де реттеуге мүмкіндік туды. Айталық, мысалы, Жедел байланыс желісіне іскерлік мінез-құлықтың бұзылуына, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға байланысты өтініштер, сондай-ақ коронокризистің қолайсыз экономикалық салдарларға байланысты әлеуметтік және жалпы бағыттағы шағымдар түсті. Барлық келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен және мерзімде, болашақта осындай жағдайлардың қайталану ықтималдығын төмендететін тиісті шараларды қабылдай және қарау нәтижелері туралы өтініш берушілерге хабарлай отырып, қаралды.

Әр адамға сенім мен көңіл бөлу

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің, сондай-ақ үшінші тараптардың (жеке және заңды тұлғалардың) құқықтарын сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚМГ мен ЕТҰ-ның жалпы корпоративтік және ішкі құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі. ҚМГ өзі қатысатын барлық өңірлерде адам құқықтарын, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында және Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларация және БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидаты сияқты халықаралық құжаттарда көзделген адам құқықтарын сақтайды және олардың сақталуына ықпал етеді.

2020 жылы ҚМГ компаниялар тобында ішкі коммуникациялар жүйесі одан әрі дамытылды, оның көмегімен кез келген қызметкер және өзге де мүдделі тұлға заңдылықты және ҚМГ ішкі құжаттарын бұзудың кез келген фактілері туралы жедел хабарлама жібере алады.

Компанияда Директорлар кеңесінің 13.02.2020 жылғы шешімімен бекітілген ҚМГ құпия ақпарат саясаты, № 1/2020 хаттама (бұдан әрі – Саясат) және ҚМГ Басқармасының 30.07.2020 жылғы шешімімен бекітілген ҚМГ экономикалық қауіпсіздік регламенті, № 31 хаттама (бұдан әрі – Регламент) қолданылады.

Саясат пен Регламентке сәйкес құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алудың тиімділігін арттыру, Компания қызметкерлерімен, үшінші тараптармен (заңды және жеке тұлғалармен) өзара іс-қимылды жетілдіру және кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ заңды құқықтар мен мүдделерді қорғау үшін ҚМГ мен ЕТҰ-да қолжетімді, тәулік бойы (24/7 режим), құпиялылықты қамтамасыз ететін байланыс арналары мен құралдары: «Жедел байланыс желісі», сенім телефоны мен электрондық поштасы жұмыс істейді.

Саясат пен Регламентте қызметкердің басқа қызметкерлердің, контрагенттердің немесе ҚМГ-мен өзара іс-қимыл жасайтын өзге де тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығына күмән туындаған жағдайда бұл туралы тиісінше тікелей басшыға, Комплаенс қызметіне және корпоративтік қауіпсіздік департаментіне (бұдан әрі – КҚД) дереу хабарлауға міндетті, ал өзге тұлға құқылы екендігі белгіленген.

Бұл ретте жасалған не дайындалып жатқан құқық бұзушылық туралы хабарлау себебінен қызметкерлердің ешқайсысын қандай да бір кемсітушілікке (жұмыстан босату, лауазымын төмендету, сыйлықақылардан және көтермелеудің өзге де нысандарынан айыру, еңбек жағдайларының нашарлауы және т. б.) ұшыратуға болмайды.

Қызметкерлердің, азаматтардың, басқа да заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын және Компанияның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу туралы өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі ҚМГ төрағасының 18.04.2018 жылғы № 129 бұйрығымен бекітілген ҚМГ ақпараттық сенім жүйесінің (бұдан әрі – САЖ) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс нұсқаулығымен регламенттелген.

Осыған ұқсас құжаттарды ЕТҰ бекітті.

2020 жылы компаниялар тобының САЖ желісі бойынша 210 өтініш пен өтініш түсті (2019 жылы – 185), оның ішінде әрбір үшінші өтініш – тұрмыстық газбен жабдықтау тарифтері туралы, әрбір бесінші өтініш – жалақы деңгейіне, еңбек қауіпсіздігі жағдайларына және т. б. байланысты қызметкерлердің еңбек құқықтары туралы.

Қызметкерлердің, жеке және заңды тұлғалардың пошталық хабарламалармен және жеке қабылдауда түскен 57 өтініштің (2019 жылы – 38) жартысынан астамы сатып алу, ұрлау, теріс пайдалану және сыбайлас жемқорлық мәселелеріне, әрбір оныншысы – еңбек дауларына қатысты болды.

Барлық келіп түскен өтініштер мен шағымдар, оның ішінде анонимді түрлері өтініш иелеріне тиісті шараларды қабылдай және кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралды.

Өтініштерді, шағымдар мен өтініштерді уақтылы және жан-жақты қарау және шешу нәтижесінде 2020 жылы Компания қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу фактісіне, сондай-ақ ҚМГ тобының мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін рұқсат етілмеген акциялар мен жанжалды жағдайларға жол берілген жоқ.

2020 жыл ішінде, алдыңғы жылдардағыдай, қыз­меткерлерді ұлттық, жыныстық белгілері, діни нанымдары мен саяси көзқарастары бойынша кемсітудің бірде-бір фактісі анықталған жоқ, мәжбүрлі және міндетті еңбекті пайдалану, сондай-ақ осындай бұзушылықтарға байланысты сот талқылаулары мен қылмыстық қудалау фактілеріне жол берілген жоқ.

Қызметкерлердің және өзге тұлғалардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі ерекше рөл ҚМГ компаниялар тобының қауіпсіздік қызметтеріне тиесілі.

Компаниялар тобы қауіпсіздік қызметтерінің барлық қызметкерлері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, ЕТҰ-ның корпоративтік және ішкі құжаттарына, бөлімшелер туралы ережелерге және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырады.

Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары шеңберінде, әдетте, құқық қорғау және арнайы органдар жүйесінде жұмыс тәжірибесі, жоғары заң және өзге де бейіндік білімі бар, корпоративтік қауіпсіздіктің бизнес-процестерін ұйымдастыру және басқару, қызметкерлердің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау саласында жеткілікті білімі мен тәжірибесі бар екенін атап өту қажет.

2020 жылы саясатты сақтау және құқықтарды қамтамасыз ету рәсімдері мәселелері бойынша оқытудан компания тобы қауіпсіздік қызметтері қызметкерлерінің 7,5% - дан астамы өтті (2019 жылы – 11,7 %, көрсеткіштің төмендеуі елдің барлық аумағында іске асырылған ТЖ және ТА режимдерімен байланысты объективті факторлармен түсіндіріледі).

Тұтастай алғанда, басқарушы органдар мен жоғары басшылық, сондай-ақ ҚМГ компания­­лары тобының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар туралы жеткілікті дәрежеде хабардар етілген, олардың құқықтарын қамтамасыз етуге белсенді қатысады.

Әлиасқаров Тұрысбек Жүнісбайұлы, ҚМГ корпоративтік қауіпсіздік департаментінің директоры:

«Қызметкердің жүгіну құқығы заң бұзушылықтарды жоюдың пәрменді тәсілдемелерінің бірі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметкерлердің өздерінің де, Компанияның да құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Өтініш беру институты – бұл Компанияның қызметкерлермен байланысын нығайтудың қосымша арнасы, қызметкерлердің оған деген сенімінің дәлелі.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

Біз мүдделі тараптармен белсенді диалог қағидатын іске асыра отырып, өз қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Біз компания жұмысының барлық маңызды аспектілері туралы ақпаратты жыл сайын ашып көрсетеміз. Бұл бізге өз қызметіміздің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, Қазақстан ішінде де, шетелде де мұнай мен мұнай өнімдерін өткізгенге дейін толық өндірістік циклді жүзеге асырады және мұнай-газ секторында мемлекеттің мүддесін білдіреді. Қызметтің күрделі құрылымы мен түрлеріне байланысты ҚМГ мүдделі тараптардың кең тобымен өзара әрекеттеседі.

Мүдделі тараптарды айқындау

ҚМГ тұрақты негізде мүдделі тараптармен диалогты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою және қарым-қатынасты басқару бойынша шаралар қабылдайды.

ҚМГ-де тәуелділікті (тікелей немесе жанама), міндеттемелерді, жағдайды (жоғары тәуекел аймақтарына ерекше назар аудара отырып), әсерді, әртүрлі ( алуан түрлі) перспективаларды ескере отырып, тәуекелдер мен саралауды есепке ала отырып жасалған Мүдделі тараптардың картасы бекітілді. Қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарлары жасалып жатыр.

ҚМГ мүдделі тараптарды айқындау және олармен өзара іс-қимыл кезінде AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың ең үздік практикасын қолданады.

МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ӘДІСТЕРІ МЫНАЛАРДЫ ҚАМТИДЫ:

Өзара іс-қимыл деңгейі

Өзара іс-қимыл әдістері

Консультациялар:  

  • Екіжақты өзара іс-қимыл;
  • Мүдделі тараптар  ұйымдардың сұрақтарына жауап береді 
  • Сауалнамалар;
  • Фокус-топтар;
  • Мүдделі тараптармен кездесулер;
  • Жария кездесулер;
  • Семинарлар;
  • Коммуникация құралдары арқылы кері байланысты ұсыну;
  • Консультациялық кеңестер

Келіссөздер

  • Әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде ұжымдық келіссөздер

Тартылуы

  • Екі жақты немесе жан-жақты өзара іс-қимыл;
  • Барлық тараптардан тәжірибе мен білімді арттыру, мүдделі тараптар мен ұйымдар тәуелсіз әрекет етеді
  • Консультациялық панельдер;
  • Консенсусқа қол жеткізу процесі;
  • Шешімдерді бірлесіп қабылдау процесі;
  • Фокус-топтар;
  • Кері байланысты ұсыну схемалары

Ынтымақтастық

  • Екіжақты немесе жан-жақты өзара іс-қимыл;
  • Тәжірибе мен білімді бірлесіп арттыру, шешімдер мен шаралар қабылдау
  • Бірлескен жобалар;
  • Бірлескен кәсіпорындар;
  • Серіктестік;
  • Мүдделі тараптардың бірлескен бастамалары

Өкілеттіктер ұсыну  

  • Мүдделі тараптар (егер қолданылса) басқаруға қатысады
  • Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл мәселелерін басқаруға, стратегияға және операциялық қызметке ықпалдастыру

Есептің маңызды тақырыптарын айқындау

Есепте маңызды тақырыптарды бағалау және ашу үшін сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) деректері талданды. Жүргізілген рәсімдердің нәтижелері бойынша әлеуетті тақырыптар тізімінің 43 тақырыбының ішінен маңыздылық матрицасы жасалды

Маңызды тақырыптарды бағалау құрылымында таразыларды бөлу

Маңыздылық матрицасын салу үшін тиісінше көлденең және тік осьтерде ішкі және сыртқы көрсеткіштердің нәтижелері пайдаланылды. Матрицада қолданылатын бағалау шкаласы 1-ден 5 баллға дейінгі диапазонды құрайды.

Мүдделі тараптар үшін онлайн сауалнама Google Forms платформасының базасында дайындалды. Сауалнамаға акционерлердің, ҚМГ КО, ЕТҰ, өнім берушілердің, қауымдастықтардың, жергілікті мемлекеттік органдардың, банктердің, серіктестер мен клиенттердің өкілдері қатысты. Орнықты дамудың әрбір тақырыбын маңыздылық дәрежесі бойынша 1-ден 5-ке дейінгі шәкіл бойынша бағалау ұсынылды, мұнда 1 – «маңызды емес», 2 – «маңыздылықтың болмашы дәрежесін», 3 – «маңыздылықтың орташа дәрежесін», 4 – «маңыздылықтың салыстырмалы жоғары дәрежесін», 5 – «маңыздылықтың ең жоғары немесе сыни дәрежесін» білдіреді.

Төменде 43 тақырыптың маңыздылық матрицасы берілген.

Ішкі мүдделі тараптарды бағалау

Осы матрица төменде берілгендей сол немесе өзге де тақырыптардың маңыздылық деңгейі бойынша 4 шартты аймаққа (квадрантқа) бөлінген.

  • 4-квадрант – өте маңызды тақырыптар (2.5 астам сыртқы және ішкі стейкхолдерлерді бағалау);
  • 3-квадрант – сыртқы стейкхолдерлер үшін маңызды, бірақ ішкі стейкхолдерлер үшін маңызды емес тақырыптар (сыртқы стейкхолдерлерді бағалау 2.5 артық және ішкі стейкхолдерлерді бағалау 2.5 кем);
  • 2-квадрант – ішкі стейкхолдерлер үшін маңызды, бірақ сыртқы стейкхолдерлер үшін маңызы аз тақырыптар (сыртқы стейкхолдерлерді бағалау кемінде 2 және ішкі стейкхолдерлерді бағалау 2.5-тен астам);
  • 1-квадрант – маңызы аз тақырыптар (кемінде 2.5 сыртқы және ішкі стейкхолдерлерді бағалау)

Маңызды тақырыптар тізімі

 

Экономикалық тақырыптар

1

Экономикалық нәтижелілік (мысалы, кірістер, пайда)

2

Нарықтарға қатысу (мысалы, өңірлердегі жалақы мөлшері, жергілікті халықтан басшылардың үлесі сияқты)

3

Тікелей емес экономикалық әсерлер (мысалы, инфрақұрылымдағы инвестициялар сияқты)

4

Сатып алу практикалары (мысалы, жергілікті өнім берушілерге шығыстардың үлесі сияқты)

5

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (мысалы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді бағалау)

6

Бәсекелестікке қарсы іс-қимыл (мысалы, монополияға қарсы реттеуді жүргізу)

7

Салық ақпараты (мысалы, салықты басқарудағы ашықтық)

 

Экологиялық тақырыптар

8

Материалдарды пайдалану (мысалы, қайта өңделген/қайта пайдаланылатын материалдар сияқты)

9

Энергия (мысалы, энергияны тұтыну, энергияны үнемдеу сияқты)

10

Су және ағынды сулар (мысалы, су тұтыну көлемі, су көздеріне әсері сияқты)

11

Биоалуантүрлілік (мысалы, Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар әлемінің түрлерін сақтау сияқты)

12

Шығарындылар (мысалы, парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары, климаттың өзгеруі)

13

Қалдықтар (мысалы, қалдықтарды қайта өңдеу, қауіпті қалдықтарды басқару)

14

Экологиялық сәйкестік (мысалы, экологиялық айыппұлдар немесе санкциялар сияқты)  

15

Өнім берушілерді экологиялық бағалау (мысалы, жеткізу тізбегіндегі теріс экологиялық әсер сияқты)

 

Әлеуметтік тақырыптар

16

Жұмыспен қамту (мысалы, кадрлардың тұрақтамауы немесе қызметкерлерге жеңілдіктер беру сияқты)

17

Қызметкерлердің және басшылықтың өзара қарым-қатынасы (мысалы, қызметкерлерді ынталандыру сияқты)

18

Жұмыс орнындағы денсаулық және қауіпсіздік (мысалы, өндірістік жарақаттану деңгейі немесе кәсіби сырқаттану қаупі сияқты)

19

Даярлау және білім беру (мысалы, қызметкерлерді оқыту немесе мансапты дамыту сияқты)

20

Алуантүрлілік және тең мүмкіндіктер (мысалы, әйелдер мен ерлердің теңдігі сияқты)

21

Кемсітуге жол бермеу (мысалы, кемсіту фактілерін қарау)

22

Қауымдастықтар еркіндігі және ұжымдық шарттарды жүргізу (мысалы, мұндай құқықтар мен бостандықтарды бұзу)

23

Балалар еңбегі (мысалы, мәжбүрлі балалар еңбегін пайдалану)

24

Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек (мысалы, мұндай еңбекті түп-тамырымен жою жөніндегі тәуекелдер мен күш-жігерлер)

25

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету практикалары (мысалы, адам құқықтары бойынша қауіпсіздік қызметін оқыту)

26

Адам құқықтарының сақталуын бағалау (мысалы, адам құқықтарын сақтау бойынша оқыту)

27

Жергілікті қауымдастықтар (мысалы, жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл бағдарламасы сияқты)

28

Өнім берушілерді әлеуметтік бағалау (мысалы, өнім берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін бағалау сияқты)

29

Мемлекеттік саясат (мысалы, саяси мақсаттарға арналған қайырмалдық сияқты)

30

Тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігі (мысалы, тауарлардың /қызметтердің тұтынушылардың денсаулығына әсері сияқты)

31

Маркетинг және өнімдер мен қызметтер туралы хабардар ету (мысалы, осындай талаптарды сақтау сияқты)

32

Тұтынушыға қол сұғылмаушылық (мысалы, тұтынушылардың қол сұғылмаушылығының бұзылуы)

33

Әлеуметтік-экономикалық сәйкестік (мысалы, заңнаманы қадағалау немесе айыппұлдар сияқты)

 

Салалық тақырыптар

34

Бағаланып дәлелденген қорлардың және өндірудің (мұнай мен газдың) көлемі мен түрі

35

Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар (мысалы, күн/жел электр станциялары, жаңартылатын энергия пайдалану көлемі сияқты)

36

Қызметті жүзеге асыру өңірлеріндегі биоәртүрлілікке әсер ету мониторингі

37

Қабаттағы немесе өндірілетін судың көлемі және оны кәдеге жарату  

38

Жағылған көмірсутектердің және парниктік газдар ағып кетуінің көлемі

39

Бұрғылау қалдықтарының (бұрғылау ерітіндісі мен шламның) саны

40

Отындағы бензол, қорғасын және күкірттің құрамы

41

Қызметті жүзеге асыру өңірлеріндегі халықпен өзара іс-қимыл стратегиясы мен бағдарламалары, даулар мен жанжалдарды шешу және жергілікті халықпен талқылау 

42

Өндірістік объектілерді пайдаланудан шығару, халықты мәжбүрлеп көшіру (қызметті жүзеге асырудың салдары сияқты)

43

Технологиялық процестердің тұтастығы мен қауіпсіздігі (төгілудің алдын алуды және төтенше жағдайларға дайындықты қоса алғанда)

Бастамалар және мүшелік

БАСТАМАЛАР

Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ тұрақты жалындатып жағуды толық тоқтату» бастамасы

ҚМГ 2015 жылы аталған бастаманы қолдады. Ол үкіметті, мұнай компанияларын және 2030 жылдан кешіктірмей ілеспе мұнай газын (ІМГ) тұрақты жалындатып жағу тәжірибесін тоқтату үшін ынтымақтасуға келіскен даму ұйымдарын біріктіреді. Біздің мақсатымыз – ІМГ тиімді пайдалану және кәдеге жарату деңгейін арттыру, ең аз дегенде жалындатып жағу мәліметі. Біз Дүниежүзілік банкке қол жеткізген прогресс туралы жыл сайын есеп береміз.

Жаһандық Метан Бастамасы

ҚМГ Есептіліктің жаһандық бастамасын (ЖМБ) қолдайды және Орнықты даму туралы есеп шеңберінде барлық мүдделі тараптарға өзінің экологиялық қызметі туралы ақпаратты ұдайы жариялайды. 2017 жылы ҚМГ метан шығарындыларын азайту бойынша ҚМГ қызметі шеңберінде ЖМБ жобалық желісіне қосылды, ол метан шығарындыларын азайту бойынша, сондай-ақ метанды қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі жобаларға мүдделі жеке сектор субъектілерінің, қаржы мекемелері мен басқа да үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өсіп келе жатқан қоғамдастығын білдіреді. ЖМБ серіктестері болып табылатын елдермен жұмыс істей отырып, Жобалық желі мүшелері метан бойынша нақты жобалар үшін негізін дайындап, қызметті жандандыра алады.

CDP климаттық бағдарламасы

2020 жылы ҚМГ алғаш рет Румыния мен Грузиядағы еншілес ұйымдарды қоса алғанда, ҚМГ барлық активтері бойынша парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының деректерін қамтитын CDP (Carbon Disclosure Project) Климаттық бағдарламасы шеңберінде 2019 жылғы парниктік газдар шығарындылары бойынша есепті жариялады. Алғаш рет 2019 жылдың қорытындысы бойынша CDP су қауіпсіздігі бойынша сауалнама жарияланды.

Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілік рейтингі

Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту, сондай-ақ осы саладағы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ҚМГ 4-ші жыл қатарынан Ресейдің WWF, Ұлттық рейтингтік агенттік және Creon Group тәуелсіз сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпараттарының ашықтығы рейтингінде 1-ші орын алады.

Рейтинг әдістемесі корпоративтік практикада сыналды және екінші жыл қатарынан «Интергаз Орталық Азия» АҚ басқарған ҚМГ ЕТҰ арасында ішкі рейтинг жүргізілуде, сондай-ақ көшбасшылар үштігіне «Ембімұнайгаз» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ кірді.

Компания экологиялық жауапты бизнес жолымен жүруді жалғастыруда, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін дамытуда, осы мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен сұхбат жүргізуде. Осылайша, өз міндеттемелерін орындай отырып, Компанияның экологиялық саясатында көрсетілді.

Рейтинг әдістемесімен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады:https://wwf.ru/whatwe-do/green-economy/ekologicheskiy-reytingneftegazovykh-kompaniy-rf-sovmestnyy-proektwwf-i-kreon/

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ISO

2006 жылдан бастап ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 талаптарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару жүйесіне жұмыс жағдайымен қолдау көрсетіліп отыр. Энергияны тұтынудың елеулі деңгейі бар еншілес және тәуелді ұйымдар ISO 50001 бойынша сертификатталған.

2020 жылы Топтың барлық компаниялары қадағалау аудиттерінен ойдағыдай өтті, олар қолданыстағы интеграцияланған басқару жүйелерінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растады.

Өндіруші салалардың айқындығы бастамасы (ӨСАБ)

Өнеркәсіптің мұнай, газ және тау-кен өндіру салаларынан түскен табыстардың ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететін әлемдік стандарт болып табылады. Біз Бастаманың өзара түсіністік туралы меморандумының шарттарын сақтаймыз және ел бюджетіне салықтар мен басқа да төлемдер бойынша есеп береміз http://eiti.geology.gov.kz/ru/national-reports

Каспий өңірінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі бастама («CEPI» Caspian Environmental Protection Initiative)

2020 жылғы қыркүйекте Баку қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы, BP Exploration (Caspian Sea) Limited, Equinor Apsheron AS және TOTAL E&P Absheron B. V арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Каспий өңірінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі бастаманы құруды көздейді. Бастаманың негізгі мақсаттары қоршаған ортаны қорғау және өңірде жұмыс істейтін халықаралық мұнай компанияларын бірлесіп зерттеу үшін алғашқы платформа құру болып жарияланды. Қатысушы компаниялардың қызметі Каспий өңірінің экологиялық орнықтылығына қатер төндіретін климаттың өзгеруі проблемасын шешу және қоршаған ортаға парниктік газдар мен зиянды заттар шығарындыларының алдын алу мақсатында бірлескен белсенді күш-жігерге бағытталатын болады.

Мұнайдың авариялық төгілуін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бастама/Oil Spill Preparedness Regional Initiative(OSPRI)

Бастаманың мақсаты мұнай өнеркәсібіне және аймақ үкіметтеріне мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі танылған, сенімді, интеграцияланған және орнықты ұлттық, өңірлік және халықаралық шешімдерді қабылдауға ықпал ететін бірлескен жұмысқа жәрдемдесу және қолдау болып табылады. Бастама экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша мұнай-газ өнеркәсібінің Дүниежүзілік қауымдастығы IPIECA арқылы іске асырылады (www.ipieca.org). OSPRI / РИГЛАРН IPIECA үшін халықаралық теңіз ұйымымен (IMO – www.imo.org) және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта мұнайдың төгілуіне әзірлігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу бойынша халықаралық күш-жігерлерін іске асырудың өңірлік құралы болып табылады.

Операциялық тиімділікті арттыру бағдарламасы (PEP). Solomon Associates бенчмаркингі.

Solomon Associates консалтингтік компаниясы мұнай өңдеу зауыттарының ең танымал бенчмаркингін (отын өндірісін зерттеу) құрайды, онда аймақтық және әлемдік ауқымда жүздеген МӨЗ тиімділігінің көрсеткіштері салыстырылады.

Зерттеу нәтижелері МӨЗ-дің нақты деректері арасындағы алшақтықты және көшбасшылардан ауытқуларды анықтайды, ал себептерін анықтау үшін операциялық тиімділікті арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – PEP) әзірлеу және енгізудің келесі кезеңі жүргізіледі.

Жақсартулар Solomon компаниясының үздік тәжірибелерін, сондай-ақ елеулі инвестицияларды талап етпейтін немесе шағын инвестициялық салымдары бар іс-шараларды енгізу арқылы қол жеткізіледі.

Solomon бенчмаркингі нәтижелері негізінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу зауыттары үшін жақсартулардың аса маңызды салалары анықталды:

  • Көмірсутек шығынын азайту;
  • Технологиялық қондырғылардың шығуын оңтайландыру;
  • Энергия сыйымдылығын төмендету;
  • Жөндеу шығындарын азайту.

2020 жылы Solomon Associates компаниясымен бірлесіп «Атырау МӨЗ» ЖШС операциялық тиімділігін үздіксіз жетілдіру процесін іске асыру басталды. Операциялық тиімділікті арттыру бағдарламасын әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыстар «Павлодар НХЗ» ЖШС және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да (PEP) 2021–2022 жылдар кезеңінде жалғастырылатын болады.

МҮШЕЛІК

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ҚМГ мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Келісім тараптардың заңнаманы жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, төреліктегі коммерциялық дауларды шешуді кеңейту және т. б. сияқты құқықтық қызметтің осындай маңызды бағыттарында өзара іс-қимылды көздейді.

«KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы

ҚМГ басшылығы Қауымдастықтың бірнеше комитеттері мен жұмыс топтарының жұмысына қатысады.

KAZENERGY экология, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесіне төрағалық ету ҚМГ үшін Қазақстанның мұнай-газ саласындағы орнықты даму мәселелерін ілгерілетуге мүмкіндік болып табылады.

ҚМГ мен «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандум ҚР заңнамасын жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу; юриспруденция саласындағы актуалды мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т. б. өткізу сияқты құқықтық қызметтің осындай маңызды бағыттарында бірлескен қызметті көздейді.

БҰҰ Жаһандық шарты

Біздің орнықты даму қағидаттарына бейілділігімізді көрсету БҰҰ Жаһандық шартына мүшелік, сондай-ақ Жаһандық шарт қағидаттарын ілгерілету бойынша ҚМГ-нің қол жеткізген прогресі және орнықты даму саласындағы 17 жаһандық мақсаттар туралы хабарлама ретінде БҰҰ ЖШ сайтында орнықты даму саласындағы есепті жыл сайын орналастыру болып табылады.

IOGP Мұнай мен газдың халықаралық өндірушілер қауымдастығы

2018 жылдан бастап ҚМГ IOGP мұнай мен газдың халықаралық өндірушілер қауымдастығының толық құқықты мүшесі болды. Біздің еңбекті қорғау және ҚОҚ бойынша статистикамыз жалпыға қолжетімді болып табылады және біздің көрсеткіштеріміз бүкіл әлем бойынша 75-тен астам мұнай-газ компанияларының көрсеткіштерімен салыстырылатын болады. Біздің стратегиялық мақсатымыз – осы Топ 20 үздік компаниялар тізіміне кіру.

Геофизикалық зерттеулер және ұңғымалардағы жұмыстар бойынша халықаралық ғылыми-техникалық және іскерлік ынтымақтастық қауымдастығы («АИС»)

Бұл мұнай-газ бейініндегі ұйымдарды, кәсіпорындарды, оқу орындарын, зауыттарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Қауымдастықтың басты міндеті геофизикалық зерттеулер мен Қауымдастыққа мүше кәсіпорындар орындайтын жұмыстардың ғылыми-техникалық деңгейін, тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Халықаралық мұнай тасымалдау қауымдастығы/Association of Oil Transporters (IAOT)

2015 жылдан бастап ҚТО МАТН/IAOT мүшесі болып табылады. Қауымдастық қатысушы компаниялардың мұнай тасымалдау жүйелерін тиімді дамыту бойынша күш-жігерді үйлестіруге жәрдемдесу және халықаралық мұнай тасымалдау тұрақтылығын нығайту үшін құрылған.

Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы

Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы (бұдан әрі – Қауымдастық, ҚСҚ) – салық төлеушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, салықтарды ерікті және уақтылы төлеуді қамтамасыз ету мақсатында олардың білім деңгейін арттыру мақсатында 2005 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. Қауымдастық ҚСҚ мүшелерінен келіп түсетін салық салу саласындағы проблемалы мәселелерді, ұсыныстар мен ескертулерді жүйелейді және талдайды. Дөңгелек үстелдер, конференциялар, форумдар және жұмыс топтары шеңберінде мүдделі министрліктер мен салық төлеушілер өкілдері арасындағы диалогтар, сондай-ақ салық салу мәселелері бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар кешені жоспарлы жұмыстың нәтижелері болып табылады.

«Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ

«Қазақстанның машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі құрамына 600-ден астам машина жасау кәсіпорындары кіретін коммерциялық емес қауымдастық болып табылады. Одақ елдің машина жасау саласын тиімді дамыту үшін отандық кәсіпорындарды біріктіру, саланың жүйелі проблемаларын шешуге жәрдем көрсету, ынтымақтастықты жолға қою, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл кезінде олардың мүдделерін білдіру мақсатында құрылды.

«KazWeld» қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы

«KazWeld» қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы Француз Тотал мұнай-газ компаниясының бастамасымен және ел басшылығының қолдауымен құрылды. Қауымдастықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері: отандық дәнекерлеу өндірісінің өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәнекерлеу өндірісінің мамандарын халықаралық стандарттарға сәйкес даярлау санын арттыру және сапасын жақсарту, дәнекерлеу бойынша оқу орталықтарының желісін жолға қою және білім беру, дәнекерлеу өндірісінің персоналын оқыту және аттестаттау/ біліктілігін арттырудың халықаралық стандарттарын енгізу және көптеген тағы басқалары болып табылады.

ҚР инженер-энергетиктер одағы

Заңды тұлғалар бірлестігі – Инженер-энергетиктер одағы – Қазақстанның энергетика кәсіпорындары мен мекемелерінің күш-жігерін біріктіру, энергиямен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге жәрдемдесу, энергияның барлық түрлерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау, энергетика саласының, атап айтқанда, өнеркәсіптік энергетиканың нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттамасын әзірлеу, республикада энергия үнемдеуді ұйымдастыру, халық шаруашылығының осы аса маңызды саласында жұмыс істейтін энергетикалық персоналдың біліктілігін арттыру үшін 1999 жылы құрылған.

«IRIS» ұлттық бизнес қауымдастығы

«IRIS» ұлттық бизнес қауымдастығы – кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының іскер топтар өкілдерін біріктіретін коммерциялық емес ұйым; мемлекеттік билік және басқару органдарының кәсіпкерлікті дамытуға мүдделілігін арттыру, Қауымдастықтың барлық мүшелерінің өз мүдделерін еркін білдіру және қорғау мүмкіндігін беру және т. б.

ҚР теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы

Қауымдастық Қазақстан Республикасында теңіз көлігін дамытуға жәрдемдесу, олардың өндірістік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге және олардың ортақ мүдделерін қорғауға бағытталған қызметін үйлестіру мақсатында заңды тұлғаларды ерікті негізде біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.

«Қазақстанның мұнай-сервис компанияларының қауымдастығы»

Одақ 2011 жылы саладағы проблемаларды шешуде шоғырландырылған тәсіл үшін отандық мұнай сервистік компанияларды біріктіру, бейінді бизнес жүргізілетін елдің өңірлерінде оған қатысушылардың мүдделерін білдіру, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мақсатында құрылды.

«Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығы

Транскаспий халықаралық көлік бағдарында (ТХКБ) орналасқан бірқатар елдер мен компаниялардың мүдделерін біріктіретін және білдіретін ұйым. Қауымдастық қажетті ақпараттық қолдауды қамтамасыз ете отырып, Азиядан Еуропаға және кері бағытта жүк тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылын үйлестіруге арналған. Әкімшілік рәсімдерді оңайлатуға ықпал ету, бәсекелестік орта құру және әртүрлі елдердің компаниялары, оның ішінде географиялық жағынан тікелей халықаралық көлік бағытында орналаспаған компаниялар үшін барынша тиімділікті қамтамасыз ету негізгі мақсаттар мен міндеттер болып табылады. ТМТМ Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзірбайжан, Грузия арқылы және одан әрі Еуропа елдеріне өтеді.

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік қызметкерлері одағы

Одақтың құрамына 46 мүше кіреді, оның ішінде Қазақстан Республикасының 550-ге жуық көліктік-логистикалық компания мен қауымдастық бар. Көлік логистикасын, ҚР жаһандық транзиттік әлеуетін және көліктің барлық түрлерінің синергиясын дамытудың қоғамдық үйлестірушісі.

Oil Spill Response Limited (OSRL) мұнайдың авариялық төгілуін жоюды қамтамасыз етуге арналған халықаралық қауымдастық

Oil Spill Response Limited (OSRL) – 1985 жылы құрылған, мұнай төгілімдерін жоюға маманданған және бүкіл әлем бойынша өз қызметтерін ұсынатын британдық компания. Жүзден астам әлемдік компаниялар OSRL мүшелері болып табылады. Компания тек ашық теңіз бен жағалау суларында ғана емес, мұнай ластануының алдын алуға және жоюға баса назар аударады.

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ

«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2012 жылы заңгерлердің құрылтай съезінде құрылды. Одақтың қызметі еріктілік, тең құқылық, жариялылық, заңдылық, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және ҚР азаматтарымен ынтымақтастық қағидаттарында жүзеге асырылады.

Практикадан мысал

ҚМГ-нің 2019 жылғы орнықты дамуы туралы есебі жылдық есептер мен орнықты даму туралы есептер конкурсында үздік есептер тобына кірді

2020 жылғы 11 желтоқсанда «QRA» рейтингтік агенттігі жылдық есептердің және орнықты даму туралы есептердің 10-шы мерейтойлық конкурсының қорытындысын шығарды. Жыл сайынғы конкурстың лауреаттары мен номинанттарын марапаттау рәсімі онлайн-форматта өтті.

2019 жылы конкурс шеңберінде қазақстандық, оның ішінде 35 қаржы ұйымы және 69 қаржылық емес компаниялардың 111 жылдық есебі бағаланды.

ҚМГ-нің 2019 жылғы орнықты дамуы туралы есебі «Жылдық есептің және орнықты даму туралы есептің Үздік интерактивті нұсқасы» лауреатының дипломын және «Орнықты даму туралы үздік есеп» номинантының дипломын алды.