көрсеткіштер
2020 жылы көмірсутек шикізаты қорларының өсімі, негізінен «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС және т. б. кен орындарын жете барлау және қайта бағалау есебінен 16 млн тоннаны құрады.
Бүгінгі таңда Компанияның операциялық активтеріндегі мұнай өндірудің 85%-ке жуығы жеті негізгі кен орындарына тиесілі: Өзен және Қарамандыбас («Өзенмұнайгаз» АҚ), Қаламқас және Жетібай («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ), С. Нұржанов және Шығыс Молдабек («Ембімұнайгаз» АҚ) және Қаражанбас («Қаражанбасмұнай» АҚ).
«ҚАЗАҚТЕҢІЗКӨЛІКФЛОТЫ» ҰТКК» ЖШС 2020 жылы өз танкерімен Каспий өңірінде 629 мың тонна немесе жоспарлы көрсеткішке қатысты 116% (540 мың тонна) мұнай тасымалдады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қара және Жерорта теңіздерінде мұнай тасымалдау бойынша өндірістік көрсеткіштердің орындалуы 8 361 мың тоннаны немесе жоспарлы көрсеткішке қатысты 166%-ті (5 040 мың тонна) құрады.
Жалпы көлемнің 3 414 мың тоннасын жеке флотпен және 4 947 мың тоннасын жалға алынған кемелер тасымалдады.
Ашық теңіздерде тасымалданғаны:
- Қара теңізде мұнай тасымалдау – 3 420 мың тонна;
- Жерорта теңізінде мұнай тасымалдау – 4 941 мың тонна.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС
2020 жылы битум шығымы 44%-ға жетті (алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 4%-ға артты). Бұл кәсіпорын пайдалануға берілген сәттен бастап рекордтық ең жоғары көрсеткіш болып табылады. 2019 жылмен салыстырғанда, мұнай өңдеу көлемі аз болған кезде битумның көп мөлшері өндірілді:
|
2019 |
2020 |
Мұнай өңдеу көлемі, тонна |
886 |
865 |
Битум өндіру көлемі, тонна |
369 |
370 |
ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ЖАҒАЛАУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ
2020 жылы келесі жобалар сәтті аяқталды:
- Болашақта кеңейту жобасы үшін Теңізшевройл MCV «Barys», «Berkut», «Sunkar» кемелері және «Talas», «Emba» & «Irgiz» буксирлері салынды, жалпы салмағы 57 000 тонна болатын 90 модуль тасымалданды.
- KPI полипропилен өндіру зауытын салу үшін («Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.») Констанца порты (Румыния) – Атырау порты (ҚР) бағыты бойынша жалпы салмағы 3600 тонна 25 бірлік ірі габаритті жүктерді тасымалдайтын 6 баржа мен 36 буксир жұмылдырылды.
- • BERTLING компаниясы үшін 1 баржа іске қосылды, KCOI базасынан (ҚР) Прорва портына (ҚР) 2 бірлік ірі габаритті жүк тасымалданды.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС-нің OCIMF (ірі мұнай компанияларының форумы) талаптарына сәйкестігін бағалау қорытындылары бойынша «А» ең жоғары рейтингі берілді.
2020 жылы контейнер таситын бір MCV («Barys») кемесін жаңғырту жұмыстары басталды.
2020 жылы Атырау қаласында KPI мұнай-химия кешенін салу үшін Констанца портынан Атырау өзен портына 25 бірлік ірі габаритті жүк ойдағыдай тасымалданды.
ҚМГ бақылауындағы ашық теңіздерде мұнай тасымалдау үшін «Афрамакс» типті танкерді сатып алудың инвестициялық жобасына бастамашылық етілді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚМГ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ММГ, ӨМГ және ҚБМ келісімшарттық аумақтарында қалдықтарды кәдеге жарату және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.