Ашықтық
Есеп берушілік
Айқындық
Этикалық мінез-құлық
Мүдделі тараптардың
мүдделерін құрметтеу
Заңдылық
Адам құқықтарын сақтау
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Мүдделер
қақтығысына жол бермеу
Жеке мысал
1-қағидат. Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдауға және құрметтеуге тиіс.
2-қағидат. Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзушылықтарына қатысты болмауы тиіс.
4-қағидат. Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жою үшін әрекет етуге тиіс.
6-қағидат. Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауға тиіс.
8-қағидат. Іскерлік топтар қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды алдын ала қабылдауға тиіс.
10-қағидат. Іскерлік топтар бопсалаушылық пен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы тұруға тиіс.
Тұрақты даму жөніндегі стратегиялық мақсатты іске асырудың нәтижесі корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің, еңбекті, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың жақсартылған көрсеткіштеріне қол жеткізуді, қатысатын өңірлердегі экономикалық әсерді жақсартуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас сапасын жақсартуды, корпоративтік басқару рейтингін, әдеп пен комплаенстің жалпы корпоративтік мәдениетін арттыруды қамтамасыз ететін басқару жүйесін құруға айналуы тиіс.
Тұрақты даму саласындағы Даму стратегиясының іс-шараларын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралардың бірі – орнықты даму жүйесін әзірлеу деп көзделген.
2019 жылы орнықты даму жүйесін іске асыру және енгізу үшін ҚМГ компаниялар тобы үшін орнықты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулық әзірленді.
Тұрақты даму көрсеткіштері бойынша Компания қызметінің тиімділігін арттыру шеңберінде ESG-рейтинг көрсеткіштерін жақсарту жөнінде жаңа корпоративтік ҚНК бекітілді.
2019 жылы Компанияның ESG-рейтингін арттыру бойынша жұмыс басталды, экологиялық, әлеуметтік және басқару үш құрамдас бөлігі бойынша алдын ала бағалау алынды, рейтинг агенттігімен келісім жасалды. Бағалау көпшілік алдында қолжетімді материалдар негізінде жүргізіледі. 2019 жылғы рейтингті бағалау 2020 жылы ұсынылатын болады. ESG рейтингтері компанияны басқару тиімділігін бағалау және ықтимал корпоративтік тәуекелдерді, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік салалардағы тәуекелдерді болжау үшін пайдаланылады.
✓ Компанияның басқарудың барлық деңгейінде орнықты даму қағидаттарына бейілділігі;
✓ орнықты дамудың үш аспектісі бойынша сыртқы және ішкі жағдайды талдау:экономикалық, экологиялық және әлеуметтік;
✓ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы орнықты даму саласындағы тәуекелдерді айқындау;
✓ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және стейкхолдерлер картасын құру;
✓ орнықты даму саласындағы мақсаттар мен ҚНК айқындау;
✓ орнықты даму саласындағы басым бағыттарды (бастамаларды) іске асыру;
✓ орнықты дамуды негізгі бизнес-процестерге біріктіру;
✓ орнықты даму саласында Компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
✓ орнықты даму бойынша жыл сайынғы есеп беру процесін ұйымдастыру;
✓ орнықты даму саласындағы нәтижелілікті өлшеу;
✓ орнықты даму процесін жетілдіру.
ESG рейтингінің болуы қызметі орнықты даму қағидаттарына сәйкес келетін компаниялармен жұмыс істеуге бағдарланған инвесторлар мен клиенттер тарапынан мүдделілікті арттыруы мүмкін.
Тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларды басшылыққа ала отырып, Компания БҰҰ ЖШ2 қағидаттарын ұстанады және ОДМ3 өз қызметіне біріктіреді.
ҚМГ ОДМ іске асыру бастамасын қолдады. Мақсатты көрсеткіштерді белгілей отырып, Компания үшін қолайлы ОДМ-ны іске асыру бойынша бастамаларды әзірлеу жоспарлануда.
ОДМ-ны есепті деректермен интеграциялау бізге ОДМ міндеттеріне қол жеткізу бойынша ілгерілеуді неғұрлым тиімді бағалауға және орнықты даму қағидаттарын іске асыруда Компания қызметінің көрсеткіштерін жетілдіру үшін күш-жігерді бағыттауға мүмкіндік береді.
2) БҰҰ ЖШ: https://www.unglobalcompact.org/what-is-gc
3) ОДМ туралы неғұрлым толығырақ: https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/sustainable-development-goals
Құндылықтар, қағидаттар, стандарттар және мінез-құлық нормалары ҚМГ іскерлік этика кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) бекітілген және корпоративтік этика талаптарының жиынтығын көрсете отырып, іскерлік мінез-құлықтың және мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынасты жүргізудің неғұрлым маңызды қағидаларын айқындайды.
ҚМГ осы Кодекстің ережелерін ҚМГ акционерлерімен, қызметкерлермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, әріптестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен іскерлік шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да өзара қарым-қатынастарда қабылдайды және қадағалайды.
Кодекс ашық құжат болып табылады және ҚМГ іскерлік серіктестері мен басқа да мүдделі тұлғалар арасында еркін таратылады. Сондай-ақ ол Компанияның сайтындағы «Корпоративтік құжаттар» бөліміне орналастырылған.
Ашықтық
Жауапкершілік
Айқындылық
Этикалық
мінез-құлық
Құрмет
Заңдылық
Кәсібилік
Әділеттілік
Сыбайлас
жемқорлыққа
төзбеушілік
Мүдделер
қақтығысына
жол бермеушілік
Экологиялық
жауапкершілік
Қауіпсіздік
Қызметкерлердің құқықтарын сақтаудың алдын алу мақсатында қызметкерлердің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тарапынан құқыққа қарсы әрекеттердің барлық фактілері туралы нақты уақыт режимінде құпия және қолжетімді ақпарат құралдары ұйымдастырылған.
Компания тобының кез келген қызметкері немесе өзге тұлға ҚМГ және оның ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын басқа қызметкерлердің, контрагенттердің немесе өзге тұлғалардың іс-қимылының заңдылығына күмән туындаған жағдайда бұл туралы басшылыққа, өзінің тікелей басшысына және комплаенс қызметіне хабарлай алады.
Осы хабарламалар құпиялылықты қамтамасыз ететін мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін:
«Жедел байланыс желісі» байланыстары ҚМГ корпоративтік сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған.
Осыған ұқсас мәліметтер ЕТҰ сайттарында бар.
Барлық хабарламаларды, оның ішінде анонимді хабарламаларды сыртқы тәуелсіз компанияның операторлары қабылдайды және өңдейді, бұдан әрі олардың кәсіби және құпия қаралуын қамтамасыз ететін ҚМГ комплаенс қызметіне беріледі. Комплаенс қызметі тоқсан сайынғы негізде Директорлар кеңесіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты жеткізеді. 2019 жылы «Жедел байланыс желісі» 42 өтініш (2018 жылы 24 өтініш) алды.
Әртүрлі байланыс арналарынан алынған барлық өтініштер есепке алынып, статистикалық талдау жүргізіліп жатқанын атап өтеміз. Есепті 2019 жылы компаниялар тобының Ақпараттық сенім жүйесі бойынша ғана 185 өтініш пен шағым (2018 жылы – 67, 2017 жылы – 60 шағым) келіп түсті, солардың ішінде өтініштердің 10 %-дан астамы жалақы деңгейіне, еңбек қауіпсіздігі жағдайларына және т. с. с. байланысты қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау мәселелеріне қатысты болды. ҚМГ басшылығының жеке қабылдауы және пошта байланысы шеңберінде 48 өтініш келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың тағы 38 өтініші пошта хабарламасы арқылы және жеке қабылдаудан келіп түсті, солардың ішінде өтініштердің 13 %-ы қызметкерлердің құқығын бұзуға қатысты болды.
Барлық келіп түскен өтініштер мен шағымдар өтініш иелеріне шараларды қабылдай және хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралды. ҚМГ барлық түскен хабарламалардың сапалы, әрі уақытылы қаралуына кепілдік береді.
Компания қызметкерлері бекітілген іскерлік этика нормаларын, заңнама және ҚМГ ішкі құжаттарының нормаларын бұзған жағдайда, Омбудсмен мәні бойынша құзыретіне осындай өтініштерді шешу жататын ҚМГ уәкілетті органдары мен ҚМГ құрылымдық бөлімшелеріне қарауға және шешім қабылдауға одан әрі жіберу үшін материалдар қалыптастырылады. Омбудсмен Іскерлік этика кодексі ережелерінің, ҚР заңнамасы нормаларының және ішкі құжаттардың бұзылуы туралы мәліметтерді қараудың құпиялылығына, бейтараптығына және қасақана еместігіне кепілдік береді. Жүгінуші адамның құқықтарына оның арызын қарау кезінде де, ол бойынша шешім қабылданғаннан кейін де нұқсан келмеуі тиіс
Омбудсмен қызметінің 2019 жылғы қызметі туралы
ҚМГ Омбудсмен қызметінің іс-әрекеті орнықты даму саласында бекітілген қағидаттарға сәйкес жүргізіледі. Есепті кезеңде Іскерлік этика кодексінің талаптарымен, Омбудсменнің функциялары мен міндеттерімен танысу, қызметкерлердің қаралған өтініштерін талдау мақсатында 22 ЕТҰ-да басшылық, кәсіподақтар және келісу комиссияларының өкілдерімен, кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, заң қызметтерінің қызметкерлерімен, ЕТҰ инженерлік-техникалық қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Барлық келіп түскен өтініштер бойынша туындаған проблемалық мәселелерді реттеу үшін барлық қажетті шаралар, оның ішінде ұсынымдық сипаттағы, сондай-ақ бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылданды. 2019 жылы Омбудсмен 18 өтінішті қарады. Омбудсмен қызметінің қанағаттанушылығы даулар мен қақтығыстардың тараптарынан бағалау, пікірлер негізінде айқындалады. Ағымдағы кезеңде алынған жоғары нәтижелер мәселелерді шешуде омбудсменның қызметін көрсетеді
ҚМГ басшылығымен бірлесіп, жыл қорытындысы бойынша ҚМГ қызметкерлеріне сыйақы төлеу мәселесі шешілді. Омбудсменнің негізгі міндеті дауларды, қақтығыстарды, проблемалық мәселелерді ерте алдын алу және реттеу арқылы ҚМГ рейтингі мен имиджін арттыруға жәрдемдесу болып табылатынын ескере отырып, Омбудсмен қызметі келіп түскен өтініштерге (сигналдарға) уақытылы ден қояды. 2019 жылы Омбудсмен қызметі ҚМГ Директорлар кеңесіне қызмет қорытындылары бойынша 2 есеп жіберді. ҚМГ Директорлар кеңесі қызмет бойынша есептерге лайықты түрде көңіл бөліп отырады. ҚМГ Омбудсмені орнықты даму және барлық бизнес-бағыттар бойынша ESG рейтинг мәселелерін интеграциялау үшін жауапкершілікті айқындай отырып, орнықты даму саласындағы басқару жөніндегі тұрақты әрекет ететін жұмыс тобына белсенді қатысады.
Осы матрица тақырыптардың маңыздылық деңгейі бойынша 4 шартты аймаққа (квадрантқа) бөлінген:
4-квадрант — өте маңызды тақырыптар (сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің бағалауы 2.5 астам);
3-квадрант — сыртқы стейкхолдерлер үшін маңызды, бірақ ішкі стейкхолдерлер үшін маңызды емес тақырыптар (сыртқы стейкхолдерлердің бағалауы 2.5 артық және ішкі стейкхолдерлердің бағалауы 2.5 кем);
2-квадрант — ішкі стейкхолдерлер үшін маңызды, бірақ сыртқы стейкхолдерлер үшін маңызы аз тақырыптар (сыртқы стейкхолдерлердің бағалауы 2.5-тен кем және ішкі стейкхолдерлердің бағалауы 2.5-тен астам);
1-квадрант — маңызы аз тақырыптар (сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің бағалауы 1-ден кем)
CDP климаттық бағдарламасы
2019 жылы ҚМГ алғаш рет Румыния мен Грузиядағы еншілес ұйымдарды қоса алғанда, ҚМГ барлық активтері бойынша парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының деректерін қамтитын CDP (Carbon Disclosure Project) Климаттық бағдарламасы шеңберінде 2018 жылғы парниктік газдар шығарындылары бойынша анықталған есепті жариялады.
2019 жылғы 13 желтоқсанда QRA рейтинг агенттігі ұйымдастырған Жылдық есептердің жыл сайынғы байқауының лауреаттары мен номинанттарын марапаттау рәсімі өтті. 2019 жылы конкурс шеңберінде қазақстандық, оның ішінде 35 қаржы ұйымы және 69 қаржылық емес компаниялардың 111 жылдық есебі бағаланды.
«Үздік жылдық есеп» санатында лонгпарақты анықтау кезінде Қазақстанда шығарылған жылдық есептер талданады, бұл ретте контентке басты назар аударылады – ақпараттың барынша толық және сапалы ашылуымен сипатталатын құжаттар таңдалды.
Алдын ала талдау қорытындысы бойынша қалыптастырылған, он есептен тұратын шорт-парақ құрамына корпоративтік басқару және есептілікті дайындау саласындағы кәсіби мамандар кірген Сараптамалық комиссияның дауыс беруіне шығарылды. ҚМГ орнықты дамуы туралы есеп қазақстандық компаниялар арасында «Үздік жылдық есеп» (ЖЕ+ОДЕ), «Жылдық есептілікте ESG-ақпаратты үздік ашу» (ОДЕ) ретінде бірінші орынға ие болды.