2021 жылы көмірсутек шикізаты қорларының жиынтық өсімі негізінен «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚМГ Қашаған Б.В.» және «Қаражанбасмұнай» АҚ кен орындары есебінен 39,2 млн тоннаны құрады. КСШ қорлары өсімінің негізгі үлесі Өзен кен орнын жете барлау бойынша нәтижелерге тиесілі.
Қазіргі уақытта Компанияның операциялық активтерінде мұнай өндірудің 73%-ы жеті негізгі кен орнына тиесілі: Өзен және Қарамандыбас («Өзенмұнайгаз» АҚ), Қаламқас және Жетібай («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ), С. Нұржанов және Шығыс Молдабек («Ембімұнайгаз» АҚ), Қаражанбас («Қаражанбасмұнай» АҚ).
ҚТКФ 2021 жылы өзінің танкерлік флотымен Каспий өңірінде 537 мың тонна мұнай тасымалдады, бұл жоспарлы көрсеткішке қатысты 99% (540 мың тонна) құрайды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Қара және Жерорта теңіздерінде мұнай тасымалдау бойынша өндірістік көрсеткіштердің орындалуы 9 318 мың тоннаны немесе жоспарлы көрсеткішке қатысты 185% (5 040 мың тонна) құрады.
Жалпы көлемнің 2 718 мың тоннасын жеке флот және 6 600 мың тоннасын жалға алынған кемелер тасымалдаған.
Ашық теңіздерде тасымалданғаны:
– Қара теңіздегі мұнай тасымалы – 3 546 мың тонна;
– Жерорта теңізіндегі мұнай тасымалы – 5 772 мың тонна.
«Сәтті» өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысы (ӨЖБҚ) — бұл әлемдік стандарттарға сәйкес тұтастай Қазақстанда салынған алғашқы бұрғылау қондырғысы. ӨЖБҚ судың тереңдігі 5-тен 80 метрге дейін болғанда тереңдігі 6 000 метрден астам теңіз ұңғымаларын бұрғылауды жүзеге асыруға қабілетті 3 тіректегі B класындағы Keppel FELS конструкциясына жатады.
2019-2021 жылдары Баку қаласында Caspian Drilling Company Ltd компаниясы базасының аумағында ӨЖБҚ модификациясы жүргізілді. ӨЖБҚ модификациясы оның жүк көтергіштігін 453-тен 680 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
2021 жылы ӨЖБҚ BP компаниясының Shallow Water Absheron Peninsula құрылымында Каспий теңізінің әзірбайжан секторында бұрғылау операцияларына кірісті.
Жобаны іске асыру ҚМГ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді, теңіз бұрғылау көшбасшыларының қатарына кіруге және әлемдік өлшемдерге сәйкес өндірістік персоналдың кәсіби даярлық деңгейін жақсартуға мүмкіндік берді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚМГ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында ММГ, ӨМГ және ҚБМ келісімшарттық аумақтарында қалдықтарды кәдеге жарату және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде