Компания туралы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыратын бірегей тігінен біріктірілген мұнай-газ операторы.
ҚМГ «Ел экономикасының мұнай-газ секторында мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 248 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 811 қаулысына сәйкес құрылды. ҚМГ «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы», «Мұнай және газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының және «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамының құқықтық мирасқоры болып табылады. ҚР Үкіметі атынан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚМГ құрылтайшысы болып табылады.
ҚМГ акционерлері: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) (90,42%) және «ҚР Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі (9,58%).
ҚМГ компаниялар тобының құрамына дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ҚМГ-ға тиесілі 110 компания кіреді, оның ішінде 56 компания ҚР аумағында орналасқан.
Қалған активтер Румыния, Грузия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Болгария, Молдова, Ресей, Түркия, Ұлыбритания, БАӘ, Британдық Виргин аралдары, Маршалл аралдары, Багамалар, Бермудтар сияқты елдерде орналасқан.
Топтағы заңды тұлғаларды қысқарту, оның ішінде қосалқы холдингтерді тарату/қайта ұйымдастыру есебінен қысқарту жекешелендіру бағдарламалары мен дивестициялар шеңберінде жүргізіледі.
2020 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңа «Жекешелендірудің 2021 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекітті (ҚР Үкіметінің 29.12.2020 ж. №908 қаулысы), оның шеңберінде ҚМГ құрылымына кіретін 48 (қырық сегіз) компанияны шығару көзделген, оның 22-сі (жиырма екеуі) Дивестициялар бағдарламасына енгізілген.
2021 жылғы 9 желтоқсанда ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен (19/2021 хаттама 28-тармақ) 2021 жылғы 04 қарашадағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық емес активтерінің бекітілген тізбесіне (Дивестициялар бағдарламасы) өзгерістер енгізілді, ол 2021-2025 жылдар аралығындағы кезеңде 47 компанияны шығаруды көздейді.
ҚМГ акционерлері:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ)

«ҚР Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Дивестиция бағдарламасы аясында 2021 жылы 6 компания сатылды:
- «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС қатысу үлесінің 100%-ы
- «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС қатысу үлесінің 99,8%-ы
- «ҚазМұнайГаз-Инжиниринг» ЖШС қатысу үлесінің 100%-ы
- Rominserv Valves Iaifo S.R.L қатысу үлесінің 100-ы
- Palplast S.A. қатысу үлесінің 98,82%-ы
- «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС қатысу үлесінің 49,99%-ы
6 компания таратылды:
- Rompetrol Albania Sh.A.
- Rompetrol Albania Downstream
- Rompetrol Albania Wholesale
- Rompetrol Distribution Albania
- Rompetrol Ukraine LTD
- Agat LTD
2021 жылғы 9 қарашада ҚМГ мен «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) арасында жасалған 2021 жылғы 3 қарашадағы ҚТГ жай акцияларының 100%-ын сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес ҚТГ акциялары Қордың пайдасына берілді.
ҚҰН ЖАСАУДЫҢ ӨНДІРІСТІК ТІЗБЕГІ

Осыған байланысты ҚМГ құрылымынан 14 компания шығарылды:
- «ҚазТрансГаз» АҚ
- «КазТрансГаз Аймақ» АҚ
- «Интергаз Орталық Азия» АҚ
- «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС
- «АвтоГазАлматы» ЖШС
- «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» ЖШС
- «Азиялық газқұбыры» ЖШС
- «Азиялық газқұбыры-Хоргос» ЖШС (50%)
- «ҚазТрансГаз-Бішкек» ЖШҚ
- «Амангелді Газ» ЖШС
- «Qazaq Gas Qurylys» ЖШС
- KTG Finance B.V
- «КазМунайГаз-Сервис NS» АҚ
- «Отан Газ» ЖШС
Каучук өндіру жобасын «Татнефть» ЖАҚ-мен бірлесіп жүзеге асыру мақсатында «Бутадиен» ЖШС-ға қатысу үлесінің 25%-ы сатып алынды.
2021 жылы барлығы: 20 компания сатылды, 6 компания таратылды, 1 компания сатып алынды.
ҚМГ ресурстарынан өндірілген мұнай өнімдерін жеткізу үлесі мен бағыттары бойынша бөле отырып экспорттау
р/с № |
Мұнай өнімдері |
2021 жылдың 12 айындағы нақтысы |
||
көлемі, т |
Елдер |
Үлес, % |
||
1 |
Мазут |
541 967 |
Еуропа |
100 % |
2 |
ТАжҚ* |
165 724 |
Еуропа |
100 % |
3 |
Тазалығы жоғары Параксилол |
25 172 |
Қытай |
100 % |
4 |
Жазғы дизель отыны, К4, К5, Е-К4 |
19 198 |
Еуропа |
34 % |
28 461 |
Өзбекстан |
50 % |
||
9 465 |
Тәжікстан |
17 % |
||
5 |
Бензол |
3 523 |
Ресей |
100 % |
6 |
Жиынтық Кокс |
28 790 |
Қытай |
59 % |
20 121 |
Ресей |
41 % |
||
7 |
Қыздырылған Кокс |
10 819 |
Қытай |
65 % |
5 918 |
Ресей |
35 % |
||
8 |
Күкірт |
12 069 |
Еуропа |
71 % |
4 885 |
Африка, Нигерия |
29 % |
||
9 |
Газ (Бутан) |
489 |
Тәжікстан |
50 % |
482 |
Ресей |
50 % |
||
|
Барлығы: |
877 083 |
|
|
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) далалық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын тиеп жөнелтуді жүзеге асырады, сондай-ақ жылыту кезеңінде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерді мазутпен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ ҚМГ «ҚМГ-Аэро» ЖШС арқылы және биржалық сауда-саттық арқылы 2021 жылы 9 жергілікті әуежай мен авиакомпания, сондай-ақ 7 коммерциялық компания үшін авиациялық отын өткізді:
- «Астана халықаралық әуежайы» АҚ
- «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ
- «Шымкент әуежайы» АҚ
- «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ
- Deutsche Lufthansa Aktiengesellschaft (Германия)
- Aerofuels Overseas Limited (Ресей)
- «Эйр Астана» АҚ
- «QAZAQ AIR» АҚ
- «Scat» АҚ
- «ҚазАвиаСпас» АҚ
- «Винес Трейдинг» ЖШС
- «Asia Invest Industries» ЖШС
Jet-A1 авиаотын өндірісі
2020 жылдан бастап ҚР барлық МӨЗ JET-A1 халықаралық класты авиаотын өндіруге технологиялық дайын.
Бұл ретте мыналар назарға алынады:
- Отандық авиакомпаниялардың әуе кемелерінің JET А-1 маркалы авиаотынды пайдалануға дайындығы;
- Халықаралық нарыққа жеткізу мүмкіндігі;
- ҚР әуежайларының тартымдылығын арттыру;
- ҚР әуежайларының жанармай құю кешендерін халықаралық стандарттар бойынша дамыту мүмкіндігі.
ТС-1 және РТ маркалы авиаотындарымен салыстырғанда JET А-1 маркалы авиаотынның негізгі артықшылықтарының бірі JET А-1 маркалы авиаотынның жақсартылған өрт, жарылыс қауіпті қасиеттері болып табылады.
Мұнай өнімдерінің қалған көлемі сырттан сатып алушыларға ішкі нарықта және экспортқа сатылады.
2021 жылдың 1-тоқсанында ҚМГ дизель отынын (57 мың тонна) экспорттады. Ашық түсті мұнай өнімдері экспорты көлемінің 2020 жылмен салыстырғанда 79%-ға төмендеуі ҚР ішкі нарығында тұтынудың өсуіне байланысты.
2021 жылы мұнай өнімдерін экспорттық жеткізу құрылымында қара мұнай өнімдерін Еуропаға жөнелту басым болды. Дизель отынының, мұнай химиясының, кокстың, күкірттің және бутанның көлемі Еуропаға, Қытайға, Нигерияға, Ресейге, Өзбекстан мен Тәжікстанға жеткізілді.
ҚМГ кейіннен үш мұнай өңдеу зауытында (батыста Атырау МӨЗ, шығыста Павлодар МХЗ және республиканың оңтүстігінде «ПКОП» ЖШС МӨЗ (Шымкент қаласы)) өңдеу үшін 2021 жылы Батыс Қазақстанда орналасқан төрт еншілес мұнай өндіруші компаниядан мұнай сатып алды.
Мұнай мен оны өңдеу бойынша қызметтердің жалпы құны 423 млрд теңгені құрады.
ҚР Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес ҚМГ 2021 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласындағы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС МӨЗ-де (бұдан әрі – ПҚОП) мұнай өңдеуге және өндірілген мұнай өнімдерін сатуға кірісті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ПҚОП-та барлығы 147 мың тонна ҚМГ мұнай өңделді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерінің биржалық саудасына белсенді түрде кірісті. 2021 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша электрондық сауда алаңдарында сұйытылған мұнай газы көлемінің 75%-ы және ашық түсті мұнай өнімдері көлемінің 10%-ы сатылды.
Қазақстан Республикасында өндірілген ҚМГ мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу, мың тонна
Өнім |
2019 |
2020 |
2021 |
||||||
ішкі нарық |
экспорт |
барлығы |
ішкі нарық |
экспорт |
барлығы |
ішкі нарық |
экспорт |
барлығы |
|
Бензин |
789 |
37 |
826 |
647 |
163 |
810 |
1 195 |
0 |
1 195 |
Дизель отыны |
1 028 |
0 |
1 028 |
930 |
115 |
1 045 |
1 291 |
57 |
1 348 |
Авиациялық отын |
85 |
0 |
85 |
65 |
0 |
65 |
120 |
0 |
120 |
Мазут |
188 |
469 |
657 |
211 |
402 |
613 |
241 |
542 |
783 |
Вакуумдық газойль |
0 |
167 |
167 |
0 |
155 |
155 |
0 |
166 |
166 |
Битум |
65 |
0 |
65 |
87 |
0 |
87 |
83 |
0 |
83 |
Кокс |
40 |
51 |
91 |
61 |
57 |
118 |
79 |
66 |
145 |
Күкірт |
2 |
13 |
15 |
6 |
5 |
11 |
3 |
17 |
20 |
Бензол |
0 |
12 |
12 |
0 |
19 |
19 |
0 |
4 |
4 |
Параксилол |
0 |
55 |
55 |
0 |
90 |
90 |
0 |
25 |
25 |
Сұйытылған газ |
114 |
0 |
114 |
133 |
1 |
134 |
162 |
1 |
163 |
Пеш отыны |
7 |
0 |
7 |
6 |
0 |
6 |
4 |
0 |
4 |
Технологиялық отын |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
382 |
0 |
382 |
Өзге |
14 |
0 |
14 |
15 |
0 |
15 |
18 |
0 |
18 |
Барлығы |
2 332 |
804 |
3 136 |
2 161 |
1 007 |
3 167 |
3 577 |
877 |
4 454 |
Елдің ішкі нарығы отандық өндірістегі мұнай өнімдерімен 100% қамтамасыз етілді.
Кеден одағының 013/2011 «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне (бұдан әрі – КО ТР) сәйкес шығарылатын отынның сапасы К4 және К5 экологиялық кластарына (Еуро-4 және Еуро-5 аналогтары) сәйкес келеді.
КО ТР сәйкес автомобиль бензинінде және дизель отынында құрамында металл бар қосындыларды (құрамында марганец, қорғасын және темір бар қосындыларды) қолдануға жол берілмейді, күкірт мөлшері 50 мг/кг артық емес, бензол 1% артық емес болып белгіленді.
ҚР МӨЗ-дерін жаңғыртудың мақсаты – шығарылатын мотор отындарының сапасын К-5 класс деңгейіне дейін (Евро-5 стандарт аналогы) арттыру.
Бұл ретте, көлік құралдары қозғалтқыштарының жұмысы кезінде пайдаланылған газдардан адам денсаулығына антропогендік әсердің басым көзі болып табылатын шығарылатын мотор отындарында зиянды заттардың құрамы төмендеді:
- күкірт бойынша 10 есе (күкірт тотығының түзілу көзі);
- хош иісті заттар бойынша 1,5 есе (күйе түзілу көзі);
- бензол бойынша 5 есе (бензопереннің пайда болу көзі – канцероген, 1-қауіптілік класына жатады).
Сондай-ақ, 2021 жылы «АМӨЗ» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «ПКОП» ЖШС, «СП «Caspi Bitum» ЖШС-да 2031 жылға дейін энергия, ресурс үнемдеу және атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында шығарылатын өнімнің сапасы туралы ақпарат МӨЗ-дің ресми сайттарында қолжетімді:
Компанияның өндірістік қызметі мен қаржылық нәтижелері туралы толығырақ 2021 жылғы жылдық есепте баяндалған https://www.kmg.kz/rus/investoram/reporting-and-financial-result