Біз мүдделі тараптармен белсенді диалог қағидатын іске асыра отырып, өз қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тырысамыз. Жыл сайын біз Компания жұмысының барлық маңызды аспектілері туралы ақпаратты ашамыз. Бұл біздің қызметіміздің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, Қазақстан ішінде де, шетелде де мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға дейін толық өндірістік циклді жүзеге асырады және мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүддесін білдіреді. Қызметтің құрылымы мен түрлерінің күрделілігіне байланысты ҚМГ мүдделі тараптардың кең ауқымымен өзара іс-қимыл жасайды.
ҚМГ мүдделі тараптармен диалогты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою және қарым-қатынасты басқару бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдайды.
ҚМГ-да Мүдделі тараптардың картасы бекітілді, ол тәуелділік (тікелей немесе жанама), міндеттемелер, жағдай (жоғары тәуекел аймақтарына ерекше назар аудара отырып), әсер, әртүрлі (әр алуан) перспективалар ескеріле отырып, тәуекелдер мен ранжирлеу есепке алына отырып жасалды. Қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарлары жасалады.
ҚМГ мүдделі тараптарды айқындау және олармен өзара іс-қимыл кезінде AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың ең үздік практикасын қолданады.
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тәсілдері
Мүдделі тараптардың негізгі топтары |
Өзара әрекеттесу кезіндегі ақпараттық қажеттіліктер |
Ақпаратты ашу әдістері және байланыс арналары |
||
Акционерлер |
|
|
|
|
Инвестициялық қоғамдастық |
|
|
|
|
Қауымдастықтар, жергілікті қоғамдастықтар, қоғамдық ұйымдар |
|
|
|
|
Бұқаралық ақпарат құралдары |
|
|
|
|
Үкімет, жергілікті мемлекеттік органдар |
|
|
|
|
ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдары |
|
|
|
|
Клиенттер, өнім берушілер, серіктестер, басқа ұйымдар |
|
|
|
|
Кәсіподақтар, ҚМГ қызметкерлері |
|
|
|