Компаниядағы тәуекелдерді басқару стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін қауіпті оқиғаларды болдырмауға және олардың пайда болу әсерін шектеуге мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару Компанияның стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару және қаржылық орнықтылықты сақтау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
ҚМГ бизнесті жүргізудің және Компанияны басқарудың негізгі процестеріне тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (ТБКЖ) интеграциялады. ТБКЖ барлық елеулі тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға және мониторингілеуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша уақтылы және барабар шаралар қабылдауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚМГ және оның ЕТҰ ТБКЖ жөніндегі саясат Компания қызметінің барлық түрлеріне қолданылады.
Негізгі ESG тәуекелдері және тәуекелдерді басқару және азайту үшін қабылданатын шаралар:
Тренд (бір жыл ішінде) |
Тәуекел мен ықтимал салдардың сипаттамасы |
Тәуекелді азайту және тәуекелді басқару үшін қабылданатын шаралар |
Өндірістік жарақат алу қаупі Қызметкерлердің еңбекті қорғау саласында белгіленген ережелерді сақтамауы, өндірістік тәртіпті бұзу қызметкерлердің өміріне қауіп төндірудің және денсаулығына зиян келтірудің көзі болып табылады. Әсері: Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу денсаулыққа зиян келтіруге, сондай-ақ өндірістің бұзылуына, қаржылық шығындарға және компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіруге әкелуі мүмкін. 2022 жылы еңбекке жарамсыздық орын алған 35 жазатайым оқиға тіркелді, 36 адам зардап шекті, оның ішінде бір адам қайтыс болды. |
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Компания мыналарды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүргізеді:
«Қорғау» картасын және жұмыс пен жүргізу мінез-құлқын бақылау карталарын пайдалану арқылы Near Miss салдарсыз оқиғалар бойынша есеп беру бағдарламасын іске асыру жалғасуда. ЕТҰ-да Жұмыс қауіпсіздігі бойынша мінез-құлықты бақылау бағдарламасын және Жүргізу қауіпсіздігі бойынша мінез-құлықты бақылау бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. |
|
Экологияға теріс әсер ету қаупі Компанияның қоршаған ортаға қолайсыз экологиялық әсер ету қаупіне және экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін міндеттемелерді қатаңдату қаупіне ұшырау мүмкіндігі бар. Әсері: Экологиялық тәуекелдің іске асуы айыппұлдар, нормативтен тыс төлемдер, қоршаған ортаны қалпына келтіру шығындары түріндегі қаржылық шығындарға, сондай-ақ заңды жауапкершілікке және әлеуметтік-экологиялық шиеленісті арттыруға әкелуі мүмкін. |
Қоршаған ортаны қорғау саласында Компания үшін басым бағыттар:
Қоршаған ортаға қолайсыз экологиялық әсер ету қаупін азайту үшін Компания:
Компания Экологиялық кодекске заңға тәуелді актілерді әзірлеу жөніндегі уәкілетті органдармен жұмыс топтарына белсенді қатысып келеді. |
|
Өндірістік объектілердегі авариялық жағдайлардың, техногендік апаттардың қаупі Компанияның өндірістік қызметінің әлеуетті қаупі бар. Авариялық және штаттан тыс жағдайлар, өндірістік объектілердегі техногендік апаттар нәтижесінде мүлікке, үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупі бар. Есепті кезеңде ірі авариялық жағдайлар тіркелмеген. |
Өндірістік тәуекелдерді азайту мақсатында Компания:
Жыл сайын сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде мүлікті залалдан (кездейсоқ жойылу, жоғалту немесе бүліну қаупінен) ерікті сақтандыру шарттары жасалады. |
|
Климаттық қауіптер және төмен көміртекті даму Компания өз қызметінде энергияға ауысу мен климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерге тап болады, олар мынадай қауіп факторларын қамтиды:
Әсері: Бұл тәуекелдер Компанияның қазба отындарының ірі өндірушісі және парниктік газдар эмитенті ретіндегі қызметіне шығындардың өсуі, кірістіліктің төмендеуі және одан әрі даму мүмкіндіктерін шектеу түрінде теріс әсер етуі мүмкін. Кейбір контрагент елдерде жаңартылатын көздерден алынатын энергия өндірісің көлемінің өсуін күтуге болады, бұл Компания жеткізетін өнімді тұтынудың төмендеуіне әкелуі мүмкін. |
Климаттың өзгеруіне және оның салдарына байланысты тәуекелді азайту шеңберінде Компания тобында мынадай шаралар іске асырылады:
|
|
Қатысу аймақтарындағы әлеуметтік жағдай Компанияда рұқсат етілмеген ереуілдер қаупі бар. Әсері: Компанияның беделіне теріс әсер, өндірістік қызметтің бұзылуына және операциялық шығындардың жоғарылауына, сондай-ақ күрделі шығындар мен жобалар кестесіне әсер. Шикізат тауарларына бағаның өсуі, ел ішіндегі инфляцияның неғұрлым жоғары деңгейі немесе теңгенің әлсіреуі еңбекақы мөлшерінің өзгеруіне қатысты келіссөздерге әсер етуі мүмкін. Есепті кезеңнің басында мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері мен ЕТҰ-ның кейбір қызметкерлері арасында рұқсат етілмеген ереуілдер толқыны өтті. Қаңтар оқиғалары аясында жағдай ушығып кетті (негізгі талаптар: штатқа қабылдау және жалақыны көтеру). Кәсіподақ комитеттерінің жетекшілерімен келіссөздер және еңбек ұжымдарымен кездесулер, сондай-ақ Компания қызметкерлері мен мердігерлер арасындағы жалақы алшақтығын азайту шаралары жүргізілді. Жағдай тұрақталды. |
Әлеуметтік тәуекелдерді төмендету үшін Компанияда мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
Қызметкерлермен кері байланысты қолдау мақсатында ҚМГ компаниялар тобы кәсіпорындарының басшылығы еңбек ұжымдарымен міндетті есеп беру кездесулерін өткізеді. Әрбір кәсіпорында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша жоспарлар әзірленіп, орындалады. |
|
Комплаенс-тәуекелдер Жеке пайда мен мүліктік мүдделерді, оның ішінде оларды үшінші тұлғалар үшін алуға бағытталған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қасақана іс-әрекеттер. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің кез келген фактілері қаржылық залалдың мөлшеріне қарамастан Компания қызметіне мүлдем жат әрекет болып табылады. Әсері: Толығырақ ақпарат «Әдеп және адалдық» бөлімінде берілген. |
Компания ішкі бақылау жүйелерін енгізу және күшейту, үшінші тұлғалар тарапынан да, Компания қызметкерлері тарапынан да заңсыз және жосықсыз әрекеттердің алдын алудың бірыңғай саясатын белгілеу, қызметкерлер тарапынан құқыққа қайшы және жосықсыз әрекеттер жасау фактілері бойынша ішкі тергеулер жүргізу тәртібін белгілеу жөнінде дәйекті жұмыс жүргізеді. Компанияда жетекші әлемдік тәжірибелер ескеріле отырып, саясаттар мен стандарттар, сондай-ақ ішкі және комплаенс-бақылау жүйелерін жетілдіру және күшейту жөніндегі міндеттемелер қолданылады. |
|
Пандемия қаупі (COVID) ҚР-да КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы, ауруға шалдығушылық деңгейі төмендегені байқалды. Алайда тұмаудың және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың жаңа эпидемиологиялық маусымының басталуына байланысты, құрама вирустық аурулардың айтарлықтай ауыр түрлеріне КВИ қабаттасуы жоққа шығарылмайды. Әсері: Толығырақ ақпарат «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау» бөлімінде берілген. 2022 жылдың ақпанында компаниялар тобында пневмониядан бір өлім тіркелді. |
ҚМГ компаниялар тобындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты мониторингі жалғасуда, ЕТҰ апта сайын ҚМГ ҚБО-ға КВИ ахуалы туралы есептерді ұсынады. 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша: ҚМГ компаниялар тобының 53,8 мыңнан астам қызметкері (жалпы санының 82 %-і) бірінші компонентпен вакцинаны алды. Оның ішінде 52,9 мыңнан астам қызметкер (81 %) вакцинацияның толық курсын алды. ҚМГ тобы бойынша 18,9 мың қызметкер немесе (29 %) қайта вакцинацияланды. |
Sustainalytics халықаралық агенттігі ҚМГ ESG тәуекелдерін басқаруды 28,4 балл деңгейінде бағалады. Салыстырмалы рейтингте ҚМГ рейтингтің тұрақты деңгейін сақтай отырып, Sustainalytics агенттігі бағалаған 270 әлемдік мұнай-газ компанияы арасында топ-20-ға кірді. Рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша Компания үшін негізгі ESG сын-қатерлері: көміртекті қарқындылық тренді, жазатайым оқиғалар мен өлім-жітім коэффициенті, су қарқындылығы үрдісі.
ESG тәуекелдерінен туындаған салдарларды азайту үшін ҚМГ өз күш-жігерін өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмауға және алдын алуға, парниктік газдар шығарындыларын жоспарлы түрде төмендетуге, топырақ құнарлығын қалпына келтіру жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлеп бекітуге, сондай-ақ өзі қатысатын өңірлерде су ресурстарын басқару және биоәртүрлілікті сақтау бағдарламаларын әзірлеуге бағыттайды.
Sustainalytics компанияларға ESG рейтингін беру кезінде олардың экология, әлеуметтік жауапкершілік және басқару тәуекелдерін және бәсекелестермен салыстырғанда осы тәуекелдерді басқару мүмкіндігін бағалайды. Sustainalytics рейтингі туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:
https://www.sustainalytics.com/esg-rating/kazmunaygas-nc-jsc/
![]()
Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігі (Амстердам, Нидерланды)
Sustainalytics компаниясы – бұл экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы жетекші тәуелсіз зерттеу компаниясы, бүкіл әлемдегі инвесторларға жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеуге және енгізуге көмектесетін рейтингтік және аналитикалық компания.
Анықтама ретінде
ESG рейтинг (Environmental, Social and Governance) – бизнестің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін, сондай-ақ компаниядағы корпоративтік басқару тәуекелдерін бағалау.
ESG рейтингі инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде инвесторлар үшін стратегиялық құрал болып табылады және компанияның ұзақ мерзімді орнықтылығын айқындау үшін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі.