ҚМГ компаниялар тобы қоршаған ортаға әсерді азайтуға және биоәртүрлілікті сақтауға, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағдарланған.
Біз табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану және біз қатысатын өңірлерде қолайлы экологиялық жағдайды сақтау үшін қоғам алдындағы жауапкершілік дәрежесін түсінеміз. Біз табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаға әсерді азайтуға және энергия мен ресурстарды үнемдеуге, ең аз қалдық мөлшерін жасауға және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін технологияларды, жабдықтар мен материалдарды енгізуге міндеттенеміз. Сонымен қатар біз климаттың өзгеруіне бейімделу және қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу бойынша шаралар қабылдаймыз.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар іске асырылды, мысалы, тарихи мұнай қалдықтарын кәдеге жарату және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жөніндегі жұмыстар, қызметкерлер арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелерін насихаттау жөніндегі жұмыстарды күшейту, ағаш отырғызу жөніндегі акцияларға қатысу, атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру және т.б. іс-шаралар.
Компанияның бірқатар еншілес және тәуелді ұйымдарында санитарлық-қорғау аймағында, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты көрсететін шығарындылар көздерінде атмосфералық ауаның сапасын автоматты бақылау жүйелері орнатылған.
«Экологиялық мониторингтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» жобасы
Жобаның мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру; Әлеуетті экологиялық айыппұлдарды болдырмау үшін ашықтықты, жеделдікті және адам қателіктерін барынша азайту.
ЭМААЖ негізгі міндеттері:
- Мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы есептілікті қалыптастыру процестерін автоматтандыру;
- Нормативтік рұқсат беру құжаттарының деректер базасын жүргізу және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді есептеу;
- Технологиялық процестерде туындаған ақауларды өндірістік құрылымдармен уақтылы түзету арқылы әлеуетті нормативтен тыс эмиссияларға жедел ден қою;
- Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаның жай-күйіне жедел мониторинг жүргізу;
- HSE KMG жүйесімен синхрондау арқылы корпоративтік есептілікті қалыптастыру.
2022 жылғы өндірістік көрсеткіштер
- SОx шығарындыларының қарқындылығы – 0,21 (IOGP – 0,20)
- NOx шығарындыларының қарқындылығы – 0,31 (IOGP – 0,33)
- Ілеспе мұнай газын (ІМГ) жағу қарқындылығы – 1,5 (IOGP – 9,4)
- ІМГ пайдалану коэффициенті – 98,8 %
- Тарихи қалдықтар мен мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру: 693,7 мың тонна (2021 жыл – 540,5 мың тонна)
- CDP климаттық рейтингі: «С»
- CDP су қауіпсіздігі рейтингі: «С»
Экологиялық көрсеткіштер, КСШ өндірудің 1 мың тонна м.б. шаққанда, тонна
Жыл
|
SOx шығарындыларының қарқындылығы
|
NOx шығарындыларының қарқындылығы
|
Шикі газды жағу қарқындылығы
|
Шикі газды кәдеге жарату деңгейі, %
|
2020
|
0,23
|
0,22
|
2,20
|
98
|
2021
|
0,22
|
0,24
|
2,09
|
98
|
2022
|
0,21
|
0,31
|
1,5
|
98,8
|
Атмосфералық ауаны қорғау
ҚМГ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударады, өйткені бұл халықтың денсаулығы мен әл-ауқатымен тікелей байланысты. Экологиялық саясат шеңберінде ҚМГ компаниялар тобының міндеттерінің бірі цифрландыру арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы процестерді үздіксіз жақсарту болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау бөлігінде ҚМГ үшін басым бағыттарға атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын басқару, шикі газды алаулатып жағуды қысқарту, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқару және топырақ құнарлығын қалпына келтіру, биоәртүрлілікті сақтау жатады.
Газды алаулатып жағу көлемін азайту арқасында біз ҚМГ компаниялар тобы бойынша атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайта алдық.
Қоршаған ортаға әсерді барынша азайту жөніндегі негізгі бағыттардың бірі Компанияның өндірістік қызметі барысында атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту болып табылады. Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:
- Мұнайды жылыту пештеріндегі техникалық ескірген оттықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру жүргізілуде.
- Газды кешенді дайындау және өңдеу қондырғылары салынуда.
- Көмірсутектердің булануын болдырмау үшін мұнайдың тік резервуарларына арналған понтондарды орнату жұмыстары жүргізілуде.
- Мұнайды жылыту пештерінде ластаушы заттар шығарындыларының каталитикалық түрлендіргіштерін орнату және т.б. жүзеге асырылады.
- Режимдік-реттеу жұмыстарының кестесіне сәйкес пештердің жанарғы құрылғыларының жай-күйіне жүйелі бақылау жүргізіледі.
- Ұңғымаларды өндіруші қордан айдау қорына ауыстыру арқылы су айдау жүйесін кеңейту жүргізілуде.
- Өндіруші мұнай ұңғымаларының сағалық жабдықтары жаңартылды.
- Бу генерациясы мен ұңғымалардың жаңа алаңдары пайдалануға берілді.
- Орнатылған орташа қысымды алауаралық инжекциялық жанарғы мұнай және ілеспе газдарды қазандықтардың оттықтарында және мұнай мен суды жылыту пештерінде жағуға арналған.
Компаниялар тобында бірінші кезекте елді мекендердің маңында немесе шекараларында орналасқан өзінің өндірістік объектілерінен қоршаған орта мен табиғи ресурстардың шығарындыларын мониторингтеуге ерекше назар аударылады. ҚМГ экологиялық компоненттердің (атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ жамылғысы және басқалар) мониторингі барысында және өндірістік қызмет барысында қоршаған ортаға қолайсыз әсерді тиімді төмендету бойынша үздіксіз жұмыс жүргізеді.
Экологиялық мониторинг – бұл қоршаған ортаның сапасына қатысты алынған деректерді бақылау, өлшеу, жинау, жинақтау, сақтау, есепке алу, жүйелеу, жалпылау, өңдеу және талдаудың, сондай-ақ олардың негізінде экологиялық ақпарат жасаудың мемлекет қамтамасыз ететін кешенді жүйесі.
Елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасын қамтамасыз ету үшін ҚМГ компаниялар тобы атмосфералық ауаға ластаушы заттардың деңгейін төмендету жөніндегі жобаларды іске асырады, сондай-ақ ауа сапасын бақылау жүйелерін ұйымдастыру және санитарлық-қорғау аймақтарының шекараларында ауа сапасын бақылаудың стационарлық бекеттерін орнату жөнінде шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 418-бабының 16-тармағына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – МАЖ) міндетті түрде болуы туралы талап қолданылады. «Нақты уақыттағы МАЖ шығатын газдардағы азот оксиді мен диоксидтің, көміртегі оксидінің құрамын бақылауға, ағын жылдамдығын, температураны, қысымды және салыстырмалы ылғалдылықты өлшеуге мүмкіндік береді».
2 мұнай-газ өндіруші ЕТҰ ҚМГ компаниялар тобы арасында алғашқылардың бірі болып МАЖ іске қосты. Мысалы, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының газтурбиналық электр станциясында (ГТЭС) МАЖ кешенді жабдығы орнатылып, тестілеу сынақтарынан сәтті өтті. Осындай бірегей жүйелерді іске қосу – бұл кәсіпорындарды жаңғыртудың маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар экологиялық тиімділік пен ашықтықты арттыру.
ҚМГ компаниялар тобы бойынша атмосфералық ауаға барлық ластаушы заттар шығарындыларының нормативтік көлемі 2022 жылы 120,6 мың тоннаны (2021 жылы 110,2 мың тоннаны) құрады.
ҚМГ компаниялар тобының операторлары жаңа Экологиялық кодекске сәйкес Объект операторының қызметімен технологиялық тікелей байланысты және олардың аумағында жұмыстар жүргізетін мердігерлік ұйымдардың эмиссиялары үшін жауапты болады. Мердігерлік ұйымдардың эмиссияларының деректері әсер етуге бірыңғай экологиялық рұқсатта есепке алынып, Операторлардың есептілігіне енгізілді, осыған байланысты атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындылары 2021 жылмен салыстырғанда 8,6 %-ға өскені байқалады.
Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларының нәтижесінде Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4-К5 кластарына сәйкес келетін еуропалық сапа стандарттарына сай мұнай өнімдерін өндіру арқылы зауыттар шығаратын отынның экологиялық көрсеткіштері жақсарды.
ҚМГ компаниялар тобында атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындылары, мың тонна
|
2020
|
202114
|
2022
|
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, барлығы, оның ішінде:
|
247,2
|
110,2
|
120,6
|
NOx шығарындылары
|
17,6
|
12,7
|
16,0
|
SOx шығарындылары
|
12,7
|
12,2
|
10,5
|
басқа ластаушы заттардың шығарындылары
|
216,9
|
85,3
|
94,1
|
ҚМГ компаниялар тобындағы ластаушы заттардың үлестік шығарындылары
|
2020
|
2021
|
2022
|
КСШ өндіру, т/1 000 т.м.б. өндірілген көмірсутек шикізаты
|
1,9
|
1,9
|
2,1
|
Мұнай өңдеу, т/1 000 т өңделген мұнай
|
2,9
|
2,8
|
3,1
|
Мұнай тасымалдау, т/1 000 т тасымалданатын мұнай
|
0,5
|
0,5
|
0,5
|
2022 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша мұнай баламасында көмірсутек шикізатын өндірудің жалпы көлеміне қатысты NOx шығарындыларының орташа көрсеткіші КСШ өндірудің мың тоннасына 0,31 тоннаны құрады, IOGP орташа көрсеткіші – 0,33. 2021 жылмен салыстырғанда NOx меншікті шығарындылары 29 %-ға өсті, бұл бұрын атап өтілгендей, мердігерлік ұйымдардың жаңа көздерін қосумен байланысты. SОx шығарындыларының мұнай баламасында көмірсутек шикізатын өндірудің жалпы көлеміне қатынасының орташа көрсеткіші ҚМГ компаниялар тобы бойынша КСШ өндірудің мың тоннасына 0,21 тоннаны құрады, IOGP орташа көрсеткіші – 0,20. 2021 жылмен салыстырғанда ЅОх үлестік шығарындыларының 4,5 %-ға төмендегені байқалады.
Компания өз қызметінде тұрақты органикалық ластағыштар эмиссиясын шығармайды.
Шикі газды ұтымды пайдалану
ҚМГ мен оның еншілес компаниялары үшін басым міндеттердің бірі атмосфераға зиянды заттар мен парниктік газдар шығарындыларын басқару, сондай-ақ газды алаулатып жағуды азайту болып табылады. Экологиялық саясатқа сәйкес, біздің компания газды алаулатып жағудың нөлдік деңгейіне жетуге және алау шығарындыларын азайтуға тырысады. Біз алдымызға шикі газды пайдалану мен кәдеге жаратуды арттыру, сондай-ақ алаулатып жағуды азайту міндетін қойып отырмыз. Шикі газды дамыту және өңдеу бағдарламаларының арқасында біз жылу және электр энергиясын өндіру үшін газ пайдалануды арттырдық, бұл шикі газды жағу және шығару кезінде пайда болатын зиянды заттар мен парниктік газдар шығарындыларының төмендеуіне әкелді.
2022 жылы шикі газды кәдеге жарату 98,8 % құрады. Шикі газды алаулатып жағу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 89 %-ға (2017 жылғы көлем – 315,8 млн м3) қысқарды. Газды жағу көрсеткіші өндірілген КСШ-ның 1 мың тоннасына 1,5 тонна деңгейінде (2021 жылы – 2,1, 2020 жылы – 2,2), бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 29 %-ға төмен және IOGP орташа салалық көрсеткішінен 84 %-ға төмен.
2015 жылы ҚМГ Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын тұрақты жағуды толық кәдеге жарату» бастамасын қолдады. Компания шикі газды жағу көлемін барынша азайтуға тырысады. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемі бойынша есептілік жыл сайын Дүниежүзілік банктің ҚР өкілдігіне тапсырылады.
Шикі газды алаулатып жағу көлемі
Көрсеткіш
|
2020
|
2021
|
2022
|
Шикі газды алаулатып жағудың жалпы көлемі, млн м3
|
57,6
|
52,5
|
35,7
|
Шикі газды тиімді пайдалану деңгейі, %
|
98
|
98
|
98,8
|
Шикі газды жағу қарқындылығы, өндірілген 1 мың КСШ-ға тоннаға шаққанда
|
2,2
|
2,1
|
1,5
|
Бұл бөлімде шикі газды өндіруге және тиімді пайдалануға байланысты үдерістер бар өндіру секторындағы ҚМГ компаниялары бойынша мәліметтер көрсетілген.
Су ресурстарын қорғау және суды ұтымды пайдалану
Суды жауапкершілікпен пайдалану Компания құндылықтарының ажырамас бөлігі болып табылады. Компания су тапшылығы жоғары өңірлерде КСШ барлау мен өндіруді жүзеге асырады және су ресурстарын ұтымды пайдалануға ұмтылады. ҚМГ өз қызметінде тұщы судың баламаларын да пайдаланады: қайта пайдаланылатын және айналымдағы сумен жабдықтау суы, өңделген ақаба сулар және тұщыландырылған су. Су тапшылығы жоғары өңірлерде ҚМГ тұщы суды аз пайдалану, айналымдағы суды ұлғайту және суды пайдалануды мұқият мониторингілеу үшін су ресурстарын басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
ҚМГ ЕТҰ-да су ресурстарын басқару тәсілін жүйелейтін «Сегіз су қағидаты» – су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі ҚМГ-ның негізгі қағидаттары болып табылады. Бұл қағидаттар Су ресурстарын басқарудың корпоративтік стандартында көрсетілген: https://www.kmg.kz/sustainable-development/corporate-governance/corporate-documents/
Компанияда төгінділерді азайтуға және табиғи көздерден су алуды азайтуға бағытталған жобалар іске асырылуда. Су ресурстарын пайдалану мен қорғау тиімділігін арттыру және су алуды азайту, айналымдағы сумен жабдықтауды ұлғайту бойынша шараларды, мақсатты көрсеткіштерді белгілеу мақсатында 2023 жылы ҚМГ компаниялар тобында Су ресурстарын басқарудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр.
Компания өз қызметін халықаралық талаптарға, экологиялық және су заңнамасына толық сәйкестікте жүргізеді. Ластаушы заттарды төгу нормативтерінің жобаларын әзірлейді, Уәкілетті орган бекіткен әдіснамаларға сәйкес есептеулер жүргізеді, ластаушы заттарды төгуді жүзеге асыру бөлігінде әсер етуге экологиялық рұқсат алады, су пайдалануға арнайы рұқсат алады.
2020 жылдан бастап Компания өзінің су ізін есептейді және Су қауіпсіздігі сауалнамасы аясында Carbon Disclosure Project алаңында суды басқару туралы ақпаратты орналастырады.
Толығырақ ақпаратты ҚМГ-ның жарияланған есептерінен алуға болады, олар мына сілтеме бойынша ашық қолжетімді: CDP су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама. https://www.cdp.net/en/responses?utf8=%E2 %9C%93&queries%5Bname%5D=Kazmunaygas
Сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобалар туралы ақпарат «Инвестициялық жобаларды іске асыру» бөлімінде берілген.
Су ізі
ҚМГ компаниялар тобы бойынша бөліністе су алудереккөздер бойынша, 83 707 мың м3
2022 жылы ҚМГ компаниялар тобындағы операциялар түрі бойынша су ресурстарын пайдалану, %17
ҚМГ компаниялар тобы бойынша су жинау 2022 жылы 83,71 млн м3 құрады, оның ішінде: жер үсті көздері – 36,76 млн м3, Жер асты көздері – 19,51 млн м3, қалалық сумен жабдықтау жүйелері – 9,7715 млн м3, теңіз – 17,58 млн м3, басқа кәсіпорындардың ақаба сулары – 0,09 млн м3. 1 000 мг/л дейін минералдану санаты бойынша өндірістік қажеттіліктерге арналған су тұтыну көлемі 38,02 млн м3, ал 1 000 мг/л немесе одан да көп минералдану санаты бойынша – 45,69 млн м3 құрады.
Компания сондай-ақ Каспий теңізі, Сырдария және Орал өзендерінің бассейндеріне жататын WRI Aqueduct16 су стресі көрсеткішіне сәйкес су тапшылығы жоғары өңірлерде орналасқан ҚМГ ЕТҰ-ның объектілеріне талдау мен есепке алуды жүргізеді. Осы ұйымдардың су жинауының жалпы көлемі 29,81 млн м3 (ҚМГ компаниялар тобы бойынша су жинау 36%-дан) құрады.
2022 жылы ҚМГ компаниялар тобы 10,69 млн м3 ақаба су бөлді. Ақаба суларды тазарту қондырғыларында тазартқаннан кейін нормативті тазартылған су мамандандырылған қабылдағыштарға жіберіледі: сақтау тоғандары, булану далалары және сүзу далалары. Тазалау имараттарында сарқынды суларды тазалау келесі ең басымдықты ластаушы заттар бойынша жүзеге асырылады, мысалы: қалқымалы заттар, ОХТ, ОБТ, мұнай өнімдері, хлоридтер, сульфаттар, темір, нитриттер, нитраттар, аммоний азоты, СББЗ және т.б. Ластаушы заттар төгіндісінің нормативтері Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне» сәйкес есептеледі. Тазалау имараттарында сарқынды суларды тазартудан кейін нормативтік тазартылған су мамандандырылған қабылдағыштарға төгіледі: су жинауыш тоғандарға, булану алаңдарына және сүзгілеу алаңдарына. Жер үсті су объектілеріне төгу және жергілікті жердің рельефі жоқ. Өз жинақтағыштары жоқ кәсіпорындар жасалған шарттарға сәйкес сарқындарды арнайы компанияларға тазарту және төгу үшін береді. Берілген ақаба сулардың жалпы көлемі – 0,38 млн м3 (минералдануы 1 000 мг/л-ден астам). 1 000 мг/л дейін минералданған ақаба суларды төгу – жоқ.
Бұл ретте, су тапшылығы өңірлеріндегі кәсіпорындардың сарқынды суларын төгу 2,65 млн м3 құрады, оның ішінде 2,54 млн м3 өз қабылдағыштарына төгіліп, мамандандырылған компанияларға (қабылдаушы объектілерге) – 0,11 млн м3 берілді.
Біздің кәсіпорындардағы тазарту қондырғылары мұнай өнімдерімен және тоқтатылған заттармен ластанған ақаба суларды тазартуға арналған. Мысалы, мұнай өңдеу зауытында ақаба сулар құм ұстағыштарда, мұнай ұстағыштарда, радиалды тұндырғыштар мен флотаторларда қатарынан механикалық және физика-химиялық бөлек тазартудан өтеді. Флотаторлардан кейінгі тазартылған өндірістік ағындар биологиялық тазартуға жіберіледі.
Мұнай өңдеу бағыты бойынша операциялар түрі бойынша су ресурстарын пайдалану 2022 ж., 15,81 млн м3, %
2022 жылы барлау және өндіру бағыты бойынша операциялар түрі бойынша су ресурстарын пайдалану, 43,02 млн м3, %
Тазартудан кейінгі ақаба судың бір бөлігі көлікті жуу, шаңды басу және өртке қарсы жүйелерді толтыру үшін қайта пайдаланылады. Бұл ретте тазартылған ақаба судың айтарлықтай көлемі мұнай өңдеу зауыттарында ғана екінші рет пайдаланылады, онда 2022 жылы 4,33 млн м3 тазартылған ақаба су қайта пайдаланылған, негізінен бұл су айналымдық сумен жабдықтау блоктарын толықтыру үшін пайдаланылады. ҚМГ зауыттарында суды қайта пайдалану пайызы («Мұнай өңдеу» бағыты бойынша су жинау көлемінен) 27 % құрайды.
2022 жылы ҚМГ МӨЗ айналымдағы сумен жабдықтау жүйелерінде барлығы 451,27 млн м3 пайдаланды (айналымда).
ҚМГ МӨЗ-де айналымдағы сумен жабдықтау жүйелерінде айналғаны
|
2020
|
2021
|
2022
|
Айналымдағы су көлемі, млн м3
|
430,62
|
389,99
|
451,27
|
Мұнай өндіру барысында ілеспе-қабаттық сулар деп аталатын үлкен көлемдер пайда болады – жер бетіне су-мұнай эмульсиясы алынады, ол кейіннен су мен мұнайға гравитациялық әдіспен бөлінеді. Осылайша тұнған су қабатқа айдауға жіберіледі.
2022 жылы өндірілген 136,52 млн м3 ілеспе-қабаттық судың 99 %-ы қабаттық қысымды ұстап тұру үшін кері айдалды.
Қойнауқат қысымын ұстап тұру үшін қойнауқатқа айдалғаны
|
2020
|
2021
|
2022
|
Өндірілген ілеспе-қабаттық су, млн м3
|
125,37
|
131,05
|
136,52
|
Компанияның қызметі ерекше экологиялық, шаруашылық, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар Қазақстанның батыс өңірінің су объектілеріне (Жайық, Қиғаш өзендері, Көкжиде құмдары) айтарлықтай әсер етеді. Сезімтал экожүйелерге теріс әсердің алдын алу үшін бақылаушы органдар қоршаған ортаға тұрақты экологиялық мониторинг жүргізеді.
Қалдықтарды өңдеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
ҚМГ өндірістік қызметі барысында мынадай өндіріс және тұтыну қалдықтары түзіледі: бұрғылау қалдықтары (бұрғылау ерітінділері мен қоқырлар), мұнай құрамды қалдықтар (түбіндегі тұнбалар, мұнаймен ластанған топырақ, мұнай қоқыры, ұңғымаларды кері жуу қалдықтары), пайдаланылған катализаторлар мен химиялық реагенттер.
Барлық объектілер бойынша қосалқы қызметтен де қалдықтар түзіледі, мысалы: құрылыс қалдықтары, майланған шүберек, пайдаланылған жаққыш майлар және т.б.
ҚМГ қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясат қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға, сондай-ақ қалдықтарды басқару бөлігінде ҚМГ Экологиялық саясат қағидаттарын іске асыруға және енгізуге ұмтылады:
- Қалдықтардың түзілу көлемін қысқартуды және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
- Топырақтың, атмосфералық ауаның немесе су ресурстарының қайталама ластануын болдырмайтындай қалдықтарды қалпына келтіру технологияларының жиынтығын қолдану.
- Ресурстарды үнемдейтін, қалдықтары аз, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу.
Объектілерде түзілетін қалдықтар олардың пайда болуының бастапқы кезеңінде бөлек жиналады, түзілетін қалдықтар өлшеу жабдығындта өлшенеді, сұйық қалдықтар үшін қалдықтар көлемін өлшеу стандартталған немесе градуирленген ыдыстарда жүзеге асырылады.
ҚМГ-ның барлық объектілерінде қалдықтардың түрлері, саны мен қасиеттері бойынша есепке алу жүзеге асырылады, қауіпті қалдықтардың паспорттары әзірленеді, өндіріс және тұтыну қалдықтарының есебі қалдықтардың пайда болуына және олардың қалпына келтіруге немесе жоюға берілуіне қарай қалдықтарды есепке алудың тиісті журналында жүргізіледі. Барлық өндірістік объектілерде қалдықтарды басқаруға жауапты тұлғалар тағайындалды.
Қалдықтарды есепке алу нәтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттамалар түрінде ұсынылады: өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептер (тоқсан сайын), қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептер (жыл сайын), ластауыштардың шығарындылары мен тасымалы тіркелімі (жыл сайын), сондай-ақ HSE KMG ақпараттық жүйесі арқылы ҚМГ-ға ұсынылады.
Қалдықтар пайда болған сәттен бастап ҚМГ ЕТҰ қалдықтарды жинауды, қалдықтарды көмуді немесе оларды өз күшімен қалпына келтіруге және/немесе жоюға жіберуді немесе қалдықтарды басқарудың бекітілген бағдарламасына сәйкес қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырады.
ҚМГ ЕТҰ қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мүддесінде пайда болған қалдықтарды олардың артықшылығының кему тәртібімен басқару жөніндегі шаралардың мынадай иерархиясын қолданады:
- қалдықтардың пайда болуын болдырмау;
- қалдықтарды қалпына келтіру (өңдеу немесе кәдеге жарату);
- қалдықтарды жою.
Қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою бойынша тартылатын мамандандырылған ұйымдарда міндетті түрде барлық қажетті рұқсат беру құжаттары болады:
- Тиісті қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға арналған лицензия.
- Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпті емес тиісті қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою қызметінің басталғаны туралы хабарлама.
- Әсер етуге экологиялық рұқсат.
Тасымалдау кезінде қалдықтардың әсерін азайту мақсатында ҚМГ ЕТҰ мамандандырылған ұйымдарға қалдықтардың ең аз орын ауыстыруы немесе оларды ҚМГ ЕТҰ аумағында қалпына келтіру туралы талаптар белгіленеді.
Тартылатын мамандандырылған ұйымдар ҚМГ ЕТҰ қалдықтарын қалпына келтіру жөніндегі операцияларды олардың экологиялық рұқсаттарында көзделген әдістермен жүргізеді, ҚМГ ЕТҰ аумағында қалдықтарды қалпына келтіру әдістерін таңдау кезінде қалдықтарды қалпына келтірудің қазіргі заманғы технологияларына, оның ішінде қоршаған ортаны қайта ластамайтын технологияларға басымдық беретінін атап өткен маңызды.
ӨМГ қоқыр жинағышы – тазалауға дейін және тазалаудан кейін
Мамандандырылған ұйымдар жаңадан түзілген және бұрын жинақталған қалдықтарды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды ҚМГ ЕТҰ тарапынан жасалған шарттың техникалық ерекшелігіне, сондай-ақ қалдықтарды қалпына келтіру мен жоюдың, оның ішінде қалдықтарды қалпына келтіру жөніндегі объектілерге барудың жобалық шешімдеріне сәйкестігін бақылайды, қажет болған жағдайда қалпына келтірілген қалдықтарға бақылау зертханалық талдаулар жүргізіледі.
2022 жылы ҚМГ-ның түзілген және жинақталған қалдықтарды қалпына келтіруге жұмсаған шығыстары 14,37 млрд теңгені құрады.