2021 жылғы негізгі көрсеткіштер
-
645көмірсутектер қоры (2P), млн тонна мұнай баламасы
-
21.7мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі, млн тонна
-
74.6тасымалдау көлемі, млн тонна
-
18.9өңдеу көлемі, млн тонна
-
1609EBITDA, млрд теңге
-
669еркін ақша ағымы, млрд теңге
-
414есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар, млрд теңге
Активтер географиясы
ӨНДІРУ
ҚМГ Қазақстандағы мұнай мен конденсаттың 25%-ін және газдың 15%-ін өндіреді. ҚМГ-нің 9 операциялық активі өндіреді, сондай-ақ Сhevron Corp, Exxon Mobil Corp, Royal Dutch Shell PLC, Eni SpA, TOTAL SA, Inpex Corp, CNPC, ЛУКОЙЛ компанияларымен серіктестікте 3 мегажоба жүзеге асырылып жатыр.
2021 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің жалпы көлемі 21,6 млн тоннаны немесе тәулігіне 444 мың баррельді құрады. Операциялық және мегажобалардың өндіру бойынша үлесі, тиісінше, 64% (14 млн тонна) бен 36%-ды (7,7
ҚМГ 2031 жылға дейін жиынтық өндіру көлемін 240 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.
ӨҢДЕУ
ҚМГ компаниялар тобында Қазақстанда төрт ірі мұнай өңдеу зауыты және Румынияда екі мұнай өңдеу зауыты бар. 2021 жылы жалпы өңдеу көлемі 18,9 млн тоннаға жетті. ҚМГ 2031 жылға дейін қазақстандық МӨЗ-де мұнай өңдеу тереңдігін 89%-ке дейін ұлғайтуды көздеп отыр.
ТАСЫМАЛДАУ
ҚМГ-де мұнай тасымалының екі түрі бар – магистраль құбырларымен және теңіз флотымен тасымалдау. 2021 жылы ҚМГ үлесіне магистраль құбырларымен мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 64 710 мың тоннаны құрады. 2021 жылы мұнайды теңізбен тасымалдаудың жалпы көлемі 9 855 мың тонна болды.
МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ
ҚМГ отандық мұнай-газ химиясы саласындамытуды қолға алды, бұл ұлттық компанияның дамуындағы жаңа кезең деуге болады. 2022 жылы полипропилен өндіретін KPI зауытының құрылысы аяқталып, іске қосылады. Сонымен қатар, ҚМГ халықаралық мұнай-газ компанияларымен бірлесіп, бутадиен мен полиэтилен өндірісі бойынша жобаларды іске асыруға кіріседі.
Мұнай-сервистер
ҚМГ ағымдағы өндіріс деңгейін сақтау, жаңа жобаларды дамыту мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы сервистік бағыттарды үйлестіреді, сондай-ақ қызметін жүзеге асырып жатқан өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда өзінің жетекші ролін ескереді.
БАРЛАУ
Қорларды толтыру үшін ҚМГ 14 геологиялық-барлау жобасын (6 құрлықта және 8 теңізде) іске асырады және өндіруші активтерде барлауды жүзеге асырып жатыр.
DeGolyer&MacNaughton халықаралық тәуелсіз консалтингтік компаниясының PRMS халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған аудитке сәйкес, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ-нің дәлелденген және ықтимал көмірсутек қорлары (2Р) 645 тонна м.б. (4 983 млн барр. м.б.) құрады.
DeGolyer&MacNaughton халықаралық тәуелсіз консалтингтік компаниясының PRMS халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған аудитке сәйкес, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ-нің дәлелденген және ықтимал көмірсутек қорлары (2Р) 645 тонна м.б. (4 983 млн барр. м.б.) құрады.
Аймақ | |
---|---|
«Құрманғазы» жобасы Жоба қатысушылары: • «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ – ӨБК-дегі үлестің 50%-і; • «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ («Роснефть» КАҚ 100%-тік еншілес ұйымы) – ӨБК-дегі үлестің 50%-і. Жарғылық капиталындағы үлесінің 100%-і «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі «Құрманғазы Петролеум» ЖШС жобаның операторы болып табылады. Жобаны қаржыландыруды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ тепе-тең негізде – шығыстардың 50%-і бойынша жүзеге асырады. |
Маңғыстау облысы |
«Центральная» жобасы Жоба қатысушылары: • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 50%; • «ЦентрКаспмұнайгаз» ЖШҚ (бірлескен кәсіпорын (Байқаушы кеңес) 50/50% «ЛУКОЙЛ» КАҚ пен «Газпром» КАҚ) – 50%. Ресей Федерациясында тіркелген «Нефтегазовая компания Центральная» ЖШҚ оператор және жер қойнауын пайдаланушы болып табылады. Барлау кезеңінде қаржыландыруды «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады. |
Маңғыстау облысы |
«Хвалынское» жобасы 2005 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ЛУКОЙЛ» КАҚ 50%/50% бірлескен кәсіпорын – «Каспийская нефтегазовая компания» ЖШҚ-ны құрды, Өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін, оған жер қойнауын пайдалану құқығы ресімделетін болады. Жобаны қаржыландыруды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ЛУКОЙЛ» КАҚ тепе-тең негізде проценттік қарыздар беру арқылы жүзеге асырады. |
Маңғыстау облысы |
«Торғай-Палеозой» ЖШС Жоба қатысушысы: • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 100%. Осы кезеңде «Торғай» жобасы ҚМГ-нің өз күшімен және ҚМГ-нің жеке қаражаты есебінен көзделіп отыр. |
Қызылорда облысы |
«Шығыс Бектұрлы» жобасы Жоба қатысушысы: • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і; • «Көкел Мұнай» ЖШС – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і. Жобаның оператор Beсturly Energy Operating ЖШС болып табылады. Барлау кезеңінде қаржыландыруды «Көкел Мұнай» ЖШС кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады. |
Маңғыстау облысы |
«Абай» жобасы Жоба қатысушылары: • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і; • «Эни Исатай Б.В.» – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і. Жобаның операторы «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС болып табылады. Кен орнын барлаудан бастап игеру жобасы бекітілгенге дейінгі кезеңде қаржыландыруды «Эни Исатай Б. В.» компаниясы кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады. |
Атырау облысы |
«Исатай» жобасы Жоба қатысушылары: • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і; • «Эни Исатай Б.В.» – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і. Жобаның операторы «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС болып табылады. Кен орнын барлаудан бастап игеру жобасы бекітілгенге дейінгі кезеңде қаржыландыруды «Эни Исатай Б. В.» компаниясы кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады. |
Атырау облысы |
«Жеңіс» жобасы Жоба қатысушылары: • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқықтарының 50%-і; • «ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим» ЖШС жер қойнауын пайдалану құқықтарының 50%-і. «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС жобаның операторы болып табылады. Барлау кезеңінде қаржыландыруды «ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим» ЖШС кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады. |
Маңғыстау облысы |
«Әл-Фараби» жобасы Мыналардың қатысуымен «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы болып табылады: • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 50,1%; • «ЛУКОЙЛ» КАҚ — 49,99%. Кен орнын барлаудан бастап игеру жобасы бекітілгенге дейінгі кезеңде қаржыландыруды «ЛУКОЙЛ» КАҚ кэрри-қаржыландыру қағидатымен жобасы бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде және «Эни Исатай Б.В.» компаниясы жүзеге асырады |
Маңғыстау облысы |