- НОВИНСКИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫ
- СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ҚОРЫҚТЫҚ АЙМАҒЫ
- ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ
- КЕНДІРЛІ-ҚАЯСАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫ
- «КӨКЖИДЕ-ҚҰМЖАРҒАН» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ КЕШЕНДІ ҚАУМАЛЫ
Новинский мемлекеттік қаумалының алаңы – 45,0 мың га, 1967 жылы Қазақстан мен Ресейдің шекарасында Еділ атырауының шығыс бөлігінің сулы-батпақты жерлерін қорғау үшін аттас аралдар мен су айдынында құрылған. Қаумалда өсімдіктердің сирек түрлері қорғалады: су жаңғағы, жаңғақ тәрізді лотос, астрахандық желімбас, ақ су лалагүлі, сондай-ақ жануарлар әлемінің өкілдері: су тышқан, өзен құндызы, ұзын инелі кірпі, құстардың 27 түрі (қызғылт және бұйра бірқазан, фламинго, сұңқылдақ аққу, кішкене аққұтан, сарықұтан, жалбағай, алакөз қара ала үйрек және т.б.). Қазіргі уақытта қаумалдың аумағы теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты толығымен су астында жатыр деуге болады.
Солтүстік Каспий акваториясы ихтиофаунаның биологиялық және кәсіпшілік құндылығы, әсіресе, бекіре тұқымдас балық түрлері тұрғысынан құндылығы бірегей. Солтүстік және Орта Каспий бағалы аудандардың және суда жүзетін және су маңындағы миллиондаған құстар жыл сайын қоныс аударатын тораптық пункттердің бірі және итбалықтар қыстайтын және көбейетін орындары болып табылады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңында Каспий теңізінің балық қорын сақтау және өсімін молайту мақсатында Солтүстік Каспийдің қорық аймағы бекітіліп, ұйымдастырылды.
Биоалуантүрлілікке әсер ету іздеу-барлау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты және шудың, дірілдің, көлік қозғалысының әсерінен, рельефтің өзгеруінен және жануарлар мекендей алатын жерлердің алынуынан тұрады.
Биоалуантүрлілікке тиетін әсерді төмендету үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бағдарламаларға сәйкес міндетті түрде экологиялық мониторинг жүргізіледі.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени құндылық болып табылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесіне енгізілген. «Кендірлі бұлағы» республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының гидрогеологиялық объектілерінің тізбесіне кіреді. Үстірт қорығына бірегей геологиялық, палеонтологиялық және археологиялық объектілер кіреді, әртүрлі деңгейдегі Қызыл кітаптарға енгізілген бірқатар түрлердің (қарақұйрық, уриал, қарақал, ителгі, бүркіт, үкі, джек және т.б.) негізгі мекендейтін жері болып табылады. Бұдан басқа, осы аумаққа ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи мұра объектісі мәртебесін беру жоспарлануда. ҚР табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорық режимі шаруашылық қызметке толық тыйым салып, қорық режимін енгізуді көздейді.
Үстірт қорығына жақын жерде Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағы орналасқан, оның аумағында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға рұқсат етілген.
«Көкжиде-Құмжарған» қаумалының аумағында республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының 2 объектісі бар:
Көкжиде құмдары – ерекше экологиялық, ғылыми құндылығы бар республикалық маңызы бар геологиялық объект. Құмдар жерасты судың бірегей кен орнының резервуары;
Көкжиде кен орнының жерасты сулары – Батыс Қазақстандағы ең ірі және ауызсу сапасы бойынша бірегей жерасты суларының кен орны ретінде ерекше экологиялық, ғылыми құндылығы бар гидрогеологиялық объект.