Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Бизнес-бағыттар
ҚМГ қосылған құнды құру тізбегінің барлық кезеңдерінде толық интеграцияланып, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұлттық көшбасшы болып табылады

2025 жылғы негізгі көрсеткіштер

  • 724
    көмірсутектер қоры (2P), млн тонна мұнай баламасы
  • 26
    мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі, млн тонна
  • 83
    тасымалдау көлемі, млн тонна
  • 21
    өңдеу көлемі, млн тонна
  • 2393
    EBITDA, млрд теңге
  • 1233
    еркін ақша ағымы, млрд теңге
  • 682
    есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар, млрд теңге
Активтер географиясы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ӨНДІРУШІ АКТИВТЕР
МЕГАЖОБАЛАР
МАС, Мұнай айдау станциясы
БМАС, Бас мұнай айдау станциясы
БАРЛЫҒЫН КӨРСЕТУ
ӨНДІРУ
ӨҢДЕУ
ТАСЫМАЛДАУ
МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ
Мұнай-сервистер
БАРЛАУ
ӨНДІРУ

ҚМГ Қазақстанда 26% мұнай мен конденсатты және 17% газды өндіреді. Өндіруді ҚМГ-нің 11 операциялық активі, сондай-ақ Сhevron Corp, Exxon Mobil Corp, Royal Dutch Shell PLC, Eni SpA, TOTAL SA, Inpex Corp, CNPC, ЛУКОЙЛ серіктес болып табылатын 3 мегажоба жүзеге асырады.

2025 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің жалпы көлемі 26,2 млн тоннаны немесе тәулігіне 544 мың баррельді құрады. Операциялық және мегажобалардың өндіру үлесі тиісінше 54,5%-ды (14,3 млн тонна) және 45,5%-ды (11,9 млн тонна) құрады.

2031 жылға дейін ҚМГ жиынтығында 240 млн тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етуді жоспарлауда.

Операциялық активтер Аймақ Сайт
«Өзенмұнайгаз» АҚ
ҚМГ үлесі – 100%
2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 5 079 мың тонна
Маңғыстау облысы
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
ҚМГ үлесі – 50%
2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 3 083 мың тонна
Маңғыстау облысы
«Ембімұнайгаз» АҚ
ҚМГ үлесі – 100%
2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 2 850 мың тонна
Атырау облысы
«Қаражанбасмұнай» АҚ
ҚМГ үлесі – 50%
Мұнай және газ конденсатын өндіру1 053 мың тонна в 2025 жылы
Маңғыстау облысы
«Қазгермұнай» БК» ЖШС
ҚМГ үлесі – 50%
2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 453 мың тонна
Қызылорда облысы
«ПетроҚазақстан Инк.» АҚ
ҚМГ үлесі – 33%
акционерлері «CNPC E&D» (67%) және «ҚазМұнайГаз» БӨ (33%) болып табылатын компаниялар тобы
2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 408 мың тонна
Қызылорда облысы
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 453 мың тонна
Ақтөбе облысы
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС
ҚМГ үлесі – 50%
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Caspian Investments Resources Ltd (Sinopec) тепе-теңдік негізінде Компанияға қатысушылар болып табылады
2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 241 мың тонна
Ақтөбе облысы
«Ұрықтау Оперейтинг» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 95 мың тонна
Ақтөбе облысы
Dunga Operating GmbH
ҚМГ үлесі – 60%
2025 жылы мұнай және конденсат өндіру 406 мың тонна
Маңғыстау облысы Ссылка на сайт
«Орал Ойл Энд Газ» ЖШС
ҚМГ үлесі – 50%
2025 жылы мұнай және конденсат өндіру 172 мың тонна
Батыс Қазақстан облысы
Операциялық емес активтер (мегажобалар) Аймақ Сайт
«Тенізшевройл» ЖШС
ҚМГ үлесі – 20%
2025 жылы ҚМГ үлесіне мұнай және газ конденсатын өндіру 7 802 мың тонна
Атырау облысы
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.»
ҚМГ үлесі – 16,88%
«ҚМГ Қашаған Б.В.» (16,88%), Eni (16,81%), Exxon Mobil (16,81%), Shell (16,81%), TOTAL SA (16,81%), CNPC (8,33%), INPEX North Caspian Sea (7,56%)
2025 жылы ҚМГ үлесіне мұнай және конденсат өндіру 3 025 мың тонна
Атырау облысы
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.»
ҚМГ үлесі – 10%
2025 жылы ҚМГ үлесіне сұйық көмірсутектерді өндіру 1 091 мың тонна
Батыс Қазақстан облысы
ӨҢДЕУ
ҚМГ компаниялар тобында Қазақстанда төрт ірі мұнай өңдеу зауыты және Румынияда екі мұнай өңдеу зауыты бар. 2021 жылы жалпы өңдеу көлемі 18,9 млн тоннаға жетті. 2021 жылы жалпы өңдеу көлемі 18,9 млн тоннаға жетті. 2026 жылдың бірінші.
Қазақстан Аймақ Сайт
Caspi Bitum
Жобалық өңдеу қуаты – 0,9 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – CITIC компаниясымен бірлесіп 50,00%
Маңғыстау облысы
Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Жобалық өңдеу қуаты – 6,0 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – 49,72%, CNPC компаниясымен бірлескен
Түркістан облысы
Павлодар мұнай-химия зауыты
Жобалық өңдеу қуаты – 6,0 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – 100%
Павлодар облысы
Атырау мұнай өңдеу зауыты
Жобалық өңдеу қуаты –5,5 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі –99,53%
Атырау облысы
Румыния Аймақ Сайт
Вега
Жобалық өңдеу қуаты – 0,3 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – Румыния Үкіметімен бірлесіп 54,63%
Плоешть ауданы, Плоешть қаласы
Петромидия
Жобалық өңдеу қуаты – 4,6 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – Румыния Үкіметімен бірлесіп 54,63%
Констанца ауданы, Наводарь қаласы
ТАСЫМАЛДАУ
ҚМГ-де мұнай тасымалының екі түрі бар – магистраль құбырларымен және теңіз флотымен тасымалдау. 2021 жылы ҚМГ үлесіне магистраль құбырларымен мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 64 710 мың тоннаны құрады. 2021 жылы мұнайды теңізбен тасымалдаудың жалпы көлемі 9 855 мың тонна болды.
Магистральдық құбырлармен тасымалдау Аймақ Сайт
«Каспий құбыр консорциумы»
Негізгі бағыттар: Еуропаға экспорт
Қуаты – жылына 67 млн тонна
ҚМГ үлесі – 20,75%
Атырау облысы
«МұнайТас» СБТК» ЖШС
Негізгі бағыттар: Қытайға экспорт, ішкі нарық
Қуаты – жылына 20 млн тонна
ҚТО үлесі – 51%
Алматы
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС
Негізгі бағыттар: Қытайға экспорт, ішкі нарық
Қуаты – жылына 20 млн тонна
ҚТО үлесі – 50%
Алматы
«ҚазТрансОйл» АҚ
Негізгі бағыттар: Еуропа мен
Қытайға экспорт, ішкі нарық
«Атырау-Самара» учаскесінің қуаты – жылына 17,52 млн тонна
Ақтау портының қуаты – жылына 5,2 млн тонна
ҚМГ үлесі 90%, акцияларының 10%-і «Халықтық ІРО» бағдарламасының шеңберінде оларды сатып алған миноритарлық акционерлерге тиесілі.
Астана
Теңіз флотымен тасымалдау Аймақ Сайт
«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып табылады.
Мұнайды теңізбен тасымалдаудың негізгі маршруттары:
• Каспий теңізінің су айдынындағы маршруттар;
• Қара және Жерорта теңіздерінің су айдындарындағы маршруттар.
ҚМГ үлесі – 100%.
Маңғыстау облысы
МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ
ҚМГ отандық мұнай-газ химиясы саласындамытуды қолға алды, бұл ұлттық компанияның дамуындағы жаңа кезең деуге болады. 2022 жылы полипропилен өндіретін KPI зауытының құрылысы аяқталып, іске қосылады. Сонымен қатар, ҚМГ халықаралық мұнай-газ компанияларымен бірлесіп, бутадиен мен полиэтилен өндірісі бойынша жобаларды іске асыруға кіріседі.
Аймақ Сайт
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI)
ҚМГ үлесі: 49,5%
Қуаты: жылына 500 мың тонна полипропилен
Атырау облысы
Мұнай-сервистер
ҚМГ ағымдағы өндіріс деңгейін сақтау, жаңа жобаларды дамыту мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы сервистік бағыттарды үйлестіреді, сондай-ақ қызметін жүзеге асырып жатқан өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда өзінің жетекші ролін ескереді.
Аймақ Сайт
«KMG Systems and Services» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
Қызметтер:
• Солтүстік-Каспий мұнайдың төгілуіне ден қоюдың экологиялық базасы мен теңіз мұнай операцияларын қолдау инфрақұрылымының басқа да объектілерін пайдалануға беру, пайдалану, басқару және оларға сервистік қызмет көрсету;
• теңіз мұнай операцияларын қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру;
• мұнай төгілуінің алдын алу және теңіз бен құрлықта оларға ден қою жұмыстары;
• мұнай-газ жабдығы өндірісі мен оған сервистік қызмет көрсету жобаларына қатысу
Астана
«KMG Drilling&Services» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
Қызметтер:
Теңіз мұнай ұңғымаларын бұрғылау және салу.
Астана
«Oil Services Company» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
Қызметтер:
• мұнай, газ ұңғымаларын бұрғылау және игеру;
• ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу;
• мұнай өндірудің технологиялық процестерін химиялау;
• лицензияның негізінде тасымалдау қызметтерін көрсету және қызметтің басқа да түрлерін орындау.
Ақтау
БАРЛАУ
ҚМГ 11 геологиялық барлау жобасын іске асыруда және өндіруші активтерде қосымша барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр..

Халықаралық тәуелсіз DeGolyer&MacNaughton консалтингтік компаниясының PRMS халықаралық стандарттары бойынша дайындаған аудитіне сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ-нің дәлелденген және ықтимал көмірсутек қорлары (2Р) мұнай баламасында 724 млн тоннаны (5 626 млн баррель м.б.) құрады.
Аймақ
«Құрманғазы» жобасы
Жобаның қатысушылары:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – ӨБК-дегі үлесі 50%;
• «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ («Роснефть» ЖАҚ 100% еншілес ұйымы) - ӨБК-дегі үлесі 50%.
Жобаның операторы - «Құрманғазы Петролеум» ЖШС, оның жарғылық капиталындағы 100% үлесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа тиесілі.
Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ шығындарды 50%-дан бөлісіп, паритеттік негізде қаржыландырады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторы
«Центральная» жобасы
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50%;
• «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ («ЛУКОЙЛ» ЖАҚ пен «Газпром» ЖАҚ 50/50% бірлескен кәсіпорны (БК)) — 50%.
Жер қойнауын пайдаланушы - Ресей Федерациясында тіркелген «Нефтегазовая Компания Центральная» ЖШҚ.
Барлау кезеңінде қаржыландыруды «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ жүзеге асырады.
Каспий теңізінің ресей секторы
«Хвалынское» жобасы
2005 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ 50/50% үлеспен бірлескен кәсіпорын – «Каспийская нефтегазовая компания» ЖШҚ-ны құрды. Өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін, жер қойнауын пайдалану құқығы осы кәсіпорынның атына ресімделеді.
Жобаны қаржыландыруды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ паритеттік негізде жүзеге асырады.
Каспий теңізінің ресей секторы
«Шығыс Бектұрлы» жобасы
Жобаның қатысушылары:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50% жер қойнауын пайдалану құқығы;
• «Көкел Мұнай» ЖШС - 50% жер қойнауын пайдалану құқығы.
Жоба операторы – «Besturly Energy Operating» ЖШС.
Барлау кезеңінде қаржыландыруды «Көкел Мұнай» ЖШС кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша жүзеге асырады.
Маңғыстау облысы
«Болашақ» жобасы
Жер қойнауын пайдаланушы: «Bolashak Operating» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100% еншілес ұйымы.
Қаржыландыру – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ меншікті қаражаты есебінен.
Маңғыстау облысы, Каспий теңізінің қазақстандық секторы
«ГИН 2.0» жобасы.
Жер қойнауын пайдаланушы (ЖГЗ лизензияларын ұстаушы): «KMG Barlau» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100% еншілес ұйымы.
Жоба Береке, Шығыс және Оңтүстік Шу-Сарысу сияқты 3 учаскеде геологиялық зерттеу жүргізуді қамтиды..
Қаржыландыру «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
(Береке - Ақтөбе және Атырау облыстары; Шығыс - Ақтөбе облысы; Оңтүстік Шу-Сарысу - Ұлытау облысы)..
Батыс Қазақстан облысы
«Березовский» жобасы
Жоба қатысушылары: • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50% жер қойнауын пайдалану құқығы;
• «Sinopec International Energy Investment Holdings Netherlands B.V.» - 50% жер қойнауын пайдалану құқығы.
Жоба операторы – «Akkaiyn Operating» ЖШС
Барлау кезеңінде жобаны Sinopec компаниясы кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша қаржыландырады.
Батыс Қазақстан облысы
«Жылыой» жобасы
Жобаның қатысушылары:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50% жер қойнауын пайдалану құқығы;
• «CNOOC Hong Kong Holdings Limited» - 50% жер қойнауын пайдалану құқығы.
Жоба операторы – «Zhylyoi Operating» ЖШС
Барлау кезеңінде жобаны CNOOC компаниясы кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша қаржыландырады.
Атырау облысы
«Шығыс» жобасы
Жобаның қатысушылары:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50% жер қойнауын пайдалану құқығы;
• «Geoenergija Razvoj d.o.o.» - 50% жер қойнауын пайдалану құқығы.
Жоба операторы – «Shygys Operating» ЖШС
Барлау кезеңінде жобаны Geoenergija Razvoj d.o.o. компаниясы кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша қаржыландырады.
Ақтөбе облысы
«Әл-Фараби» жобасы
Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы - «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50,1%;
• «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ — 49,99%.
Барлау кезеңінде қаржыландыруды «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша жүзеге асырады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторы
«Каратон Подсолевой» жобасы
Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы - «Қаратон Оперейтин» ЖК
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50%;
• «Татнефть» ЖАҚ - 50%.
Барлау кезеңінде қаржыландыруды «Татнефть» ЖАҚ кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша жүзеге асырады
Атырау облысы