Сатып алу
«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы Қордың Директорлар кеңесі бекіткен (2021 жылғы 3 наурыздағы №193 хаттама), «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII Заңына сәйкес әзірленген және қабылданған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен реттеледі.
Аталған заңға сәйкес сатып алу келесі қағидаттарға негізделеді:
  • 01
    сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
  • 02
    өнім берушілердің коммерциялық құпияға құқықтары және (немесе) заңды мүдделері сақтала отырып, сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы (тендер қорытындылары шығарылғанға дейін);
  • 03
    болашақ өнім жеткізушілер арасында адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;
  • 04
    сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
  • 05
    осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, болашақ өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
  • 06
    отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ отандық орындаушылар мен қызмет көрсетушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қарама-қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
  • 07
    инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;
  • 08
    сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу;
  • 09
    сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілерінің құқығын сақтау.
special-card

Жылдық сатып
алу жоспары

Толығырақ
special-card

Қордың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

Толығырақ
Жергілікті қамтуды дамыту
Жергілікті қамтуды дамыту – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың басым міндеттерінің бірі. Бұл міндет Қордың Директорлар кеңесі бекіткен (2021 жылғы 3 наурыздағы №193 хаттама) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген қолдау шаралары арқылы іске асырылады. Олардың негізгілері:
  • - Қордың тауар өндірушілері арасында ғана тауарларды сатып алу басымдығын белгілеу мүмкіндігі;
  • - Оффтейк-шарттар жасасу арқылы жаңа өндірістер құруға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыратын тауар өндірушілердің өнімдерін міндетті түрде сатып алу;
  • - Мердігерлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын (бұдан әрі - ҚМЖ) тауар өндірушілерден ҚМЖ шеңберінде сатып алынатын тауарды сатып алуы туралы талап;
  • - Тапсырыс берушінің отандық тауар өндірушімен жасалатын шарттың, оның ішінде ұзақ мерзімді кезеңге жасалатын шарттың талаптарына шарттың қолданылуының келесі 12 айында шарт сомасының кемінде 30% мөлшерінде алдын ала төлемді қосу міндеттемесі;
  • - Отандық тауар өндірушілер үшін тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуден және шарттардың орындалуын қамтамасыз етуден босату, сондай-ақ алдын ала төлемді қайтару кепілдіктері;
  • - Тауарды уақтылы жеткізбегені немесе жеткізуден бас тартқаны үшін сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес тауар өндірушіге есептелетін, сатып алынатын тауардың тауар өндірушілерімен жасалатын шарттардағы айыппұлдардың ең жоғары мөлшерін шектеу;
  • - Тараптар тауардың жеткізілгенін растайтын актілерге қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сатып алынатын тауардың тауар өндірушісімен жасалған шарт бойынша есеп айырысуды, оның ішінде түпкілікті есеп айырысуды жүзеге асыру.
Ерекше тәртіп
Тәртіптің 73-бабының 1-тармағына сәйкес сатып алудың кейбір санаты ЭСАЖ сатып алу веб-порталын (www.zakup.sk.kz) пайдаланбай, ерекше тәртіпті қолдана отырып жүзеге асырылады. Тәртіптің 73-бабының 3-тармағы негізінде, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуды қоспағанда, ерекше тәртіп қолданылып жүргізілетін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат тапсырыс берушілердің веб-сайттарында орналастырылады.
Тізімді жүктеу