«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың жоғары басқару органы

Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді. ҚМГ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын ҚМГ Директорлар кеңесі шақырады. ҚМГ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы ҚМГ Директорлар кеңесінің немесе ҚМГ акционерлерінің кез келгенінің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін Директорлар кеңесі қалыптастырады және талқылауға шығарылатын нақты тұжырымдалған мәселелердің толық тізбесін қамтуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыреті мәселелері
Толығырақ
Барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші тұлғаның немесе Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері
Кезең
2022 жылғы 18 ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 12/22 хаттама) Ауғанов Ғибрат Қайратұлы және Жанәділ Ернар Бейсенұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері -  «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдірушілер болып сайланды.
2022 жылғы 7 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№21/22 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы,  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Алик Серікұлы Айдарбаевтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2022 жылғы 27 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№29/22 хаттама) Хаирова Әсел Әнуарқызы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды.
2022 жылғы 6 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№25/22 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2021 жылғы (шоғырландырылған және жеке) жылдық қаржылық есептілігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың таза табысын бөлудің тәртібі бекітілді.
2022 жылғы 14 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№22/22 хаттама) Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.