2023 жылғы дивидендтер мөлшері
-
491.71теңге, жай акцияға шаққандағы дивидендтер мөлшері
-
300млрд теңге, төленген дивидендтердің барлығы
Дивидендтер серпіні
есепті жылдың нәтижелері бойынша
2023 | 2022 | 2021 | 2020 | 2019 | 2018 | 2017 | |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Жай акцияға шаққандағы дивидендтер мөлшері, теңге | 491,71 | 491,71 | 327,80 | 81,95 | 133,97 | 60,64 | 59,45 |
Төленген дивидендтердің барлығы, млрд теңге | 300 | 300 | 200 | 50 | 82 | 37 | 36 |
2024 жылғы 28 мамырда ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысы дивидендтерді төлеуге 300 001 855 903,03 теңге жіберу туралы шешім қабылдады.
ТолығырақДивиденд жөніндегі саясаттың міндеттері – барлық мүдделі тараптардың құқықтарын өзара сақтай отырып, акционерлердің, кредиторлар мен Компанияның мүдделерін оңтайлы үйлестіру, сондай-ақ Компанияның құны мен оның инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылады.
Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысына өткен қаржы кезеңі үшін шоғырландырылған еркін ақша ағымы негізінде есептелген ҚМГ-нің шоғырландырылған таза кірісін бөлу тәртібі және Компанияның бір жай акциясына шаққанда дивидендтер мөлшері туралы ұсыныс береді.
Директорлар кеңесі дивидендтердің ұсынылатын мөлшерін белгілеу кезінде ол қажет деп санайтын кез келген факторларды, оқиғаларды және іс-әрекеттерді, оның ішінде, бірақ олармен ғана шектелмей, мыналарды ескеруге құқылы:
- компанияның болашақта күрделі салымдар мен инвестициялық жобалар шығындарын қаржыландыру қажеттілігі;
- қарызға қызмет көрсету қажеттілігі;
- қаржы орнықтылығы мен инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингтерді сақтау үшін ақша қаражатының жеткілікті деңгейін ұстап тұру қажеттілігі;
- басқа да маңызды факторлар.