Акциялар
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңының 6-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар сату күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен 01.01.2066 жылға дейін босатылады.
ҚР Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі осындай дивидендтер мен сыйақылар кіріс түрлерi алып тасталады (Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды):
- бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер көлемі күнтізбелік айда кемінде 25 млн. теңгені құрайды;
- бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер саны күнтізбелік айда 50-ден аз мәмілені құрайды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңы 6-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар осындай дивидендтерді есепке жазу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер түрінде кіріс бойынша жеке табыс салығын төлеуден 01.01.2066 ж. дейін босатылады; мынадай өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттық жүзеге асырылатын:
- бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер көлемі күнтізбелік айда кемінде 25 млн. теңгені құрайды;
- бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер саны күнтізбелік айда 50-ден аз мәмілені құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өлшемшарттарды сақтамаған кезде ҚР Салық кодексі 321-бабының 10) тармағына сәйкес дивидендтер түріндегі кіріс жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізіледі және ҚР Салық кодексі 320-бабының 1-тармағына сәйкес Салық төлеушінің кірістеріне 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Акционерлердің жалпы жиналысы және акционерлердің құқықтары
Дивидендтер
Осындай жағдай болмауы үшін акционерлер соңғы ақпаратын жаңартып, өззге де жеке деректерін алдын ала ұсынып отыруы қажет.
Есептіліктер
Қазіргі кезде бейне және басқа жарнамалық науқандар арқылы алдауға тырысатын алаяқ әрекеттер жиілеп кетті. Онда алаяқтар компанияның атынан қазақстандықтарға компанияның акциясына немесе инвестициялық жобаларына инвестиция құюды ұсынады. Алаяқтар есесіне мұнай мен газды сатудан жылдам пайда табуға болатынына уәде береді.
«ҚазМұнайГаз» АҚ әлеуметтік желілерде мұндай жарнамаларды жарияламайды, компания туралы барлық ресми ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланады. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін «ҚазМұнайГаз» АҚ бағалы қағаздарын тек лицензиясы бар брокерлік ұйым арқылы сатып алу керек екенін еске сақтаңыздар. Брокерлік ұйымның лицензиясының бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің веб-сайтынан тексеруге болады (GOV.KZ (www.gov.kz)).