Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытында аса қауіпті жұмыстарды бақылауға арналған цифрлық жүйе енгізілді

05.11.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) еншілес кәсіпорны — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС электрондық наряд-рұқсат жүйесін енгізді. Жаңа цифрлық шешім өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және аса қауіпті жұмыстардың орындалуы кезінде бақылауды күшейтуге бағытталған.

Жөндеу, жер қазу, электр техникалық, от және газ қауіпті жұмыстарға барлық рұқсат электронды түрде рәсімделеді және келісіледі. Наряд-рұқсаттарға компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қол қоюға болады. Барлық жауапты тұлға қол қойғаннан кейін ғана құжат күшіне еніп, содан кейін жұмыстарды бастауға болады.

Жүйедегі ерекшеліктердің бірі — жасанды интеллектіні пайдалану. Жасанды интеллект негізіндегі көмекші наряд-рұқсаттарға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді, ескерілмеген қауіпсіздік шараларын анықтайды және зауыттың ішкі нұсқаулықтарына сәйкес ұсыным береді. Бұл ретте соңғы шешімді жауапты маман қабылдайды.

Қазіргі уақытта жүйе зауыттың барлық өндірістік нысанында пайдаланылады. Жүйе қолданыстағы наряд-рұқсаттарды бір цифрлық ортаға жинақтап, олардың қолданылу мерзімін бақылауға және зауыт аумағында аса қауіпті жұмыстар жүргізіліп жатқан орындарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге және қағаз құжат айналымының көлемін қысқартуға ықпал етеді.

Жүйені енгізу — бұл ҚМГ-ның өндірістік процестерді цифрландыруға және компаниялар тобының кәсіпорындарында қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ