ҚМГ басшысы Аустрияның іскер топтарымен мұнай-газ саласындағы ықпалдастық перспективаларын қарастырды
13.11.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астана қаласында Аустрияның Федералдық экономика, энергетика және туризм министрлігінің бас хатшысы Северин Грубер бастаған бизнес делегациямен кездесті.
ҚМГ-ның Аустрия компанияларымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының негізгі мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, делегация құрамында мұнай мен табиғи газды барлау және өндіру, газ сату, мұнай өңдеу, отын және мұнай-химия өнімдерін шығару бағытында қызмет ететін OMV AG энергетикалық тобының өкілдері болды.
ҚМГ мен OMV компаниялары арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттары ретінде мұнай өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту, қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімдерінің өндірісін ұлғайту, энергияны тиімді пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік, жаңа технологияларды енгізу және цифрландыру мәселелері айқындалды.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Анықтама:
OMV AG – 1956 жылы негізі қаланған энергетика және химия саласындағы ірі халықаралық компаниялардың бірі. Штаб-пәтері Вена қаласында орналасқан. Компанияның Аустрия, Германия және Румынияда мұнай өңдеу кәсіпорындары бар. Мұнай мен табиғи газды барлау және өндіру бағытындағы негізгі бөлімшелері Солтүстік, Орталық және Шығыс Еуропада, сондай-ақ Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстың жекелеген елдерін қамтитын оңтүстік өңірде шоғырланған. OMV AG-ның химия бөлімшелері өз өнімдерін әлемнің 120-дан астам еліне жеткізеді.