Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Chevron серіктестіктің негізгі бағыттарын талқылады

10.11.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Вашингтонда (АҚШ) «Chevron» корпорациясы upstream бағытының президенті Клэй Неффпен кездесті.

Тараптар Теңіз кен орнын игеру, сондай-ақ геологиялық барлау мен көмірсутектерді тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, қазір салынып жатқан Газ сепарациялау кешеніне (ГСК) құрғақ газ жеткізуді қамтамасыз ету үшін «Теңізшевройл» ЖШС-нің Lean Gas Modification (LGM) жобасын уақтылы іске асырудың маңызы атап өтілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, ГСК өнімі ұлттық компания серіктестерімен бірге құрылысын жүргізіп жатқан полиэтилен зауытына шикізат ретінде жеткізіледі.

ҚМГ-ның ауқымды геологиялық барлау бағдарламасы аясында Chevron серіктестікті жалғастыруға қызығушылық білдірді.

— Chevron – ҚазМұнайГаздың стратегиялық серіктестерінің бірі. Біз өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделіміз, — деді А.Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ