Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-ның Жылдық есебі халықаралық марапаттарға ие болды

30.10.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) 2025 жылға арналған Жылдық есебі корпоративтік есептілік саласындағы екі халықаралық байқауда жоғары бағаланды.

ARC Awards 2026 байқауында (АҚШ) есептің интерактивті нұсқасы «Жаһандық деңгейдегі интерактивті жылдық есептер» санатында ең жоғары марапатты — Grand Award иеленді. ҚМГ байқауда жүлде алған Қазақстанның жалғыз эмитенті болды. Барлығы 31 елден 1 200-ден астам жұмыс ұсынылды.

Бұдан бөлек, «Мұнай мен газды барлау және өндіру» салалық санатында ҚМГ-ның интерактивті есебі алтынды, ал PDF нұсқасы күмісті иеленді.

ҚМГ-ның интерактивті есебі тағы бір марапатты – корпоративтік және қаржылық коммуникациялар саласындағы Corporate & Financial Awards 2026 (Ұлыбритания) байқауында «Жаһандық деңгейдегі үздік онлайн есеп» номинациясында қола жүлдені алды.

ҚМГ есептері халықаралық деңгейде тұрақты түрде бағаланып келеді. Соңғы бес жылда компания ARC Awards және Corporate & Financial Awards байқауларында бірнеше рет лауреат атанды.

— Жылдық есеп – инвестициялық қауымдастықпен ашық диалог жүргізудің маңызды құралы. Біздің мақсатымыз – инвесторларға компания қызметінің нәтижелері, стратегиясы, даму перспективалары мен тәуекелдері туралы толық әрі сенімді ақпарат беру. Есептің интерактивті нұсқасы ақпаратқа түрлі құрылғы арқылы қол жеткізуге, қажетті мәліметтерді жылдам іздеуге және талдауға, сондай-ақ оларды автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді, — деді ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова.  

Annual Report Competition (ARC Awards) — 1987 жылдан бері өткізіліп келе жатқан және әлемдегі ең ірі байқау ретінде танылған халықаралық жылдық есептер байқауы.
Corporate & Financial Awards (CFA) — корпоративтік және қаржылық коммуникациялар саласындағы британиялық марапат. CFA 2012 жылдан бері өткізіліп келеді, ақпаратты ашып көрсетудің әрі мүдделі тараптармен тығыз байланыс орнатудың үздік тәжірибелерін бағалайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ