Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда

25.11.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатқан Жаңаөзен қаласындағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды.

Жоба аясында жабдықтарды Қазақстанға кезең-кезеңімен жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін Ерсай портында алғашқы кеменің жүгі түсірілген болатын. Жүктің ішінде факел блогы, термиялық тотықтырғыш, майды қыздыру пеші, жылу алмастырғыштар, электр жылытқышы орнатылған сыйымдылықтар және басқа да материалдар бар.

Сонымен қатар күні кеше портқа екінші кемемен жалпы зауыт шаруашылығының цехаралық коммуникацияларына арналған эстакадалардың конструкциялары жеткізілді. Тағы екі кеме жолда келе жатыр, оның біреуіне зауыттың негізгі жабдығы – Siemens-тің екі компрессорлық қондырғысы және екі газ турбинасы тиелген.

Бүгінде ҚХР-дың өндіріс алаңдарында негізгі технологиялық қондырғыларды дайындау мен модульдерді құрастыру жұмыстары жалғасуда. Ұзақ уақыт жасалатын жабдықтың саны – 240, соның 169-ы дайын болды, 71-і әзірленуде. Жабдықты дайындау бойынша жалпы ілгерілеу көрсеткіші 65,1% жетті.

Сонымен қатар болашақ зауыттың алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жер қазу, іргетас құю, сондай-ақ сфералық және цилиндрлік резервуарларды құрастыру жұмыстары атқарылуда. Бүгінде 20 970 м³ бетон төселді, бұл жоспарланған жалпы көлемнің 33,3% құрайды. Жұмыс ауқымының кеңеюіне қарай құрылысқа тартылатын ресурстар да кезең-кезеңімен артып келеді.

Айта кетсек, зауыт модульдік әдіспен салынуда. Басты технологиялық блоктар шығарушы зауытта дайындалып, монтажын жасау үшін құрылыс алаңына жеткізіледі. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімі мен көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа кәсіпорын жылына 900 млн м³ табиғи және ілеспе газды өңдеуге қауқарлы болады. Зауыт тауарлық және сұйытылған мұнай газын, сондай-ақ пентан-гексан фракциясын шығарып, Маңғыстау облысының халқы мен өнеркәсіп мекемелерін газ өнімдерімен қамтамасыз етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ