Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстанға Жаңаөзенде салынып жатқан газ өңдеу зауытына арналған жабдықтың алғашқы партиясы жеткізілді

30.10.2026

Ерсай портына Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаңа газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) үшін Қытайда жасалған жабдықтың бірінші партиясы теңіз жолымен жеткізілді. Атап айтқанда пештер, жылу алмастырғыштар, сыйымдылықтар мен электр қыздырғыштар.

Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүзеге асырып жатқан жобаның маңызды кезеңі.

Теңіз арқылы тасымалдау биылғы 16 тамызда басталды. Қазіргі уақытта жүк тиелген тағы үш кеме Қазақстанға келе жатыр. Бұдан кейінгі жабдықтар жобаның кестесіне сай кезең-кезеңімен жөнелтіледі.

Бүгінде ҚХР-дың өндіріс алаңдарында негізгі технологиялық қондырғыларды дайындау мен модульдерді құрастыру жұмыстары жалғасуда. Ұзақ уақыт жасалатын жабдықтың саны – 240, соның 138-і дайын болды, 102-сі әзірленуде. Жабдықты дайындау бойынша жалпы ілгерілеу көрсеткіші 61,6% жетті.

Айта кетсек, зауыт модульдік әдіспен салынуда. Басты технологиялық блоктар шығарушы зауытта дайындалып, монтажын жасау үшін құрылыс алаңына жеткізіледі. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімі мен көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа кәсіпорын жылына 900 млн м³ табиғи және ілеспе газды өңдеуге қауқарлы болады. Зауыт тауарлық және сұйытылған мұнай газын, сондай-ақ пентан-гексан фракциясын шығарып, Маңғыстау облысының халқы мен өнеркәсіп мекемелерін газ өнімдерімен қамтамасыз етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ