Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және SOCAR басшылары серіктестіктің перспективаларын талқылады

03.11.2026

Баку қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджафпен кездесті.

Тараптар геологиялық барлау, бұрғылау, цифрландыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта ҚМГ мен SOCAR Қазақстан мен Әзербайжанда жер қойнауының перспективті учаскелері бойынша геологиялық мәліметтерді зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар бұрғылау саласындағы, соның ішінде «KMG Drilling and Services» ЖШС-не тиесілі қазақстандық «Satti» өзі көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын Әзербайжанның теңіздегі кен орындарының ұңғымаларында жұмыс істеуге тарту бойынша өзара іс-қимыл перспективалары туралы сөз болды.

Бұдан бөлек, тараптар ҚазМұнайГаз, SOCAR, Татнефть және Өзбекнефтегаз арасында жасалған меморандумдар аясындағы цифрлық шешімдер мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмыстардың орындалу барысын талқылады. Биыл қазан айында серіктес компаниялардың өкілдері Маңғыстау облысында орналасқан ҚМГ-ның өндірістік кәсіпорындарында болды. Сапар қорытындысы бойынша еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы озық практикаларды енгізу, тәжірибе алмасу, тиімді шешімдерді енгізуге бағытталған алдағы жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.

Кездесу соңында А.Хасенов пен Р.Наджаф екі компанияның стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екенін растады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ