Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазТрансОйл автокөліктерді сатып алуда отандық техниканың үлесін 97% дейін арттырды

07.10.2026

ҚМГ-ның еншілес ұйымы – «ҚазТрансОйл» АҚ өзінің автопаркін кезең-кезеңімен жаңартып, отандық өндіріс өнімдеріне басымдық беріп келеді.

Биыл компания 61 бірлік автокөлік техникасын сатып алды, оның 59 бірлігі (97%) Қазақстанда жасалған. Отандық техниканы жеткізушілер қатарында QAZTEHNA, КАМАЗ-Инжиниринг және СарыарқаАвтоПром кәсіпорындары бар.

Автокөлік техникасы талаптарын әзірлеу кезінде оның қауіпсіздігіне, сенімділігіне және функционалдық сипаттарына ерекше мән беріледі. Сатып алатын автомобильдер айналаны шолу жүйесімен, парктрондармен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзге де жүйелермен жабдықталады. Сонымен қатар жүргізушінің еңбек және демалыс режимін бақылауға мүмкіндік беретін тахографтардың болуы – автокөлік техникасына қойылатын міндетті талаптардың бірі. Ол қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлікқұралдарына да қатысты.

Компания көпфункционалды көліктер арқылы автопарктің мүмкіндіктерін кеңейтуде. Атап айтқанда, жұмысшыларды биікке көтеруге арналған платформасы бар автокрандар сатып алу жоспарлануда. Мұндай техника бір көлік құралының көмегімен бірнеше өндірістік жұмысты орындауға мүмкіндік береді.

Шалғайдағы өндірістік нысандарда жұмыс істейтін мамандар мен көлік жүргізушілердің еңбек жағдайын жақсартуға да басымдық беріледі. Осы мақсатта ұзақ сапарлар кезінде демалуға мүмкіндік беретін жатын орны бар кабиналармен жабдықталған автокөліктер қарастырылған. 2025 жылы қызметкерлерді ұзақ бағыттарда тасымалдайтын пневматикалық аспалы вахталық автобустар сатып алынған болатын.

Автопарк компания нысандарының жұмыс жағдайы мен мұнай құбырлары инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескере отырып жаңартылады. Бұл ретте шалғайдағы өндірістік нысандарға қатынайтын және қыс мезгілінде пайдаланылатын көлікке қойылатын талаптар да ескеріледі. Мұндай тәсіл отандық машина жасаушыларды қолдауға, көліктің қауіпсіздігін арттыруға және өндірістегі жұмыстардың үздіксіз әрі тиімді орындалуына мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ