ҚазМұнайГаз бен Транснефть өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады
06.11.2026
Мәскеу қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесу өткізді.
Тараптар мұнай тасымалдау мен транзиттеу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқыланды.
ҚМГ басшысы Қазақстан көмірсутектерін экспортқа шығаруда айрықша рөл атқаратын Каспий құбыр консорциумы, Атырау – Самара және Махачкала – Новороссийск маршруттарының стратегиялық маңызын атап өтті. Ұзақ жылдар бойы пайдаланылып келе жатқан бұл бағыттар өзінің сенімділігі мен экономикалық тиімділігін дәлелдеді.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Ресейдің транзиттік әлеуетін нығайту үшін негізгі қызмет бағыттары бойынша өзара тиімді серіктестікті дамытуға ниетті екенін жеткізді.