Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Өріктау газ кен орнын жайластыру жұмыстарын жалғастыруда

03.11.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «Өріктау Оперейтинг» ЖШС Ақтөбе облысындағы Орталық Өріктау кен орнын жайластыру жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінде 8 ұңғыманы консервациядан шығарып, игеру және пайдалануға дайындау, сондай-ақ 2 өлшеу қондырғысын, газ жинау пунктін және Жаңажол газ өңдеу зауытына дейін ұзындығы 10,5 шақырым болатын газ құбырын салу көзделген жобаның бірінші кезеңін аяқтау бойынша іс-шаралар қарқынды жүріп жатыр.

Айта кетсек, жобаның бірінші кезеңінде, яғни биыл жыл соңына дейін шикі газдың өнімділік деңгейін жылына 200 млн м³ дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұған қоса жобаның екінші кезеңі іске асырылып жатыр. Оны 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жоба толық қуатына шыққан кезде жыл сайын 1 млрд м³ дейін газ өндіріледі.

Бұған қоса, Шығыс Өріктау кен орнында жобалық қуаты жылына 355 мың тонна мұнай және 197 млн м³ газ болатын мұнай мен газды алдын-ала дайындау цехының, сондай-ақ қосымша өндірістік инфрақұрылым нысандарының құрылысы да жүріп жатыр.

Жоба іске қосылғаннан кейін жылына 910 млн м³ дейін тауарлық газ, шамамен 75 мың тонна сұйытылған көмірсутек газы, 270 мың тонна тұрақты газ конденсаты және 32 мың тонна түйіршіктелген күкірт өндіріледі.

Аталған бастамалар Мемлекет басшысының жаңа газ кен орындарын игеруді жеделдету және қолданыстағы өңдеу кәсіпорындарын барынша тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Бұл тауарлық газ өндіру көлемін ұлғайтуға және Қазақстанның ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қосымша үлес қосуға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ