"Су өндіру және тасымалдау басқармасы" ЖШС 2024-2026 жылдар кезеңінде "Су өндіру және тасымалдау басқармасы" ЖШС-нің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алуға бөлінген сома 28 169 000 теңгені құрайды.
Әлеуетті қатысушылар аудиторлық қызметтер көрсетуге ресми ұсыныс дайындау үшін ақпарат алу мақсатында кездесе алатын жауапты лауазымды тұлғаның деректері (құпиялылық туралы келісімді және аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салудың көшірмесін қоса алғанда):
1. "Су өндіру және тасымалдау басқармасы" ЖШС Бас бухгалтері Чабикова А.Д., байланыс ақпараты: тел: +7(72934) 92-705, электрондық пошта мекенжайы: a.chabikova@udtv.kmg.kz
Шарттар: аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салудың көшірмелері әлеуетті өнім берушілерге олар құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін беріледі. Әлеуетті қатысушылар жоғарыда аталған лауазымды адамнан құпиялылық туралы келісім ала алады. Әлеуетті қатысушылардан аудиторлық қызметтер көрсетуге арналған ресми ұсыныстар "Су өндіру және тасымалдау басқармасы" ЖШС, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, өнеркәсіптік аймақ, (пошта индексі 130200) мекенжайы бойынша 2024 жылдың 04-ші қарашаға дейінгі мерзімде, сағат 11:00-ге дейін немесе a.chabikova@udtv.kmg.kz эл.пошта бойынша қабылданады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу тәртібі шеңберінде ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ) сатып алу туралы шарттарының орындалу барысында туындайтын даулы мәселелер бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтер бойынша жеткізушілерден түскен өтініштерді/шағымдарды қарайтын Наразылық комиссиясы құрылды.
Жасалған шарттар бойынша жауапкершілікке тарту туындаған жағдайда өнім берушілердің өтініштерін қарау; аталмыш жауапкершіліктен туындайтын міндеттемелерді тоқтату; өнім берушілермен даулар бойынша ЕТҰ-ның бұрын қабылданған шешімдерінің негізділігін айқындау; ЕТҰ-мен жасалған сатып алу шарттары бойынша өзге де даулы мәселелерді қарау және комиссияның шешімдерін (тапсырмаларын) ҚМГ ЕТҰ-на орындау үшін жіберу құрылған комиссияның функциялары болып табылады.
Өтінішке арналған байланыс: +7 7172 78 95 46, A.Imaniyazov@kmg.kz
-
01сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
-
02өнім берушілердің коммерциялық құпияға құқықтары және (немесе) заңды мүдделері сақтала отырып, сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы (тендер қорытындылары шығарылғанға дейін);
-
03болашақ өнім жеткізушілер арасында адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;
-
04сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
-
05осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, болашақ өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
-
06отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ отандық орындаушылар мен қызмет көрсетушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қарама-қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
-
07инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;
-
08сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу;
-
09сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілерінің құқығын сақтау.
- - Қордың тауар өндірушілері арасында ғана тауарларды сатып алу басымдығын белгілеу мүмкіндігі;
- - Оффтейк-шарттар жасасу арқылы жаңа өндірістер құруға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыратын тауар өндірушілердің өнімдерін міндетті түрде сатып алу;
- - Мердігерлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын (бұдан әрі - ҚМЖ) тауар өндірушілерден ҚМЖ шеңберінде сатып алынатын тауарды сатып алуы туралы талап;
- - Тапсырыс берушінің отандық тауар өндірушімен жасалатын шарттың, оның ішінде ұзақ мерзімді кезеңге жасалатын шарттың талаптарына шарттың қолданылуының келесі 12 айында шарт сомасының кемінде 30% мөлшерінде алдын ала төлемді қосу міндеттемесі;
- - Отандық тауар өндірушілер үшін тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуден және шарттардың орындалуын қамтамасыз етуден босату, сондай-ақ алдын ала төлемді қайтару кепілдіктері;
- - Тауарды уақтылы жеткізбегені немесе жеткізуден бас тартқаны үшін сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес тауар өндірушіге есептелетін, сатып алынатын тауардың тауар өндірушілерімен жасалатын шарттардағы айыппұлдардың ең жоғары мөлшерін шектеу;
- - Тараптар тауардың жеткізілгенін растайтын актілерге қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сатып алынатын тауардың тауар өндірушісімен жасалған шарт бойынша есеп айырысуды, оның ішінде түпкілікті есеп айырысуды жүзеге асыру.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің 73-бабы 1-тармағының 14) тармақшасының талаптарына сәйкес әзірленді және бекітілді.
«Өзенмұнайгаз» АҚ үшін Жаңаөзен қаласының аумағында тауарлар өндірісін ұйымдастыруға кепілдік беретін әлеуетті инвесторларды (жеткізушілерді) іріктеуге арналған тауарлардың 16.02.2024 ж. тізбесі
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның жергiлiктi тауарлар тізбесі» Локализация бойынша техникалық сипаттамалар
