Шот-фактуралар үшін штрих-кодтар жасау
«Штрих-кодты парақ» құжатын генерациялау бойынша қысқаша нұсқаулық:
- Есепті кезең үшін шот-фактура мен орындалған жұмыстардың актісін дайындау;
- http://www.kmg.kz/procurements/barcode/ ресурсына кіру. Экрандық нысаны ашылады;
- Тізімнен баланстық бірлікті таңдау, яғни шот-фактура мен акті ұсынылатын тиісті мекемені таңдау;
- Құжаттың түрін таңдау (аталған жағдайда, құжаттың түрі біреу ғана – Шот-фактура);
- Есепті кезең үшін дайындалған шот-фактуралардан деректерді (хабардар ету үшін шарттың нөмірі, Шарт жасалған жыл, Құжаттың нөмірі, Құжаттың дайындалған күні, Валюта, Сома, оның ішінде ҚҚС, НДС, eMail);
МАҢЫЗДЫ! Деректерді енгізу кезінде клавиатуралар ағылшын тілінде тұруы керек - «Штрих-код қалыптастыру» кнопкасын басасыз. pdf – форматта құжат қалыптасады;
- Құжатты қағазға басыңыз;
- Басылған құжатты көз жүгіртіп тексеру және шот-фактурамен салыстыру қажет. Салыстыру кезінде мынаған: - парақта 4 жол штрих-код болуы тиіс екендігіне назар аударыңыз. Жолдардың әр қайсысы DD әріптерімен, яғни DD, DD1, DD2, DD3-мен басталады.
■ Егер штрих-кодтың жолдары 4-тен аз болса, құжат қате жасалған. Бұл жағдайда, төменде көрсетілгендерге назар аудару қажет.
■ Екі құжатта (шот-фактура мен штрих-коды бар басылға парақ) да ақпарат бірдей болуы тиіс; - Қаламмен өз ұйымыңыздың атын жазасыз;
- Құжатқа қол қоясыз (орындаушының қолы). Құжат жасалды;
- Жасалған құжатты басқа атқарушы құжаттарға (шот-фактура мен акті) қосасыз. Құжаттар пакеті қалыптасты;
- Қалыптастырылған Құжаттар пакетін «ҚМГ» ҰҚ АҚ Кеңсесіне жөнелтесіз.
- Құрметті берушілер мен мердігерлер! Штрих-коды бар басылған параққа өз ұйымыңыздың мөрін баспауды өтініп сұраймыз! «Мөрдің орны» деген жерге «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мөрі қойылады.
- «Штрих-кодты парақты» қажетті мөлшерде (қолмен түзетусіз, , картридждің ізінсіз және басқаларынсыз) басуды сұраймыз.
- «Штрих-кодты парақ» дұрыс жасалмаған жағдайда жаңа данасын қайта жасауыңызға болады. Бұл парақтарды генерациялау саны процеске әсер етпейді.