Тұрақты даму
ҚМГ экономикаға, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын сезінеді. Ұзақ мерзімді құнның өсуіне ұмтыла, мүдделі тараптардың мүдделерін сақтай отырып, өзінің орнықты дамуын қамтамасыз етедi
2023 жылғы негізгі көрсеткіштер
-
80.4Су жинау,
млн м3 -
7.44СО2 шығарындылары,
млн тонна -
716.6Энергия үнемдеу, мың ГДж
-
98.9Ілеспе мұнай газды кәдеге жарату деңгейі, %
-
120Мұнайдың төгілу көлемі, тонна
-
27.65Жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау, млрд теңге
-
4.5Қызметкерлердің тұрақтамауы, %
-
19Әйелдер мен ерлердің қатынасы, %

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары
2020 жылы ОДМ-ны Компанияның бизнес-процестеріне біріктіру процесі басталды. 17 ОДМ құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп санаттар бойынша сараланды, Компания өз үлесін қоса алатын 10 басым ОДМ анықталды

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста бәрінің әл-ауқатына жәрдемдесу

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

Барлығы үшін энергияның қымбат емес, сенімді, тұрақты әрі қазіргі заманға сай көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету

Барлығына ұдайы, жан-жақты қамтылған және тұрақты экономикалық өсуіне, толық әрі өнімді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмыс істеуіне жәрдемдес

Берік инфрақұрылымды құру, жалпылама және тұрақты индустрияландыруды қамтамасыз етуге және инновацияларды енгізуге жәрдемдесу

Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету

Климаттың өзгеруімен және оның салдарларымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау

Құрлықтың экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері айналысы және биоәртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату

Тұрақты даму мүдделеріндегі жаһандық әріптестіктердің шектерінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру

БҰҰ Жаһандық шарты
2006 жылдан бастап ҚМГ БҰҰ ЖШ мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады және он қағидатына және 17 ОДМ-ға адалдығын қолдайды

Мүдделі тараптар
Біз мүдделі тараптармен белсенді диалог жүргізу қағидатын басшылыққа ала отырып, өз қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге күш саламыз
ESG-қағидаттары шеңберіндегі ҚМГ қызметі
Біз өз қызметімізде қалыпты, салмақты әрі дәйекті декарбонизациялауға назар аударуға ниеттіміз және 2060 жылға дейін төменкөміртекті даму бағдарламасын қабылдадық.
Толығырақ