Компания корпоративтік басқаруды дәйекті, жүйелі негізде жетілдіреді.
2016 жылдан бастап Компанияны корпоративтік басқару саласында мақсаттар қою мен жақсарту прогресін қадағалау үшін PWC компаниясы әзірлеген Дауыс беретін акцияларының кем дегенде 50%-ы "Самұрық-Қазына" АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларда корпоративтік басқарудың диагностикасын жүргізу әдістемесі (Әдістеме) қолданылады.
"Самұрық-Қазына" АҚ мен Компанияның 2031 жылға дейінгі даму стратегияларында әдістемеге сәйкес корпоративтік басқару рейтингінің нысаналы мәндері айқындалған.
Әдістеме тәуелсіз тараптың Компанияны корпоративтік басқару диагностикасының (аудитінің) нәтижелері бойынша рейтинг беруді көздейді. Мұндай диагностика тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Компанияның корпоративтік хатшысы диагностиканың нәтижелері бойынша, Әдістеменің негізінде корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша жоспар жасайды, оны орындау нәтижелері тұрақты негізде Компанияның Директорлар кеңесінің назарына жеткізіліп тұрады.
2021 жылы жүргізілген тәуелсіз диагностиканың нәтижелері бойынша ҚМГ-ге "ВВВ" деңгейінде корпоративтік басқару рейтингі берілді. Бұл рейтинг Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің көпшілігіне сәйкес келетінін және жүйенің тиімді жұмыс істейтініне жеткілікті растаудың бар екенін білдіреді. Тәуелсіз консультанттың бағалауы бойынша рейтингтің бұл деңгейі Компанияның IPO-ға шығуы үшін оңтайлы.
Компанияның келесі диагностикасына дейінгі кезеңді Компания 2021 жылы жүргізілген корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасының нәтижелері бойынша ұсынылған және Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарына енгізілген консультанттың ұсынымдарын ескере отырып, ашықтық; акционерлердің құқықтары; тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит; Директорлар кеңесі мен атқарушы орган қызметінің тиімділігі; орнықты даму сияқты салалар бойынша ҚМГ-нің корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жоспарлы іске асыруға арнайды.
Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, ҚМГ-нің корпоративтік хатшысы Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізетін болады және осы Жоспардың орындалуы туралы есептерді ҚМГ менеджментіне кері байланыс бере отырып, Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесі қарайтын болады.