
1965 жылы 11 мамырда туған.
Білімі:В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін тау-кен инженер-геологы мамандығы бойынша бітірді.
Ғылыми дәрежесі:
2006 жылы Томск политехникалық университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының кандидаты» біліктілік дәрежесіне ие болды.
2021 жылы И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесіне ие болды.
Наградалар мен құрметті атақтар:Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің «Мұнай мен газды іздеу және барлау» кафедрасының профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының (РЖҒА) академигі.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы Жер қойнауының Үздік барлаушысы» мен «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» белгілерімен марапатталды және Атырау облысының құрметті азаматы атағы берілді.
Еңбек қызметі:
Еңбек жолын 1985 жылы «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінде оператордан бастап, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорына дейін өндірістің барлық сатысынан өтті.
2006-2008 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, геология және игеру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2008-2015 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директоры, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директоры, бас геологы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер жөніндегі басқарушы директоры (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ), геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.
2015 жылғы қыркүйектен бастап 2018 жылға дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).
2018-2020 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай-сервис жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдан бастап - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).
2022 жылдың ақпанынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.