Экологиялық менеджмент
ҚМГ қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады және жүйелі негізде экологиялық менеджмент жүйесін жетілдіреді.

Қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау
Әрбір жобаны жоспарлау кезеңінде ҚМГ экологиялық және өзге де салдарды айқындау, ұсыныстар әзірлеу үшін қоршаған ортаға тиетін әсерді (ҚОӘБ) бағалайды. Жобалау сатысында ҚМГ қоғамдық тыңдаулар өткізеді және барлық мүдделі тараптардың жобалар туралы материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Компания табиғатты қорғау қызметін басқару тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады және қажетті ресурстарды бөледі.
Толығырақ«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары өндірістік экологиялық бақылау жүргізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын есеп береді..
Толығырақ
Теңіз ұңғымаларын басқару
Теңізде көмірсутектерді барлау және өндіру операцияларын жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған озық сынамаланған қағидаттар мен әдістер негізінде жүзеге асырылады.
Мұнайдың төгілуінің алдын алу
ҚМГ өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде құбырлардың тұтастығын қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі.
Толығырақ