Төменкөміртекті даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ объектілердің белгіленген қуаты кемінде 300 мВт ЖЭК жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр (2031 жылға қарай жиынтық).
ЖЭК 4 сценарий бойынша пайдаланылуы мүмкін:
• МВт класты ЖЭК жобалары;
Қазіргі уақытта біз жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды іске асырудың мынадай бағыттарын пысықтап жатырмыз:
ЖЭК активтерін:
• қолданыстағы ЖЭК активтеріндегі үлесті сатып алу (жел және күн электр станцияларының жобалары);
• жаңа ЖЭК электр станцияларын салу арқылы иелену.
Бұл тәсіл басқа әлемдік мұнай-газ компанияларының мысалы бойынша ЖЭК саласындағы құзыреттерді пысықтай бастауға, сондай-ақ біздің активтеріміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік береді
• коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін ЖЭК жобалары
ҚМГ компаниялары тобының объектілерінде ЖЭК шағын көлемді бөлінген және дербес генерациясын салу коммуналдық-тұрмыстық шаруашылық секторында ЖЭК технологияларын қолдануға мүмкіндік береді;
• технологиялық циклге енгізілген ЖЭК жобалары
ҚМГ компаниялары тобының объектілерінде ЖЭК шағын көлемді бөлінген және дербес генерациясын салу ЖЭК технологияларын өндірістік процестерде (өндіру/тасымалдау кезінде мұнайды алдын ала жылыту, жарықтандыру, ыстық сумен жабдықтау және басқалары) қолдануға мүмкіндік береді.
• «жасыл» электр энергиясын сатып алу
ҚМГ ірі әлеуетті инвесторлармен оффтейк келісімшарт жасай отырып, «жасыл» ЖЭК энергиясын тұтынушы бола алады. Бұл тәсіл күрделі құрылысқа елеулі инвестициялар тартпай, дәстүрлі электр тұтынуды ЖЭК-ке ішінара ауыстыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, осылайша көміртек ізін азайтады.