Өндірістік қауіпсіздік
ҚМГ өндірістік қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сәйкес келуге ұмтылады және өндірісті тиімді басқарудың негізгі элементі ретінде өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін үнемі жетілдіруге бағытталған.
ҚМГ-де өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесін іске асыру және қолдау үшін бірыңғай талаптар мен тиімді тәсілдерді белгілейтін Корпоративтік стандарт қолданылады.
Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару
ҚМГ-де ірі технологиялық инциденттердің алдын алуға бағытталған инженерлік және басқарушылық шешімдердің жиынтығы болып табылатын өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесі (Process Safety Management) кезең-кезеңімен енгізілуде, оның ішінде:
- активтер мен технологиялық жабдықтың тұтастығын сақтау;
- өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару саласындағы (IOGP, OSHA) заңнамалық талаптарға және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес қауіпсіз операциялық қағидаларды, нормалар мен рәсімдерді белгілеу;
- технологиялық тәуекелдерді анықтау және олардың алдын алу шараларын қолдану;
- қызметкерлер мен халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, қаржылық және құқықтық салдарға, мүлік пен беделге байланысты шығындарға жол бермеу.