Кодекстің мақсаты - еңбек қауіпсіздігі мәдениетін, әрбір қызметкердің оқиғаларға жол бермеуге және еңбек қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке белсенді қатысуға жеке қызығушылығын арттыру
1) менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласында (ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) нәтижелілікке қол жеткізу үшін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ете отырып;
2) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы заңнамалық талаптарды, ішкі құжаттарды орындаудың және белгіленген мақсаттарға қол жеткізудің маңыздылығына ұдайы назар аудара отырып;
3) қауіпсіз мінез-құлықты жеке үлгімен көрсетіп, сондай-ақ басқа да қызметкерлерді ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ талаптарын сақтауға тартып және ынталандыра отырып;
4) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы бағдарламалар мен бастамаларды қолдау және көтермелеу жолымен мақсаттарға қол жеткізуде көшбасшылықты көрсетуде қызметкерлерге қолдау көрсете отырып;
5) менеджмент жүйесін үнемі жақсартуға және жетілдіруге жәрдемдесе отырып, көшбасшылық пен адалдықты көрсетеді.
Толығырақ ҚМГ Басқарма төрағасының жеке бейілділігімен сілтеме бойынша танысуға болады