Қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі (ҚҮБЖ) әлеуетті қатерлерді/тәуекелдерді анықтауға
және олардың ҚМГ және оның ЕТҰ қызметіне әсерін бағалауға бағытталған процестер мен
рәсімдердің жиынтығы болып табылады, Бұл компанияның қызметін қалпына келтіруге және
тараптардың мүдделерін, іскерлік беделін, брендін және компанияға құндылық қосатын
әрекеттерді қорғауға қабілетті тиімді әрекет ету шаралары болып табылады.
Компания ҚҮБЖ болуының маңыздылығын түсінеді және бизнестің үзілісіне әкелетін қауіптер
мен тәуекелдер контекстінде бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ететін шаралар мен
құралдарды әзірлеу, жетілдіру үшін қажетті шарттар мен ресурстарды анықтау арқылы
бизнестің үздіксіздігін басқарады.