Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) КТБЖ-нің ажырамас бөлігі болып табылады. ІБЖ-сі COSO үлгісін пайдаланады
және өзара байланысты бес құрамдас бөлікті қамтиды: бақылау ортасы, тәуекелді бағалау, бақылау
процедуралары, ақпарат және коммуникациялар және мониторинг. ҚМГ мен ЕТҰ мақсаттарына үш негізгі
бағыт бойынша қол жеткізілетіндігіне негізді кепілдік беруге бағытталған ІБЖ енгізуде:
• операциялық қызметтің тиімділігін арттыру;
• толық және сенімді қаржылық есептілікті дайындау;
• Қазақстан Республикасы заңнамасының және ҚМГ ішкі құжаттарының талаптарын сақтау.
ІБЖ – бизнес-процестерді талдауға, ҚМГ қызметіне тән процесс деңгейіндегі тәуекелдерді уақтылы
анықтауға және талдауға, сондай-ақ осы тәуекелдерді басқару үшін бақылау рәсімдерін анықтауға және
талдауға бағытталған.