ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
01
БІЗДІҢ БАСҚАРУ ТӘСІЛІМІЗ
Өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық жауапкершілік – маңызды міндет, компанияның имиджі, беделі мен қаржылық әл-ауқаты осы міндеттің шешілуіне байланысты болады. Бүгін біз экологиялық есептіліктің ашықтығына назар аударамыз және осының арқасында ҚМГ екінші жыл қатарынан Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілік саласындағы ашықтық рейтингісінде көшбасшы орынға ие.*
* Экологиялық жауапкершілік саласындағы мұнай-газ компанияларының ашықтық рейтингі https://www.zs-rating.ru/
Газды кәдеге жаратудың өсуі
2018 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша ІМГ-ні кәдеге жаратудың ең жоғары деңгейіне қол жеткізілді – 93%. Газды жағу көрсеткіші 1 000 тонна өндірілген КСШ-ға 6 тонна деңгейінде тұр, бұл IOGP орташа әлемдік көрсеткішінен 50% төмен. Біз Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ-ні тұрақты жалындатып жағуды толық тоқтату» бастамасын іске асыруды жалғастырамыз және 2030 жылдан кешіктірмей ІМГ-ні тұрақты жалындатып жағу практикасын тоқтатуға ниеттіміз.
Экологиялық көрсеткіштерді ашу
2018 жылы біз The Carbon Disclosure Project (CDP) – халықаралық инвесторлар қоғамдастығының парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындылары және климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер туралы ақпаратты ашу бастамасы туралы мәлімдедік және тауарлық өнімнің ұңғымадан оның түпкілікті пайдалануына дейінгі барлық көміртегі ізін бағалау жұмысын бастадық.
Қоршаған орта: Іскер топтар экологиялық проблемаларды шешу кезінде сақтық көзқарасты ұстануға тиіс.
Қоршаған орта: Іскерлік топтар үлкен экологиялық жауапкершілікті ілгерілетуге арналған бастамаларды көтеруі тиіс.
Қоршаған орта: Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту мен таратуды ынталандыруы тиіс.
ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша менеджмент жүйесі
2018 жылдың қыркүйегінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша менеджмент жүйесі жөніндегі нұсқаулық бекітілді. Бұл құжат компаниядағы ЕҚОҚ мәселелерін басқару тәсілін өзгертті. Басшылық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) үздік халықаралық тәжірибелері – ұсынымдары негізінде әзірленген және ҚМГ компаниялар тобына қолданылады. Бұл жүйенің негізінде төрт іргелі қағида жатыр: көшбасшылық, мақсатқа жету, тәуекелдерді басқару және тұрақты жетілдіру.
Сонымен қатар, ҚМГ-да 2006 жылдан бастап ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 талаптарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару жүйесі жұмыс қалпын сақтап келеді. Энергияны тұтынудың елеулі деңгейі бар еншілес және тәуелді ұйымдар ISO 50001 бойынша сертификатталған.
02
ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
Соңғы төрт жылда ҚМГ-да Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ӨҚ, ӨҚ және ҚОҚ) саласында орасан зор жұмыс жүргізілді, бұл ретте 2018 жыл еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау көрсеткіштері бойынша ең үздік болды. Біз өз мақсатымызға – қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша 2020 жылға қарай өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар коэффициенті бөлігінде әлемдік 20 салалық компанияға кіру мақсатына қол жеткіздік және 2020 жылға қарай Компания жарақаттану коэффициенті бойынша үздік топ қатарына енуді көздеп отыр.
Өліммен аяқталған жазатайым оқиғаны қоса алғанда, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны 2017 жылмен салыстырғанда (тиісінше – зардап шеккен 77 адам) тарихи минимумға дейін – 35 %-ға (2018 жылы – зардап шеккен 50 адам) азайды. Халықаралық Мұнай және газ өндірушілерінің қауымдастығына (IOGP) мүше болу шеңберінде біз ҚжЕҚ бойынша жыл сайынғы есептілікті тапсырамыз және мұнай-газ саласындағы әлемдік компаниялармен бенчмаркинг өткіземіз.
Жазатайым оқиғалар коэффициенті (LTIR 1 млн адам-сағатқа)
Өлім жағдайларының коэффициенті (FAR 100 млн адам-сағатқа)
* IOGP – International Association of Oil & Gas Producers (https://www.iogp.org/)
03
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ
ҚМГ мен ЕТҰ-да денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы саласындағы мәселелерді басқару қазақстандық заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі: Еңбек кодексін, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті, ҚР санитарлық қағидалары мен нұсқаулықтарын, Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы саласындағы халықаралық талаптарды білуі тиіс. Бұған қосымша Компания қызметкерлермен ұжымдық шарттар жасасады, оларда жұмыс орнында денсаулықты және қауіпсіздікті сақтауға ерекше мән беріледі. Компанияның барлық қызметкерлері жыл сайынғы медициналық тексерумен қамтылған, сонымен қатар ЕТҰ қызметкерлері күнделікті ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан өтеді.
2018 жылы ЕТҰ қызметкерлерінің ауруларына байланысты еңбекке жарамсыздық күндерінің саны 216 203 күнді құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 8 362 күнге немесе 3,7 % аз. ЕТҰ қызметкерлері арасында жарақаттанумен байланысты емес өлім жағдайларының саны 2017 жылмен салыстырғанда 5 оқиғаға немесе 19,2 %-ға азайды.
ҚМГ компаниялар тобында өндірістік объектілердегі кәсіптік ауруларды анықтау жағдайларының алдын алу және мониторингі мәселелері бойынша жүйелі түрде іс-шаралар кешені жүргізіледі. Кәсіби ауруды анықтау бойынша түпкілікті шешім бейінді ұйымның – «МУК» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының» бірқатар тексеру нәтижелері бойынша шығарылады.
Есеп беру кезеңінде медициналық тексеру нәтижелері бойынша ҚМГ компаниялар тобында кәсіби ауру (жіті немесе созылмалы) жағдайлары анықталған жоқ.
Басқарманың 27.09.2016 шешімімен бекітілген ҚМГ компаниялар тобында Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі 2020-Жол картасын іске асыру шеңберінде кезең-кезеңімен ҚМГ корпоративтік сауықтыру бағдарламалары енгізілуде, олар бірінші кезекте жұмыскерлердің жарақаттанумен байланысты емес ауыру мен өлімін азайтуға бағытталған.
2018 жылы жүрек-қантамыр ауруларына байланысты қызметкерлер арасында өлімді болдырмауға және төмендетуге бағытталған «Инфаркт пен инсультты болдырмау» деген ҚМГ Денсаулықты сақтау жөніндегі корпоративтік кампаниясы әзірленіп, енгізілуде. «Сауықтыруға 10 қадам» бастамасын және «ҚМГ компаниялар тобында шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру регламенті» деген ішкі реттеуші құжатты енгізуді бақылау және мониторинг жүргізіледі, оның негізгі міндеттері қызметкерлерді шұғыл медициналық көмекпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, медициналық пункттерді жарақтандыруға және шұғыл медициналық ден қою жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу болып табылады.
Науқастану бойынша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны
Жарақаттанумен байланысты емес өлім жағдайларының саны
04
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК
Барлық қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен инциденттерге жол бермеу және апаттылық деңгейін төмендету мақсатында 2018 жылы Компания мынадай іс-шараларды орындады:
• Техникалық құрылғыларды куәландырудың, жөндеудің және ауыстырудың уақытылы жүргізілуін жүйелі бақылау;
• Технологиялық тәртіпті қатаң сақтау;
• Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды орындау;
• Заңдармен және нормативтік құқықтық актілермен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын толық сақтау.
2018 жылы компанияның өндірістік нысандарында 2 авария орын алды, бұл – мұнай және газ кен орнында газ-мұнай-су белгілері және технологиялық құбырдың герметизациясы салдарынан мұнай өңдеу
зауытында орын алған өртену. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бұзу және оның физикалық тозуы салдарынан жабдықтардың қанағаттанғысыз техникалық жай-күйі – авариялардың негізгі себептері болып табылады. Шығын сомасы 4,860 млн теңгені құрады, зардап шеккендер жоқ.
Орын алған авариялар бойынша себептер мен мән-жайларды анықтай отырып, мемлекеттік техникалық тексерулер жүргізілді, сондай-ақ түпкілікті себептері анықталды және Компанияның корпоративтік деңгейінде түзетуші іс-шаралар әзірленді, кейін «Оқиғалардан алынған сабақтар» барлық ЕТҰ бойынша таратылды.
Авариялар саны (техногендік сипаттағы)
Тасымалдау
Өңдеу
Барлау және өндіру
Tier 1 PSER өндірістік қауіпсіздік инциденттері коэффициенті
Есепті жылы IOGP қауымдастығына кіретін халықаралық мұнай өндіруші компаниялармен Tier 1 Process Safety Event Rate (Tier 1 PSER) өндірістік қауіпсіздік инциденттерінің коэффициенті бойынша Компанияның бизнес-бағыттары бөлінісінде бенчмаркинг өткізілді.
IOGP компаниялар тобы бойынша бұл көрсеткіш 0,17 құрайды, бұл Компанияның «Барлау және өндіру» бизнес-бағыты бойынша 1,3 көрсеткішінен айтарлықтай төмен болып, Компанияның
«Өңдеу және маркетинг» (0,06) және «Тасымалдау» (0) бизнес-бағыттары бойынша ұқсас көрсеткіштерінен жоғары болды. «Барлау және өндіру» бағыты бойынша өндірістік қауіпсіздік саласындағы көптеген инциденттердің себептері – құбырлардың тозуы және коррозиядан туындаған жабдықтардың сынуы.
Төтенше (дағдарыстық) жағдайларды жоюға дайындық
Есепті жылы Компанияның корпоративтік орталығында жедел ден қоюды қамтамасыз ету, ықтимал дағдарыстық жағдайлардың ушығуына жол бермеу, зардаптардың ауырлығын және олардың пайда болуы нәтижесінде ықтимал залалды азайту үшін Дағдарыстық жағдайларды басқару бойынша регламент жобасы әзірленді.
Регламент Компания мен ЕТҰ беделіне, оның қаржылық әл-ауқатына немесе ұзақ мерзімді перспективада өміршеңдігіне елеулі әсер ете алатын оқиғаларды басқарудың
үш деңгейлі тәсілін көздейді. Дағдарыстық жағдайлар өндірістік сипаттағы (авариялар, өрттер, жарылыстар), сондай-ақ өндіріспен байланысты емес (аса ірі көлемдегі алаяқтық, қоғамдық тәртіпсіздіктер, терроризм актілері) болып қарастырылады.
Барлық жағдайда дағдарыстық жағдайлардың әсерін азайтуға және оның салдарын азайтуға бағытталған стратегиялық шешімдер қабылдау үшін Компанияның жоғары басшылығын тарту көзделеді.
Оқиғаның елеулілік дәрежесінің артуы
2018 жылы Компаниялар тобы бойынша өрт қауіпсіздігі саласында бағалау парақтары енгізілді, олар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрттің алдын алуға және сөндіруге дайындығын тексеруге бағытталған.
МЕӨҚҚ әзірлігін бағалау бойынша жоспарлы тексерулерді ЕҚ, ӨҚ және ӨҚ қызметінің қызметкерлері, ЕТҰ-ның өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандары басшылар бекітетін жоспарларға сәйкес жүзеге асырады.
Бағалау парақтарының деректеріне жүргізілген кешенді талдау нәтижелері бойынша бірқатар ЕТҰ-да мынадай шұғыл түзету іс-шараларын қабылдау қажеттігі анықталды: МЕӨҚҚ штатының жинақталуын қамтамасыз ету, өрт сөндіру депосының құрылысы, тиесілік нормаларына сәйкес өрт сөндіру автомобильдерінің болуы мен жинақталуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің (МЕӨҚҚ) дайындығын, сондай-ақ Компания объектілерінде өрттің алдын алу және сөндіру саласындағы шарттық міндеттемелерді орындау тиімділігін айқындау мақсатында өрттің алдын алу мен сөндіруге дайындығын тексеру мен бағалау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) өрттің алдын алу және сөндіру бөлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін МЕӨҚҚ рұқсат беру құжаттарының болуы;
2) МЕӨҚҚ бөлімшесінің жеке құраммен, өрттехникалық жарақпен, ТОҚЖҚ-мен жасақталуы;
3) өрт сөндіру депосы ғимаратының немесе арнайы арналған бокстардың болуы;
4) жеке құрамның дайындығын ұйымдастыру;
5) қарауылдық қызметті ұйымдастыру;
6) газ түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру;
7) өрт сөндіру автомобильдерін пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
8) өрт-техникалық қару-жарақты пайдалануды және сынауды ұйымдастыру;
9) өрт-алдын алу қызметін ұйымдастыру;
10) өртті оқшаулау және жою бойынша ісқимылдарға дайындық (тексеру өрт-тактикалық сабақ қорытындысы бойынша).
Құрлыққа төгілуді алдын алу
2018 жылы Компания, бұрынғыдай, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде құбырлардың тұтастығын қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлді.
2018 жылы мұнайдың төгілу көлемі өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 55 %-ға азайды және 784,68** тоннаны құрады. Өткен жылғы көрсеткіш 1 749,65 тоннаны құрады. Бұл нәтижелер «Барлау және өндіру» бизнес-бағытындағы Компанияның ЕТҰ-да тозған құбырларды ауыстыруға және құбырларды тежеу арқылы коррозиядан қорғауға бағытталған кәсіптік құбырлардың сенімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды іске асырудың нәтижесі болып табылады.
* Көрсеткіш «Барлау және өндіру» бағыты бойынша мұнайдың төгілу көлемі жөніндегі деректерді көрсетеді
Компанияда мұнайдың төгілуінің негізгі себебі – коррозиялық процестердің әсерінен кәсіптік мұнай құбырларының тесілуі болып табылады. Сондықтан, Компания 2018 жылы олардың бүтіндігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған құбырларды диагностикалау, қайта жаңарту, ауыстыру, тежеу және тазарту бойынша іс-шараларды уақытылы және сапалы орындау арқылы кәсіптік мұнай құбырларының істен шығуы мен тесілуі санын төмендету бойынша жұмысты жалғастырды.
2012 жылдан бастап құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ Компанияның құбырларына кесекірумен байланысты заңсыз қылмыстық жағдайды өзгертті. 2013 жылдың өзінде санкцияланбаған кесекірулердің санын төмендетуге қол жеткізілді: жылына бұрынғы бірнеше ондаған, тіпті ондаған фактіден
17 фактіге дейін төмендеу; 2014 жылдың қорытындысы бойынша 12 санкцияланбаған кесекіру анықталды; 2015 жылы 14 кесекіру жасалды; 2016 жылы – 3 санкцияланбаған кесекіру, 2017 жылы – 6 заңсыз кесекіру анықталды, 2018 жылы – 1 кесекіру.
Осы көрсеткіштерге мынадай іс-шараларды орындау арқасында қол жеткізілді:
• GPS-жүйелер бойынша мобильді топтардың жұмысына мониторингті және мобильді топтардың мұнай құбырларын шолып өтуді және шолып тексеруді уақытылы жүзеге асыруына бақылауды күшейту;
• «Optosense» мониторинг жүйесі арқылы мұнай құбырларын қорғау.
Мұнайдың төгілу көлемі (тонна)
Санкцияланбаған кесекірулер
Жалпы залал, млн теңге (сол жақ шкала)
Санкцияланбаған кесекірулер саны, дана
05
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Сақтық қағидатына сәйкес (БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Риоде-Жанейро декларациясының 15-принципі, 1992 ж.), сондай-ақ ҚМГ экологиялық менеджмент жүйесінің талаптарына және ҚР заңнамасының ережелеріне сәйкес әрбір жобаны жоспарлау кезеңінде қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдер нұсқаларының экологиялық және өзге де салдарын айқындау, Қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, тозуын, бүлінуін және сарқылуын болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізіледі. Бұдан басқа, әрбір жобаны жобалау кезеңінде мүдделі тараптар: мемлекеттік және бақылаушы органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті халықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Біз барлық мүдделі тараптардың ҚОӘБ жобаларына қол жеткізуін, ескертулері мен ұсыныстарының қабылдануын және тіркелуін қамтамасыз етеміз.
Экологиялық төлемдер мен шығындардың динамикасы, млрд теңге
Қалдықтарды өңдеу
Басқа экологиялық шығындар
Эмиссиялар үшін нормативтік төлемдер
ҚМГ компаниялар тобының барлық ҚОӘБ жобалары мемлекеттік экологиялық сараптама объектісі болып табылады және ол Компанияның ресми сайтында, жергілікті билік органдарының веб-сайттарында жобаның барлық өмірлік циклі ішінде мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді. 2017– 2018 жылдары жергілікті қоғамдастықпен және қоғамдық ұйымдармен 95 кездесу өткізілді, оның 45 – 2017 жылы және 50 – 2018 жылы өткізілді. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері бойынша мүдделі тараптардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеретін тиісті шаралар қабылданады.
Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару үшін Компания табиғатты қорғау қызметін басқару тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады және қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды, атап айтқанда нормативтік эмиссиялар үшін салық төлеуді, табиғатты қорғау іс-шараларына, сақтандыруға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өтемдік іс-шараларға, қоршаған ортаға әсерді болдырмауға арналған инвестицияларды және т. б. қамтитын экологиялық шығындарды бөледі. Компания тарихи қалдықтарды өңдеуге және ластанған жерлерді қалпына келтіруге арналған бюджетті ұлғайтты. Қалдықтарды өңдеуге арналған инвестициялар 2015 жылдан бастап 3 есе ұлғайды және қоршаған ортаны қорғауға арналған барлық шығыстардың үштен бірінен астамын құрайды. Сонымен қатар ілеспе мұнай газын пайдалануды арттыру есебінен атмосфералық ауаға шығарындыларды қысқартуға байланысты эмиссиялар үшін төлемдердің төмендегені байқалады.
Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия тиімділігін арттыру
Компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметі «Энергетикалық менеджмент жүйесі» ISO 50001 халықаралық стандартының әдіснамасына негізделеді, ол осы қызметте жүйелі басқару бойынша ең үздік жалпы танылған халықаралық тәжірибе болып табылады.
2017 жылдан бастап ҚМГ-да еншілес және тәуелді ұйымдардың, оның ішінде бірлесіп бақыланатын ұйымдар мен ҚМГ бірлескен кәсіпорындарының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 2017– 2020 жылдарға арналған Жол картасы жұмыс істейді.
Энергия ресурстарын тұтыну
2017 жылмен салыстырғанда энергия ресурстарын тұтынудың артуы, бірінші кезекте МӨЗ-ді жаңғыртуға және мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту үшін жаңа технологиялық қондырғыларды енгізуге, сондай-ақ газ тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты. Газ тасымалдау ортаазиялық газ транзиті мен газды экспортқа беру көлемінің ұлғаюы есебінен артты.
2018 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша жеке генерацияланатын энергия көлемі
683,4 млн кВт (2,5 млн ГДж) электр энергиясын және 3 812,5 мың ГДж құрады. Жылу энергиясы Гкал (16,0 млн ГДж).
Іс-шаралар бағыты бойынша энергия тұтынуға қосқан үлесі
Өндіру
Тасымалдау
Өңдеу
Түрлері бойынша энергия ресурстарын тұтыну, %
Электр энергиясы
Жылу энергиясы
Мұнай
Табиғи газ
ІМГ
Қазанды-пеш отыны
Мазут
Дизель отыны
Энергия тұтынуды қысқарту*
2018 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша 59 іс-шара орындалды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша негізгі іс-шаралар – бұл технологиялық жабдықты жаңғырту, реактивті қуатты өтеуге арналған құрылғыларды енгізу, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру. Отын-энергетика ресурстарын үнемдеу 436,8 мың ГДж құрады, натуралдық мәнде 16,8 млн кВт (60,6 мың ГДж) электр энергиясы, 8,8 мың Гкал (37,1 мың ГДжл) жылу энергиясы, 9,6 млн м3 (324,3 мың ГДж) табиғи газ және 458 мың литр (14,8 мың ГДж) ЖЖМ.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша негізгі іс-шаралар, атап айтқанда, технологиялық жабдықты енгізу 2018 жылдың соңында іске асырылғанына байланысты, энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды жүргізуден энергия ресурстарының натуралдық мәндегі экономикалық тиімділігі 2019 жылы ғана байқалатын болады. Осы іс-шараларды іске асыруға арналған қаржы шығындары 1,8 млрд теңгені құрады. Отынэнергетикалық ресурстарды сатып алуға қаржы шығынының үнемделуі 395,2 млн теңгені құрады. Іс-шаралардың өтімділігінің жоспарланған мерзімі 4,6 жылды құрайды.
* 2018 жылға арналған жылдық есепте энергия тұтынуды азайту туралы жедел деректер көрсетілген.
Энергия сыйымдылығы
2018 жылы көмірсутектерді өндіру бағыты бойынша үлестік энергия тұтыну Компаниялар тобы бойынша өндірілген КСШ тоннасына шаққанда 2,38 ГДж құрады, бұл IOGP Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығының көрсеткішімен салыстырғанда 59 % жоғары, ол 2017 жылы өндірілген көмірсутектердің тоннасына шаққанда 1,5 ГДж құрады. Мұнай өндіруде энергия ресурстарын үлестік тұтыну, бірінші кезекте, жетілген кен орындарында өндірудің сулануының ұлғаюымен байланысты, өйткені суландырудың ұлғаюына қарай өндірілетін сұйықтықтың үлестік тығыздығы және өндірудің механикаландырылған тәсілдеріне тиісінше тұтынылатын энергия артады.
2018 жылы «Мұнай өңдеу» бағыты бойынша үлестік энергия тұтыну МӨЗ бойынша орта есеппен алғанда тоннасына 3,5 ГДж құрады. Бұл көрсеткіш Еуропа зауыттарының көрсеткішінен 15 % жоғары, бұл бірінші кезекте мұнай өңдеу кәсіпорындарының орналасқан жерінің ызғарлы климаттық жағдайларына байланысты. Есепті жылы өткен жылмен
салыстырғанда үлестік энергия тұтынудың өсуі зауыттарды жаңғыртумен, мұнай өңдеу тереңдігін арттыру үшін жаңа технологиялық қондырғыларды салумен және қолданыстағы технологиялық қондырғыларды қайта жаңартумен байланысты.
2019 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша іс-шараларды іске асыру жалғасады, оның нәтижелері бойынша кемінде 0,8 млн ГДж энергияны үнемдеу жоспарлануда. Жаңғырту шеңберінде 2019– 2021 жылдары ҚР МӨЗ-де микропроцессорлық есептеу құралдары және орталықтандырылған басқару және бөлінген өлшеу функциясы бар ақпараттық-есептеу жүйесі болып табылатын басқару кешендері базасында іске асырылатын электр энергиясын техникалық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарлануда.
Осы жобаны іске асыру электр энергиясының нақты техникалық есебін ұйымдастыру, электр энергиясын ұтымды бөлу және тұтыну есебінен электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайтуға әкеледі.
Су ресурстарын пайдалану
2018 жылы су ресурстарын қорғау бөлігіндегі негізгі оқиға Компанияда су ресурстарын басқару бойынша корпоративтік стандартты қабылдау болды, ол 2019 жыл ішінде компаниялар тобына біртіндеп енгізілетін болады.
Стандарт ҚМГ-нің су ресурстарын – 8 «су» қағидатын пайдалану бөлігінде басты қағидаттарын ұстанады, ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарында су ресурстарын басқару тәсілін жүйелейді, сондайақ Компания басшылары мен қызметкерлерінің тұщы суды сақтау мәселесіне бейілділігін арттыруға көмектеседі.
Сондай-ақ 2018 жылы «ПКОП» ЖШС (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) тазарту құрылыстарын жаңарту аяқталды: зауыттың тазарту құрылыстарының қуаты ұлғайтылды және сарқынды суларды тазарту сапасы жақсарды. Кері осмос қондырғысындағы сарқындарды қосымша тазалау жылына 1,5 млн м3 дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа ПҚОП тазалау құрылыстарында тазартылған сарқынды суларды өртке қарсы жүйеге қайтару жүйесі енгізілді. Бұл іс-шаралар бұрын қалалық сумен жабдықтау жүйелерінен алынған таза судың 30 %-ын үнемдеуге көмектеседі.
Су ізі
2018 жылы ҚМГ компаниялар тобы 10,9 млн м3 ағынды су (2017 жылы 9 млн м3) бөлді. ҚМГ кәсіпорындарының сарқынды суларының негізгі қабылдағышы (және түпкілікті пункті) жинағыш тоғандар, булану өрістері және сүзу өрістері сияқты түрлі мамандандырылған қабылдағыштар болып табылады. Бұл объектілер сарқынды суларды табиғи тазалауға және қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге арналған техникалық құрылыстар болып табылады. Өз жинақтағыштары жоқ кәсіпорындар сарқындарды арнайы компанияларға тазарту және кәдеге жарату үшін береді. Төгілетін су сапасының экологиялық заңнамамен белгіленген нормативтеріне сарқынды суларды тазартудың
механикалық және биологиялық әдістерін пайдалану есебінен қол жеткізіледі.
ҚМГ компаниялар тобы бойынша су жинау, көздер бойынша бөліністе, мың м3
Жер беті көздері
Жер асты көздері
Қалалық сумен жабдықтау жүйелері
Теңіз
Басқа кәсіпорындардың сарқынды сулары
Тазартылған ағынды судың айтарлықтай көлемі мұнай өңдеу зауыттарында екінші рет пайдаланылады, онда 2018 жылы 4,1 млн м3 тазартылған ағынды су қайта пайдаланылған, негізінен бұл су айналымдық сумен жабдықтау блоктарын толықтыру үшін пайдаланылады. ҚМГ МӨЗ айналмалы сумен жабдықтау жүйелерінде барлығы 360 млн м3 су пайдаланылды (айналды). ҚМГ зауыттарында суды қайта пайдалану пайызы («Өңдеу» бағыты бойынша су жинау көлемінен) 26 % құрайды. «Өндіру» және «Тасымалдау» секторларындағы тазартылған ағынды су негізінен көлікті жуу, шаңды басу және өртке қарсы жүйелерді толықтыру үшін қайта пайдаланылады.
2018 жылы су ресурстарын пайдалану, операциялар түрі бойынша, %
Өндірістік мұқтаждар
Шаруашылық-ауыз су мұқтаждары
Пайдаланусыз берілді
Техжоғалтулар
Мұнай өндіру барысында ілеспе-қабаттық сулар деп аталатын үлкен көлемдер пайда болады – жер бетіне су-мұнай эмульсиясы алынады, ол кейіннен су мен мұнайға гравитациялық әдіспен бөлінеді. Осылайша тұнған су қабатқа айдауға жіберіледі. 2018 жылы өндірілген 124,4 млн м3 ілеспеқабаттық судың 99 %-ы қабаттық қысымды ұстап тұру үшін кері айдалды, 1 %-ы ғана сіңіргіш ұңғымаларға айдалды. Жер бетіне алынатын ілеспе-қабаттық судың елеулі көлемі, сондай-ақ оның көлемінің біртіндеп ұлғаюы мұнай кен орындарының сарқылғанын (су деңгейінің ұлғайғанын)
білдіреді. Қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қосымша 2018 жылы басқа көздерден 47,8 млн м3 су (23,3 теңіз суы, 7,2 Еділ суы және 17,3 жер асты су) айдалды.
Компанияның қызметі ерекше экологиялық, шаруашылық, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар Қазақстанның батыс өңірінің су объектілеріне (Жайық, Қиғаш өзендері, Көкжиде құмдары, Пятимар су қоймасы) айтарлықтай әсер етеді. Сезімтал экожүйелерге теріс әсердің алдын алу үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Өндірілген ілеспе-қабаттық судың жалпы көлемі, мың м3
2015
2016
2017
2018
121 933
123 172
124 416
124 372
Біздің орналасқан аймақтардағы қорғалатын табиғи аумақтар және флора мен фаунаның шалынатын түрлері
Биоалуантүрліліктің негізгі аймақтарына қатысты өндірістік қызметтің орналасуы мен ауқымы
Учаске
Орналасқан жері
Биоалуантүрліліктің негізгі аймақтары (БНА)
БНА-ға қатысты орналасқан жері
Келісімшарттық аумақ ауданы (ш. км)
Әсерді төмендету бойынша жоспар
Кансу
Маңғыстау облысының Қарақия ауданы
Кендірлі-Қаясан қорық аймағы және Үстірт мемлекеттік қорығы
Қорық аймағында орналасқан және қорықтың жанында орналасқан
4 374,6
Жобадан шығу туралы шешім қабылданды
Самтыр
Маңғыстау облысының оңтүстікшығысы
Кендірлі-Қаясан қорық аймағы және Үстірт мемлекеттік қорығы
Қорықтың жанында орналасқан
10 396,9
Іздестіру-барлау жұмыстарын жобалау сатысы
Өріктау
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Жергілікті маңызы бар «Көкжиде-Құмжарған» мемлекеттік табиғи кешенді қорықшасы
Аумақтың бір бөлігін қамтиды
239,9
Гидрогеологиялық мониторинг
Әлібекмола және Қожасай
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Көкжиде құмдары Көкжиде жерасты сулары
Жақын орналасқан
156,5
Гидрогеологиялық мониторинг
Жамбыл
КТҚС Атырау ауданы
КТҚС-ның ерекше экологиялық сезімтал аймағы, Новин қорықшасы
Қорық аймағында орналасқан және аумақтың бір бөлігін қамтиды
1 935,2
Тұрақты экологиялық мониторинг, теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі шектеулер
Исатай
КТҚС орталық бөлігі, Маңғыстау облысы
КСШ-ның ерекше экологиялық сезімтал аймағы
Қорық аймағында орналасқан
1 060
Маусымдық аялық экологиялық зерттеулер, тұрақты экологиялық мониторинг
Теңізде төгілудің алдын алу
Компания үшін абсолютті басымдық теңізде бұрғылау операциялары басталар алдында мұнайдың барлық ықтимал авариялық төгілуін жоюға тұрақты дайындықты қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан топта төтенше жағдайларға, оның ішінде мұнайдың төгілуіне жедел және тиімді ден қоюды қамтамасыз ету және олардың зардаптарын жою жөніндегі тиісті операцияларды орындау жүйесі жұмыс істейді. Мұнайдың төгілуін жоюға (бұдан әрі – МАТЖ) дайындық деңгейін арттыру үшін персоналдың практикалық дағдыларын жетілдіруге арналған әртүрлі деңгейдегі практикалық және теориялық сабақтар, жаттығулар мен оқулар тұрақты түрде өткізіледі.
Төгілу мүмкін болған жағдайда бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған компаниялармен шарттар да жасалады. Үшінші деңгейдегі мұнай төгілуі жағдайында теңіз мұнай-газ кен орындарындағы аварияларды жоюға маманданған «Oil Spill Response Limited» халықаралық қауымдастығымен келісім жасалады.
2018 жылы Жамбыл учаскесінде бағалау ұңғымасының құрылысы басталмас бұрын МАТЖ-ға дайындықты қамтамасыз ету үшін «KMG Systems & Services» ЖШС, «Қазтеңізкөлікфлоты» ЖШС және «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК атынан консорциуммен шарт жасалды. Бағалау ұңғымасы құрылысының барлық кезеңінде МАТЖ-ға арналған кемелер бұрғылау қондырғысынан 500 метр аймақта болды.
Сондай-ақ, Жамбыл учаскесінде Оператор өнеркәсіп қауіпсіздігі және экология саласындағы мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бірінші және екінші деңгейдегі МАТЖ бойынша бірқатар командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді.
«KMG Systems & Services» ЖШС-ның еншілес ұйымы Атырау облысындағы мұнайдың төгілуіне ден қоюдың Солтүстік-Каспий экологиялық базасына – ҚР-дағы жалғыз мамандандырылған объектіге ие.
Есепті кезеңде Каспий теңізінде мұнайдың төгілуі тіркелген жоқ.
Климаттың өзгеруі және атмосфералық ауаның сапасы
2018 жылы ҚМГ компаниялар тобында шығарындыларды басқару саясаты әзірленді, онда атмосфераға зиянды әсерді азайту жөніндегі қызметті басқарудың негізгі қағидаттары айқындалды:
Біз табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалана отырып және табиғат қорғау қызметін үнемі жетілдіре отырып, өз қызметіміздің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі шараларға аса назар аударамыз.
Біздің басымдықтар табиғи ресурстарды ұқыпты және ұтымды пайдалану, экологиялық тәуекелдерді азайту болып табылады. Мақсатты бағдарламалар шикі газды жалындатып жағуды азайтуға, жаңартылатын энергия көздері негізінде «жасыл» энергетиканы дамытуға және жалпы энергия тиімділігін арттыруға бағытталған.
ҚМГ компаниялар тобымен жұмыс істеу саясаты:
1
қызметті заңнамалық талаптарға және Компанияның өзге де міндеттемелеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асыру;
2
ластаушы заттар шығарындыларының белгіленген нормативтері мен лимиттерін, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сақтау;
3
рөлдер мен міндеттерді нақты бөлу, құзыреттілікті арттыру, оқыту және хабардар болу;
4
шығарындылардың тұрақты есебін, түгендеуін және мониторингін жүргізу;
5
көмірсутек шикізатын өндіру кезінде шикі газды ұдайы жағуды тоқтату;
6
парниктік газдар шығарындыларын азайту және «Көміртегі ізін» азайту жөніндегі ісшараларды жүргізу;
7
көміртегі активтерін басқару;
8
шығарындыларды басқару жөніндегі қызметті үнемі жақсарту.
Парниктік газдар шығарындылары
ҚМГ Көміртегі есептілігі бойынша Климаттық бағдарлама (CDP – Carbon Disclosure Project) шеңберінде көміртегі шығарындылары туралы ақпаратты ашу жобасын алғаш рет әзірледі, онда ҚМГ барлық активтері бойынша, соның ішінде халықаралық активтері (Румыния, Грузия) бойынша 2018 жылғы парниктік газдардың (ПГ) тікелей және жанама шығарындыларының көлемі туралы деректер ашылатын болады.
2018 жылғы ПГ шығарындылары бойынша деректер верификацияланып, CDP алаңында мынадай сілтеме бойынша орналастырылды: https://www.cdp.net*
* Сауалнама CDP платформасында 2019 жылдың ортасына қарай орналастырылады. Сауалнамамен танысу үшін сілтеме бойынша «Іздеу» бөліміне өтіп, Компанияның атауын ағылшын тілінде енгізіңіз: «KazMunayGas National Company JCS». Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі, сондай-ақ 305-2, 305-3, 305-4, 305-5 ашу CDP алаңында сипатталған және орналастырылған.
Метанның жылыстауын тікелей анықтау жобасы
2017 жылдан бастап ҚМГ Жаһандық метан бастамасының (ЖМБ) жобалық желісінің мүшесі болып табылады. 2018 жылы Компанияның Маңғыстау облысындағы өндірістік объектілерінде метан жылыстауын анықтау және сандық өлшеу бойынша пилоттық жобалар жүргізілді.
Тәжірибеден мысал:
Прорва кен орындары тобында ілеспе газды кешенді өңдеу қондырғысын іске қосудың арқасында аталған ұйымда жалындатудан болатын ПГ тікелей шығарындыларының көлемі 80%-ға қысқарып, 41,5 мың тоннаны құрады (2017 жылы 211,6 болған).
Шығарындыларды басқару саясатының негізгі қағидаттарының бірі 6-қағидаттың тармақшасы болып табылады: Компания метанның жылыстауын анықтау және сандық өлшеу бойынша науқандарды өткізу, жаңа резервуарлық парктерде қалқымалы қақпақтары бар резервуарларды орнату, мұнайдың жеңіл фракцияларын ұстау қондырғыларын енгізу, газ құбырлары учаскелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ұтқыр компрессорлық станцияларды пайдалану арқылы өндірістік объектілерде метанның жылыстауын болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізеді.
ҚМГ 2018 жылдың сәуір айында Торонто қаласында (Канада) өткен Жаһандық метан форумы кезінде ЖМБ Мұнай және газ кіші комитетінің отырысына Қазақстан Республикасы атынан қатысты. ҚМГ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының «MRV Климаттың бойынша жоба (мониторинг, есептілік және верификация) және мұнай өндіруші және өндіруші салаларда метан шығарындыларын азайту» халықаралық жобасына қатысады.
Биомассаны жағудан немесе оның ыдырауынан болатын CO2 шығарындылары ескерілмейді.
Компания өз қызметінде климаттың өзгеруіне әсер ететін озонды бұзатын заттарды шығаруды жүзеге асырмайды. Мерзімді бақылау және мониторинг жүргізіледі.
Газды сақтаудан болатын әсерді азайту мақсатында үш жерасты газ қоймасы (ЖГҚ) пайдаланылады. Олардың ішінде ең ірісі «Бозой» ЖГҚ (белсенді сақтау көлемі 4 000 000 мың м3) Ақтөбе облысында («Ақтөбе» МГБ) орналасқан. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында («Шымкент» МГБҚ) орналасқан «Полторацкий» ЖГҚ (сақтау көлемі 350 000 мың м3), сондай-ақ Жамбыл облысында («Тараз» МГБҚ) «АқырТөбе» ЖГҚ (сақтау көлемі 300 000 мың м3) жұмыс істейді. Жер асты газ қоймалары қысқы маусымда, сондай-ақ газ жеткізу көлемінің азаю кезеңінде тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған.
Өндірудегі СО2 шығарындыларының қарқындылығы, тонна / 1 000 тонна
KMG
IOGP
Мұнай өңдеудегі шығарындылардың қарқындылығы, тонна / 1 000 тонна
KMG
Өндірудегі СН4 шығарындыларының қарқындылығы, тонна / 1 000 тонна
KMG
IOGP
Қызмет бағыттары бойынша парниктік газдардың тікелей шығарындылары
Өндіру
Өңдеу
Тасымалдау
Атмосфералық ауаның сапасы
ҚМГ компаниялар тобында атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындылары, мың тонна
2016
2017
2018
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, барлығы, оның ішінде:
241,1
256,3
269,3
NOx шығарындылары
12,9
13,8
16,7
SOx шығарындылары
16,9
14,8
13,6
басқа ластаушы заттардың шығарындылары
211,3
227,7
239,1
Біз өндірістік экологиялық мониторинг жүргіземіз және операциялар мен өндірістік процестер нәтижесінде пайда болатын ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын төмендету бойынша шаралар қабылдаймыз. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары шеңберінде сынамаларды іріктеудің және әлеуетті әсерді бағалау үшін өлшеулер жүргізудің белгіленген орындарында атмосфералық ауаға шығарындыларға бақылау жүргізіледі.
Ластаушы заттар шығарындыларының негізгі көлемі қазандықтарда, технологиялық
пештерде және компрессорларда, газтурбиналық қондырғыларда, компрессорлық станцияларда отын газын жағу, газды жалындатып жағу нәтижесінде пайда болады.
Топ бойынша барлық ластаушы заттар шығарындыларының нақты жалпы көлемі 2018 жылы 269 мың тоннаны құрады (2017 жылы 256 мың тонна). Жаңа көздердің пайдалануға енгізілуіне байланысты шығарындылардың шамалы ұлғайғаны байқалады. Барлық зауыттарда күкірт өндіру қондырғылары пайдалануға берілді. Осы жоба іске асырылғаннан кейін, күкіртті сутегі газы регенерациялаудан өтеді, онымен бір мезгілде маңызды өндірістік өнім – тауарлық күкірт алынады. Бұл автомобиль көлігінің пайдаланылған газдарындағы ластаушы заттардың төмендеуіне және елді мекендердің атмосфералық ауасының сапасын жақсартуға әсерін тигізеді. К4 маркалы бензиндегі күкірт мөлшері зауытты
жаңғыртуға дейін шығарылған отынға қарағанда 10 есе аз.
Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларының нәтижесінде Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4 класына сәйкес келетін еуропалық сапа стандарттарына сай мұнай өнімдерін өндіру арқылы зауыттар шығаратын отынның экологиялық көрсеткіштері жақсарды.
ҚМГ компаниялар тобындағы ластаушы заттардың үлестік шығарындылары
2016
2017
2018
КСШ өндіру, т/1000 т өндірілген көмірсутек шикізаты м.б.
2,14
2,35
1,93
Мұнай өңдеу, т/1000 т өңделген мұнай
3,3
3,3
3,3
Мұнайды тасымалдау, т/1000 т тасымалданатын мұнай
0,5
0,5
0,5
Газды тасымалдау, т/1000 т тасымалданатын газ м.б.
1,4
1,2
1,4
Өндірілген КСШ 1 000 т м.б. шаққанда SOx шығарындылары, 2018 ж.
Өндірілген КСШ 1 000 т м.б. шаққанда NOx шығарындылары, 2018 ж.
2018 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша мұнай баламасында көмірсутек шикізатын өндірудің жалпы көлеміне қатысты NOx шығарындыларының орташа көрсеткіші КСШ өндірудің мың тоннасына 0,2 тоннаны құрады, IOGP орташа көрсеткіші – 0,4. 2017 жылмен салыстырғанда NOx үлестік шығарындылары 17 % төмендеді.
SOx шығарындыларының мұнай баламасында көмірсутек шикізатын өндірудің жалпы
көлеміне қатынасының орташа көрсеткіші ҚМГ компаниялар тобы бойынша КСШ өндірудің мың тоннасына 0,25 тоннаны құрады, IOGP орташа көрсеткіші – 0,2. 2017 жылмен салыстырғанда ЅОх үлестік шығарындыларының 20 %-ға төмендегені байқалады.
Компания өз қызметінде тұрақты органикалық ластағыштардың эмиссиясын жүзеге асырмайды.
Шикі газды тиімді пайдалану
Бұл бөлімде ҚМГ тобы компанияларының «Өндіру» бизнес-бағыты бойынша мәліметтері көрсетілген.
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттердің бірі ілеспе мұнай газын тиімді пайдалануды және кәдеге жаратуды арттыру, жалындатып жағуды барынша азайту болып табылады. Ілеспе мұнай газын кәдеге жарату 2018 жылы бүкіл тарихтағы ең жоғары – 93 %, газды жағу көрсеткіші өндірілген КСШ-ның 1 000 тоннасына 6 тонна деңгейінде (2017 жылы 11) тұр, бұл IOGP орташа әлемдік көрсеткішінен 50 %-ға төмен. Бұған қол жеткізу Прорва кен орындары тобында газды кешенді өңдеу қондырғысын (ГКДҚ) толық ауқымды пайдалануға енгізу және Ақтөбе облысының мұнай өндіру активтерінде газды өндіру мен жағу көлемдерін қысқарту арқылы мүмкін болды.
ҚМГ тобының негізгі өндіруші компаниялары бойынша табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 2018 жылы 2 873 млн м3 құрады, оның ішінде ілеспе мұнай газының көлемі (ІМГ) – 2 049,5 млн м3, жағылған шикі газдың көлемі 148,9 млн м3 құрады. 2018 жылдың соңында Ақтөбе облысы Байғанин ауданында Қожасай кен орнында заманауи газ өңдеу кешені іске қосылды.
Мемлекет басшысы Индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір кезінде оның жұмысын онлайн режимде іске қосты. Қожасай кен орнындағы газды кешенді өңдеу қондырғысын толық ауқымды пайдалануға енгізу газды жалындатып жағуды 173 млн м3-тан 50 млн м3-ке дейін қысқартуға мүмкіндік береді, бұл ластаушы заттар
шығарындыларының (70 %-ға) қысқаруына оң әсерін тигізеді.
ҚМГ 2015 жылы Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын толық кәдеге жарату» бастамасын қолдады. 2018 жылғы 20 қарашада ҚМГ-да бастаманы іске асыру мәртебесін және шикі газды тұрақты жағуды қысқарту бойынша ықтимал ынтымақтастықты талқылау бойынша Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен жұмыс кеңестері өтті. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемі бойынша есептілік жыл сайынғы негізде тапсырылады.
Компания ІМГ-ні қатқа кері айдамайды.
Сала бойынша ІМГ жағу қарқындылығы көрсеткішінің бенчмаркингі
Шикі газды жалындатып жағу көлемі
2016
2017
2018
Шикі газды жалындатып жағудың жалпы көлемі, млн м3
322,8
315,8
148,9
ІМГ тиімді пайдалану деңгейі, %
86
85
93
Шикі газды жағу қарқындылығы, т/1000 өндірілген КСШ
12
11
6
Шикі газды кәдеге жарату жөніндегі инфрақұрылым мен заманауи қуаттардың құрылысы өндіруші активтерді толық көлемде әзірлеуге және парниктік газдар мен ластаушы заттардың атмосфераға шығарындыларын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
2018 жылы жағылған газдың мұнай баламасында көмірсутек шикізатын өндірудің жалпы көлеміне қатынасының орташа көрсеткіші ҚМГ компаниялар тобы бойынша КСШ өндірудің мың тоннасына 6 тоннаны құрады, IOGP орташа көрсеткіші – 12,1.
Қалдықтарды басқару
Қалдықтарды басқару – бұл ҚМГ үшін маңызды экологиялық аспектілердің бірі. Сыни жағдай бірінші кезекте мұнай саласына тән қауіпті қалдықтардың пайда болуының елеулі көлемінде болып табылады. Осы процесті сапалы бақылау үшін Компания өндірістік қалдықтарды басқару жүйесін дамытады, қалдықтардың пайда болуы мен қозғалысын есепке алуды үнемі жақсартады, қалдықтарды қайта пайдалануды арттыру әлеуетін ұлғайтады.
Айналым түрлері бойынша 2018 жылғы қауіпті қалдықтар, %
Қайтадан пайдалану
Екінші реттік өңдеу
Қалпына келтіру
Өртеу (немесе отын ретінде пайдалану)
Полигонға орналастыру
Кәсіпорын алаңында сақтау (0,3%)
Мамандандырылған ұйымға беру
Пайда болған қалдықтардың көлемі 2018 жылы 288,3 мың тоннаны құрады
(2017 жылға қарағанда 14 % аз), оның ішінде «қауіпті» деп жіктелген қалдықтар – 268,9 мың тонна, «қауіпсіз» деп жіктелген қалдықтар тиісінше 19,4 мың тонна. Қауіпті қалдықтардың басым бөлігін – 67 %-ын бұрғылау қалдықтары (бұрғылау шламы және пайдаланылған бұрғылау ерітінділері) құрайды. 2017 жылмен салыстырғанда қалдықтардың пайда болуының жалпы көлемінің азаюы бірінші кезекте бұрғылау қалдықтарының пайда болуының азаюымен байланысты.
Айналым түрлері бойынша 2018 жылғы қауіпсіз қалдықтар, %
Қайта пайдалану
Полигонға орналастыру (0,12%)
Кәсіпорын алаңында сақтау (0,12%)
Мамандандырылған ұйымға беру
Бұрғылау қалдықтарының пайда болуы
2018 жылы ҚМГ өндіруші компанияларының қызметі нәтижесінде 176,4 мың тонна бұрғылау қалдықтары пайда болды (2017 жылға қарағанда 6 % кем), оның ішінде: 38,4 мың тонна – өңделген бұрғылау ерітіндісі; 138 мың тонна – бұрғылау шламы. ҚМГ тобының өндіруші компанияларының барлық бұрғылау қалдықтары мамандандырылған ұйымдарға кәдеге жарату үшін беріледі. Осы компаниялар қолданатын қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату әдістері: инерттеу, термиялық әдіс, химиялық әдіс, биологиялық ремидиация және арнайы полигондарда көму.
ҚМГ бойынша бұрғылау қалдықтарының жалпы түзілуі
Құрлықтағы жобалар
Теңіздегі жобалар
Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісі, мың тонна
Бұрғылау шламы, мың тонна
Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісі, мың тонна
Бұрғылау шламы, мың тонна
2014
116,50
236,95
0,91
0,88
2015
83,08
200,62
1,14
1,10
2016
44,24
107,13
0
0
2017
49,50
134,28
0,99
1,06
2018
37,05
137,19
1,36
0,81
Қауіпті қалдықтарды тасымалдау
ҚМГ қауіпті қалдықтарды Қазақстанға/одан тысқары жерлерге импорттамайды және экспорттамайды.
06
ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІК
Біз ҚР Заңнамасы аясында өндірістік қызметімізді жүргізуге және қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауға тырысамыз.
Компания өндірістік объектілерде ҚР табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктерді айқындау бойынша, заңнама талаптарына қандай да бір сәйкессіздікті болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін проблемалық мәселелерді айқындау және тәуекелдерді басқару бойынша жұмысты жалғастырады.
2018 жылы ҚМГ компаниялар тобына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 85,6 млрд теңге мөлшеріндегі нормативтен тыс эмиссиялар үшін әкімшілік айыппұлдар, залал және салық төлемдерін салды, оның ішінде Компания 9,7 млрд теңгені танып, нақты төледі. Қалған шағымдарды Компания сот тәртібімен заңсыз деп даулайды.
Өндіруші компаниялардың біріне 55,9 млрд теңге көлемінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз полигондарда өндіріс қалдықтарын орналастырғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды. ҚМГ талап-арыздың заңсыздығын дәлелдеп, 2019 жылдың қаңтарында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен салынған әкімшілік айыппұлдар мен салық төлемдерін алып тастау және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы шешім қабылданды.
2014-2018 жылдардағы экологиялық айыппұлдар, млрд теңге
Басқа компанияға газды кешенді дайындау қондырғысының жалынына тиісті рұқсатсыз
жағу үшін әкімшілік айыппұл, қоршаған ортаны ластағаны үшін залал және газды нормативтен тыс жағу үшін салық төлемдерін қоса алғанда, 29,7 млрд теңгеге айыппұл санкциялары салынды. Қышқыл газды жағу нормасының артуының себебі – ГКДҚ-да LO-CAT күкірт тазарту жүйесін іске қосу кідірісі болды. Күкірт тазалау жүйесі 2018 жылдың соңында жұмыс істей бастады және қышқыл газды жалындатып жағу дереу тоқтатылды. Ұсынылған сомадан 2018 жылы нақты 9,2 млрд теңге төленді. Қалған сома бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.
Компанияның мұнай өңдеу зауыттарының біріне қатысты 2018 жылы қаржылық емес санкциялар қолданылды, атап айтқанда – мынадай талаптар қойылды: рауалы төгінділер жобасына түзету жүргізу, сарқынды суларда ластаушы заттар концентрациясының белгіленген нормативтерін сақтау, тазарту құрылыстарының тиімділігін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдау, тазарту құрылыстарын жаңғырту бойынша жоспар әзірлеу. Барлық аталған тармақтар бойынша Компания жұмыс жүргізді.