Есеп біз үшін корпоративтік басқару құралы және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың маңызды компоненті болып табылады. Тұрақты даму саласындағы өз мақсаттарымыздың үйлесімділігіне қол жеткізу үшін, мүдделі тараптарға олар үшін қызметтің маңызды аспектілері туралы кешенді ақпаратты ұдайы жариялауды, беруді және есеп туралы кері байланыс алуды қағида тұрғысынан маңызды деп санаймыз.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы өз қызметі туралы есептілікті дайындауды 2008 жылдан бастап жыл сайынғы негізде жүргізіп, 2012 жылдан бастап есептілікті Жаһандық есептілік бастамасына (GRI) сәйкес жариялап келеді.
Есепте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдары (есепте – ҚМГ, Компания, компаниялар тобы деп аталатындар) туралы 2018 күнтізбелік жыл ішіндегі шоғырландырылған ақпарат ұсынылған. Есептің шекаралары дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында ҚМГ-ге тікелей немесе жанама түрде тиесілі ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарын, сондай-ақ ҚМГ қызметін бақылауға құқылы заңды тұлғаларды қамтиды. Осы Есепті дайындау кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша жасалған ҚМГ басқарушылық және аудиттелген қаржылық есептілігі пайдаланылды.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған Есеп – бұл GRI Standards (Core option) сәйкес, сондай-ақ мұнай-газ компанияларына арналған GRI G4 Oil and Gas Sector Disclosures қосымшасын пайдаланумен дайындалған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Тұрақты даму туралы есебінің қысқартылған нұсқасы.
Есептің толық нұсқасымен біздің корпоративтік сайт арқылы таныса аласыздар: қарау
ҚМГ Тұрақты дамуы туралы есебі ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі және корпоративтік интернет-сайтта жариялау және баспа нұсқасын тарату арқылы мүдделі тараптардың назарына жеткізіледі. Есеп сыртқы верификациядан, сондай-ақ GRI-дағы материалдық процестік тексеруден өтті. Есептің мазмұны GRI Standards стандарттарының әдіснамасы мен есептің мазмұны мен сапасын анықтау принциптері бойынша анықталады.
КМГ Тұрақты даму туралы есебіне тәуелсіз верификация жүргізу үшін EY компаниясы тарталып, ол қорытынды шығарды. Онымен сіз есептің толық нұсқасында таныса аласыз.
2006 жылдан бастап ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының (бұдан әрі – БҰҰ ЖШ) мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады және БҰҰ ЖШ он қағидатын және орнықты дамудың 17 мақсатына (бұдан әрі – ОДМ) адалдығын қолдайды.
Компанияның Тұрақты даму туралы жыл сайынғы есебі БҰҰ Жаһандық шарты шеңберіндегі ілгерілеу туралы біздің хабарламамыз болып табылады және сілтемесі бойынша қолжетімді.
Есеп бөлімдерінде ОДМ графикалық түрде белгіленген, Компания олар бойынша қол жеткізу және іске асыру бойынша шаралар қабылдайды. ОДМ-ның есепті деректермен интеграциясы бізге ОДМ міндеттеріне қол жеткізу бойынша ілгерілеуді неғұрлым тиімді бағалауға және орнықты даму қағидаттарын іске асыруда Компания қызметінің көрсеткіштерін жетілдіру үшін күш-жігерін бағыттауға мүмкіндік береді.
GRI Content Index құрамының көрсеткішін мына жерден табасыз http://www.kmg.kz/uploads/KMG_NC_OUR_2018_KZ_1111_1620-2.pdf