
кеңесі
төрағасының үндеуі
кеңесі
төрағасының үндеуі

Құрметті оқырмандар!
Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылдың қыркүйек айында 193 елдің көшбасшылары «Біздің әлемді қайта құру: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі» немесе «Тұрақты даму мақсаттары» кешенді бағдарламасын мақұлдады. Бағдарлама жақсы болашақ жасау үшін бірлескен жұмыста әлемдік қоғамдастыққа көмектесуге арналған. Қойылған мақсаттардың ауқымы оларға табысты қол жеткізу үшін жаппай күш-жігердің қажеттілігін болжайды. Айта кету керек, бұл ретте бизнес маңызды рөл атқарады. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және энергия жүйесін қайта құру бизнес, қоғам және қоршаған орта үшін тұрақты болашақ жолындағы негізгі міндеттер болып табылады. Париж келісімі төмен көміртекті экономикаға көшу сөзсіз басталатыны туралы батыл және жаһандық сигнал берді.
Қазақстандағы мұнай мен газдың ірі ұлттық өндірушісі ретінде біз еліміздегі экономиканың өсуіне өз ықпалымызды түсінеміз және өзіміздің өндірістік және экологиялық бағдарламаларымызды орындауға жауапкершілікпен қараймыз. Экологиялық заңнаманы дамытудағы басты ұлттық компаниялар мен стэйкхолдерлердің бірі бола отырып, ҚазМұнайГаз Париж келісімі шеңберінде Қазақстанның міндеттемелерін орындауына өз үлесін қосады.
Компания елеулі нәтижелерге қол жеткізген орнықты даму саласындағы аймақтардың бірі ілеспе мұнай газын (ІМГ) жалындатып жағуды қысқарту болып табылады.
2018 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша ІМГ-ні кәдеге жаратудың ең жоғары деңгейіне қол жеткізілді – 93 %. Газды жағу көрсеткіші 1 000 тонна өндірілген КСШ-ға 6 тонна деңгейінде тұр, бұл IOGP (Мұнай және газ өндірушілердің халықаралық қауымдастығы) орташа әлемдік көрсеткішінен 50 % төмен. Біз Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ-ні тұрақты жалындатып жағуды толық тоқтату» бастамасын іске асыруды жалғастырамыз және 2030 жылдан кешіктірмей ІМГ-ні тұрақты жалындатып жағу практикасын тоқтатуға ниеттіміз.
2018 жылы біз The Carbon Disclosure Project (CDP) – халықаралық инвесторлар қоғамдастығының парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындылары және климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер туралы ақпаратты ашу бастамасы туралы мәлімдедік және тауарлық өнімнің ұңғымадан оның түпкілікті пайдалануына дейінгі барлық көміртегі ізін бағалау жұмысын бастадық.
БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы бола отырып, біз орнықты даму қағидаттарына өз ұстанымымызды растаймыз, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаға теріс әсерлердің алдын алу, әлеуметтік жауапкершілік және Компанияның экономикалық өсуін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, орнықты даму мақсатын қолдаймыз.
Тұрақты даму қағидаттарын Компанияның негізгі қызметі мен стратегиясына тиімді енгізу барлығымыздың жоғары дәрежеде тартылуымызды талап етеді. ҚазМұнайГаздың барлық қызметкерлері орнықты дамудың маңызы зор екенін білуі тиіс. Ол үшін біз өршілдік мақсаттарға бағытталуымыз керек, саясаттарымызды, процедураларымыз бен ұзақ мерзімді стратегияларымызды түзетуге, персоналды оқытуға және уәждеуге, басқару жүйесіне және бизнес-процестерге орнықты даму қағидаттарын енгізуге, сондай-ақ қабылданған күш-жігер мен қол жеткізілген нәтижелердің біздің есептіліктегі ашықтығын қамтамасыз етуге тиіспіз. Тұрақты даму ұзақ мерзімді пайымды қажет етеді және оң нәтижелерге қол жеткізу және тез өзгеретін әлеммен бір ырғақта жүру үшін тұрақты күш-жігер жұмсауға дайындығымызды талап етеді.
Құрметпен, Кристофер Джон Уолтон
