
Бизнес-процестердегі жаңа өзгерістерді дәйекті түрде іске асыра отырып, біз өз қызметіміздің орнықты даму қағидаттарына сәйкестігін, өзіміздің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарымыздың үйлесімділігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

- Цифрлық трансформация
- Өндірістік процестерді автоматтандыру
- Процестердің реинжинирингі

- Экологиялық есептіліктің ашықтығы
- Еңбек қауіпсіздігі көрсеткіштері
бойынша көшбасшылық

- Басқару жүйесін өзгерту
- Корпоративтік мәдениетті дамыту
- Корпоративтік құндылықтарды енгізу
- Қаржылық тұрақтылықты арттыру
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыратын, Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүддесін білдіретін, бірегей тігінен біріктірілген мұнай-газ операторы.
ҚМГ Қазақстан Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы Жарлығымен «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ және «Мұнай және газ көлігі ҰК» ЖАҚ қосу жолымен құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – ҚР) атынан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚМГ құрылтайшысы болып табылады.
ҚМГ акционерлері: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (90%) және ҚР Ұлттық Банкі (10%).
ҚМГ өндірістік активтерінің географиясы және құн жасау тізбегі
ҚМГ дала ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын тиеп жөнелтуді жүзеге асырады, сондай-ақ жылыту кезеңінде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерді мазутпен қамтамасыз етеді. Мұнай өнімдерінің қалған көлемі ішкі нарықта бөгде сатып алушыларға және экспортқа сатылады.
Ашық түсті мұнай өнімдерінің барлық көлемі ҚР ішкі нарығында ірі көтерме саудамен сатылады. ҚМГ мұнай өнімдерін сатудың жалпы көлемінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарыққа жеткізу үлесі 75 % құрады.
Мұнай өнімдерін экспорттық жеткізу құрылымында 2018 жылы қара мұнай өнімдерін Еуропаға жөнелту басым болды, мұнай өнімдерінің аздаған көлемі Ресей мен Қытайға жеткізілді.
ҚазМұнайГаз – Қазақстан аумағындағы 44 мұнай-газ кен орнына ие және елдің ең ірі жұмыс берушілерінің бірі болып табылатын жетекші ұлттық мұнай-газ компаниясы. Компания мұнай-газ секторының көптеген салаларына маманданған, Қазақстандағы негізгі өңдеу зауыттарын және Румыния МӨЗ-ін басқарады, Швейцария, Болгария, Грузия, Молдова және Түркия сияқты елдерде активтері бар. Бұдан басқа, Компания жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп, қызмет саласын кеңейтуде

















МИССИЯСЫ ҚМГ – Ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан акционерлер үшін ең жоғары пайданы қамтамасыз ету
ПАЙЫМЫ ҚМГ – Қауіпсіздік пен корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сәйкес келетін, тиімділігі жоғары ұлттық тігінен біріктірілген операциялық компания
ҚМГ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР
- Экологиялық жауапты компания
- Еркін ақша ағынының және инвестициялардың қайту көрсеткішінің өсуі
- Екі деңгейлі басқару жүйесін енгізу
- Әдеп, комплаенс, корпоративтік мәдениет
АКЦИОНЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР
- Акционерлерге дивидендтерді ұлғайту

2018 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Трансформациялау бағдарламасының «Іске асыру» кезеңі жалғасты, оның шеңберінде жобалар бойынша жұмыс «СамұрықҚазына» АҚ жариялаған бастамаларға сәйкес жүргізілді.
ҚМГ жаңа операциялық моделін, оның ішінде аутсорсингке бейінді емес қосалқы функцияларды шығаруды көздейтін моделін енгізу аясында, «ҚМГҚұмкөл» ЖШС базасында ақпараттық технологиялар бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ортақ қызмет көрсету орталығын ресми түрде іске қосылды.
ҚМГ қызметіндегі жүйелік-әдіснамалық өзгерістер (бұдан әрі – ЖӘӨ) саласындағы трансформациялаудың маңызды жобасы «Негізгі бизнес-функцияларды трансформациялау және ERP енгізу» болып табылады. Есепті кезеңде жобаның әдіснамалық бөлігі аяқталды.
Басқа ірі ЖӘӨ жобасы – «Сатып алуды санаттық басқаруды (бұдан әрі – ССБ*) енгізу». ҚМГ алдына 2022 жылға қарай басқарылатын санаттарды жылдық сатып алу құнының кемінде 80 %-ын ССБ-мен қамту міндеті қойылды. Ол үшін 67 санат бойынша сатып алудың санаттылық стратегияларын (бұдан әрі – ССС) әзірлеу және бекіту қажет.
2018 жылы 7 ССС бекітілді, оның ішінде «ҚР ҚМГ компаниялар тобы үшін автокөлік қызметтерін сатып алу», «Техникалық газдар», «IT-жабдықтар», «Қосымдар мен реагенттер», «Сорғыларды жалға алу бойынша қызметтер», «Бұрғылау кезіндегі бөлек сервис», «Арнайы техника қызметтерін сатып алу». Іске асыруда 9 стратегия болды: «Өндіру және бұрғылау құбырлары», «Мұнай өндіру сорғылары», «Дизель отыны», «ҚМГ компаниялар тобы үшін НұрСұлтан қ. бойынша автокөлік қызметтерін сатып алу», «Каталитикалық крекинг катализаторы», «Техникалық газдар, 1-кезең (ПМХЗ)», «Жеңіл автомобильдер мен автобустар», «Медициналық сақтандыру», «Электр энергиясы».
ҚМГ-да ССБ енгізу жобасын іске асыру барысында ірі жобаларды санаттық басқару және тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен (бұдан әрі – ТЖҚ) қамтамасыз ету департаменті нысанында бейінді Құзыреттер орталығы құрылды. Осы құрылым сатып алу функциясына арналған шығыстарды азайту, сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді стандарттау және біріздендіру жолымен сатып алынатын ТЖҚ сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді шешеді. «Самұрық-Қазына» қорының стандарттары негізінде ҚМГ ТЖҚ-ны сатып алудың жеке регламентін әзірледі.
Сатып алуды санаттық басқару процесі компания үшін елеулі пайда әкеледі. Мысалы, «ҚМГ компаниялар тобы үшін Нұр-Сұлтан қ. бойынша автокөлік қызметтерін сатып алу» ССС іске асыру шеңберінде 2018–2020 жылдар кезеңіне жоспарланған экономикалық тиімділік 867 млн теңгені құрайды. «Өндіру және бұрғылау құбырлары» ССС бойынша 5 жыл ішінде 1,3 млрд теңге көлемінде пайда табу жоспарлануда.
2018 жылы ЖӘӨ бағыты бойынша екі трансформациялау жобасы аяқталды – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да инвестициялар портфелін басқарудың жаңа моделін енгізу» және «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу: ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесін енгізу».
Бірінші жоба SAP PPM программалық өнімі негізінде іске асырылды. Жоба шеңберінде ҚМГ инвестицияны басқарудың мүлде жаңа бизнес-процесіне – портфельдік басқаруға көшуді болжайды. Бұл тәсіл ҚМГ ЕТҰ/Дивизиондарынан инвестициялық жобалар пулын жинауға және жылына 1 рет неғұрлым тиімді жобаларды таңдауға мүмкіндік береді. Сондайақ ҚМГ-нің басқа күрделі салымдарға (ағымдағы күрделі салымдарға) арналған шығындарын және Компанияның қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, неғұрлым тиімді инвестициялық жобаларды таңдау қамтамасыз етіледі.
Бұдан басқа, жүйені енгізу инвестициялық жобалар бойынша күрделі салымдардың игерілуі туралы уақытылы және дұрыс ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл бекітілген бюджеттерді бақылауға, жобаларды іске асырудың табыстылығын қамтамасыз ету үшін уақытылы шешімдер қабылдауға айтарлықтай дәрежеде ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде ҚМГ корпоративтік орталығы тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылауды жақсартады.
Екінші жоба («Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу: ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесін енгізу») Корпоративтік басқару кодексінің талаптарына неғұрлым толық сәйкестігін, корпоративтік басқару рейтингіне оң әсерін, Компанияның инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруды қамтамасыз етеді. Жоба Компанияда үш міндетті және өзара байланысты жүйелер – ішкі бақылау тәуекелдерін басқару және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйелерінің жұмыс істеуі үшін әдіснамалық негіз жасайды.
Осындай әдіснаманы енгізудің арқасында бақылау рәсімдерін енгізу арқылы, бизнес-процестердің ашықтығын арттыру есебінен алаяқтық тәуекелдерін анықтау және алдын алу арқылы процестік тәуекелдерді болдырмау уақытылы қамтамасыз етілетін болады. Жоба операциялық тиімсіздіктің салаларын жоюға мүмкіндік береді, негізгі бизнеспроцестердің басқарылуы мен бақылануы артады, шешімдер қабылдау, ҚМГ мақсаттарына қол жеткізуді жоспарлау мен бақылау және оны қалыптастыру сенімділігінің ақылға қонымды кепілдігі үшін қажетті қаржылық есептіліктің дәйектілік деңгейі артады. Сондай-ақ әлеуетті қауіптер сәйкестендіріледі және осындай қауіптерге тиімді ден қою тұрақтылығы мен қабілетін арттыру үшін негіз құру мақсатында ҚМГ қызметіне олардың әсері айқындалады, бұл негізгі мүдделі тараптар мүдделерінің, ҚМГ беделінің, брендінің және өнімді операциялық қызметінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Ақырында, тәуекелдерді басқару процесіне тарту есебінен Компания қызметкерлерінің тәуекел-мәдениетінің деңгейі артады. 2018 жылы ҚМГ цифрландыру жобалары тізбесінің бірінші пулы алдын ала мақұлданды.
Компания қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша қолданыстағы цифрлық бастамаларды іске асыру жалғастырылды. Осылайша, мұнай өндіруде осындай негізгі жоба – «Зияткерлік кен орны» болып табылады. «Ембімұнайгаз» АҚ Уаз кен орнында пилоттық жоба шеңберінде 2016 жылы өндірістің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін мұнай-газ кәсіпшілігін басқару жүйесі енгізілді. Нәтижесінде автоматтандыру жүйесі есебінен ұңғымалардың жұмысы тұрақтандырылды, электр энергиясын тұтыну төмендеді. 2017–2018 жылдары жоба 2019 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Қазгермұнай» БК» ЖШС кен орындарында кеңейтуді жалғастыра отырып, «Ембімұнайгаз» АҚ Прорва кен орындары тобының объектілеріне қолданылды.
Өңдеу сегментінде Павлодар мен Атырау мұнай өңдеу зауыттарын ұлғайған жөндеуаралық пайдалану циклына көшіру жобасы іске асырылуда. Ол МӨЗ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің қажетті деңгейін, жабдықтардың сенімділігін және механикалық тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бастаманың арқасында автоматтандыру мен басқарудың жаңа процестерін енгізу есебінен МӨЗ-дің жоспарлы күрделі жөндеулерін үш жылда бір рет орындауға болады, сәйкесінше өндірістің тоқтауы сирейді.
Жоба нәтижесі бойынша жабдықтың сенімділігі 8 %-ға, ал жөндеу шығындары 10 %-ға дейін қысқарады деп болжануда. Сондай-ақ, қойма қорларын 10 % төмендету, жабдықтың жоспардан тыс тұрып қалуын және авариялық жұмыстар көлемін қысқарту жоспарлануда.
«Самұрық-Қазына» қоры ұсынған Трансформациялау бағдарламасын іске асырудың жаңартылған пайымына сәйкес 2019 жылы ҚМГ трансформациялау жобаларының жаңа портфелі қалыптастырылады, ҚМГ ерекшелігі ескеріле отырып, жобаларды портфельге іріктеу критерийлері әзірленді. Атап айтқанда, трансформациялау бастамалары Компанияның стратегиялық мақсаттары мен ҚТК-ге қол жеткізуін қолдауы тиіс. Бағдарлама портфеліне өндірістік және корпоративтік бизнеспроцестерді, жоғары өнімділік мәдениетін, Бизнеске арналған цифрлық шешімдерді және басқаларды реинжинирингілеуге бағытталған жобалар кіреді.
