«ҚазМұнайГаз» корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесін
КТБЖ) негізгі бизнес-процестерге біріктірді. КТБЖ – ҚМГ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының
стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекелдерді
уақтылы анықтауға, бағалауға, мониторингке және азайтуға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің
негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Компанияда тәуекелдерді басқарудың вертикальды процесі және басқарудың барлық деңгейлерінде
тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі қалыптасқан. Тәуекелдер туындау ықтималдығын және
тәуекел пайда болған кездегі әсерді ескеретін сапалық және сандық құралдарды қолдану арқылы бағаланады.