Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі
Құрметті стейкхолдерлер,
Сіздердің назарларыңызға біздің жетістіктеріміз бен Компанияның стратегиялық бағытын көрсететін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылға арналған орнықты дамуы туралы есепті ұсынамын.
Соңғы жылдардағы сын-қатерлер мен қиындықтарға қарамастан, біз белгіленген мақсаттарға қарай жылжуды жалғастырамыз және ҚМГ-нің 2022–2031 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес бастамаларды іске асырамыз. Біз басты күш-жігерімізді – «Энергиялық ауысу және көміртек ізін азайту», «Персоналдың денсаулығын басқару» және «Қызметтің барлық бағыттары бойынша тұрақты дамыту» сияқты үш негізгі бастаманың көмегімен іске асырылатын «Өндірістің көміртек сыйымдылығын тұрақты дамыту және үдемелі азайту» бойынша стратегиялық бағытқа жұмсаймыз. Осы бастамаларды іске асыру орнықты даму қағидаттарын барлық негізгі бизнес-процестерге, операциялық қызметке және шешім қабылдау процестеріне біріктіруді қамтиды.
2023 жылы күн тәртібінің ESG экологиялық аспектісі шеңберінде Компания көміртегі ізін азайту мақсатында ҚМГ төмен көміртекті даму бағдарламасы бойынша 60 маңызды іс-шараны іске асырған болатын. Көміртексіздендіру жобаларын белсенді енгізу тұрақты дамуға және қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Сонымен қатар, Компания су тапшылығын болдырмауға, экожүйелердің тұрақтылығын сақтауға, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңде cу ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған Cу ресурстарын басқару бағдарламасын әзірледі. Тиімді ішкі стандарттарды енгізу, экологиялық мәдениетті арттыру және менеджмент жүйесін қолдау сияқты процестердің көмегімен ҚМГ өз қызметінің экологиялық және өндірістік қауіпсіздігін арттыруға ұмтылады.
Әлеуметтік аспект шеңберінде ҚМГ компаниялар тобында персоналдың денсаулығын басқаруға бағытталған іс-шаралар бағдарламасы бекітілді және іске асырылуда, оған Міндетті медициналық тексерулерді ұйымдастыру бойынша жаңа корпоративтік стандарт енгізілді. Бұдан басқа, Компанияның барлық объектілерінде қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған Өндірістік санитарлық бақылаудың бірыңғай үлгілік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл іс-шаралар Компанияда персоналдың денсаулығын басқарудың неғұрлым ашық процесін құруға, медициналық-профилактикалық қамтамасыз ету жүйесін жақсартуға және өндірістік санитарлық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Компания өз қызметкерлерінің еншілес және мердігерлік ұйымдардағы құқықтарын қатаң сақтайды және олардың өмір сүру жағдайлары мен әл-ауқатын жақсартуға күш салады, бұл 75 % құрайтын әлеуметтік тұрақтылық индексінде көрініс табады.
Сонымен қатар, ҚМГ қатысатын өңірлерді дамытуға және қайырымдылық мақсаттарға қомақты қаражат бөлу арқылы қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді уақтылы орындайды. Мәселен, 2023 жылы жергілікті қоғамдастықтарға қайырымдылық көмекке ҚМГ еншілес кәсіпорындары 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Болашақта Компания әртүрлілік пен инклюзивтікті ынталандыруға, жергілікті қауымдастықтарды дамытуға, адам құқықтары мен гендерлік теңдікті қорғауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Корпоративтік басқару бөлігінде есептілікке, ашықтыққа, этикалық мінез-құлыққа және қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестікке ерекше назар аударып отыр. Ол үшін Компания өзінің ESG көрсеткіштерін белсенді талдайды және тиісті мақсаттарды басшылардың стратегиялық және орта мерзімді ҚНК жүйесіне біріктіреді. Оның ішінде, ҚМГ-да тәуекелдерді тиімді анықтауға және бағалауға, ESG мәселелерін қамтитын тәуекелдерді азайту үшін негізделген шешімдер мен шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді.
Sustainalytics деректері бойынша 32,3 баллды құраған ҚМГ-нің 2023 жылғы ESG тәуекел рейтингі біздің қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік сала және корпоративтік басқару мәселелерін басқару сапасын көрсетеді. Жаһандық рейтингте 315 мұнай-газ компаниясы арасында 40-орынға ие бола отырып, біз орнықты даму бағытында өз міндеттемелерімізді және нәтижелілігімізді көрсетеміз. ESG рейтингін одан әрі жақсарту және ықтимал ESG тәуекелдерінің әсерін азайту мақсатында экологиялық, әлеуметтік тәуекелдерді, сондай-ақ корпоративтік басқару тәуекелдерін басқаруды жақсарту бойынша 42 іс-шараны қамтитын ESG жоспары жаңартылды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі орнықты даму мәселелеріне басымдық береді. Есепті жылы Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған орта және орнықты даму комитеті осы тақырыпқа байланысты 30-дан астам тармақты талқылайтын бес отырыс өткізді. Орнықты даму мәселелері жөніндегі Директорлар кеңесінің жыл сайынғы арнайы отырысы Компанияның ESG аспектілерін терең талдау үшін ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Осы отырыс барысында ESG жоспарының негізгі аспектілері, TCFD ұсынымдарын орындау, сондай-ақ біздің төмен көміртекті бастамаларымызды іске асырудағы ағымдағы жағдайы мен жетістіктерін талдау қарастырылды.
ҚМГ-нің ESG саласындағы тәжірибелерді қолданудағы күш-жігері БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатына, орнықты даму мақсаттарына, сондай-ақ БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі басшылық қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
Қорытындылай келе, ESG-дің жақсы тәжірибесі ҚМГ-нің барлық басшылары мен қызметкерлерінің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге тікелей әсер ететін, Компанияның құндылығы мен беделін қалыптастыратын аса құштарлығының ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өткім келеді.
