Цифрлық даму
Есепті кезеңде индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым бойынша орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ҚМГ цифрлық жобаларын іске асыру жалғастырылды.
1. Цифрландыру бойынша іске асырылған жобалар
Наряд-рұқсат беру процесін жақсарту және қызметкерлердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында «Ембімұнайгаз» АҚ пилоттық түрде электрондық наряд-рұқсат берудің цифрлық жүйесін енгізді. Жоба рұқсат-нарядты ресімдеуді жеңілдету мен жеделдетуге бағытталған, ол қауіпті жұмыстардың мониторингін жақсартуға және рұқсат-нарядтарды қашықтықтан келісу және қол қою есебінен ілеспе шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа АМӨЗ қондырғыларында технологиялық процесті (АРС) жетілдірілген басқару жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. АРС нысаналы мұнай өнімдерінің тұрақты шығуына қол жеткізу үшін қондырғылардың технологиялық режимінің параметрлерін автоматты түрде түзетеді және адам факторының әсерін болдырмау арқылы қондырғының апаттық тоқтауын болдырмауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда APC АТ-2 мұнайын бастапқы өңдеу қондырғысына және АВТ-3 қондырғысына енгізілді.
2. Цифрландыру бойынша іске асырылып жатқан жобалар
2.1. «Сапарларды басқару» жобасы
Қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру, көліктік қауіпсіздік деңгейін арттыру және көлікті басқару процесі иелерінің жұмысын жеңілдету мақсатында «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да «Сапарларды басқару» жобасын тираждау бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- автоматтандыру деңгейін, GPS-трекерлермен жабдықталуын ескере отырып, ЕТҰ-дағы процестердің жетілуін диагностикалау;
- әрбір ЕТҰ үшін көлікті басқару процестерін дамытудың жеке бағдарламаларын дайындау;
- қозғалыс қауіпсіздігіне назар аудара отырып, көлікті басқару жүйесін кезең-кезеңімен енгізу.
Жоғарыда көрсетілген ЕТҰ-да жобаны іске асыру бойынша Жол карталары бекітілді.

2.2. «Электрондық тапсырыс-наряд (ҰЖАЖ/ҰКЖ)» жобасы
«Өзенмұнайгаз» АҚ-да операциялық жұмысты жеңілдету және қағаз құжат айналымының санын азайту мақсатында келісу уақыты мен кезеңдерін азайту мақсатында тапсырыс-нарядтарды қалыптастыру мен бекітудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы ҰЖАЖ/ҰКЖ бригадалары жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар басталды. Ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу тапсырыс-нарядтарын қалыптастыру, келісу және бекіту процесін цифрландыру шеңберінде «Электрондық тапсырыс-наряд» жобасы іске асырылатын болады, ол тапсырыс-нарядтарды құру және редакциялау мүмкіндігін, өрістерді толтырудың дұрыстығын автоматты тексеруді, тапсырыс-нарядтың бірегей нөмірін автоматты түрде генерациялауды, сондай-ақ тапсырыс-нарядтарды процестің әртүрлі қатысушыларымен көп деңгейлі келісуді қамтамасыз етеді. Жоба «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне тапсырыс-нарядтардың жай-күйі және олардың өзгерістері туралы хабарлама алуға, сондай-ақ тапсырыс-нарядтарға байланысты түрлі параметрлер бойынша есептер шығаруға мүмкіндік береді. Осы шешімнің тұжырымдамасын басқа ЕТҰ-ға тарату жоспарлануда.
2.3. HR-процестерді автоматтандыру
HR-процестерді автоматтандыру және цифрландыру бөлігінде HR-процестердің автоматтандырылған операцияларын енгізу және қағаз жеткізгіштерден бас тарту есебінен HR-процестердің орындалу сапасы мен жылдамдығын арттыруға, операциялық жұмысты жеңілдетуге,ҚМГ АРБД басшыларының, мамандарының еңбек шығындарын азайтуға және стратегиялық бастамаларды, жобалар мен іс-шараларды іске асыру мақсатында тұрақты менеджмент құралдарын енгізуге мүмкіндік беретін ҚМГ КО адами ресурстарын басқару үшін ақпараттық жүйе енгізілуде.
2.4. «Орындалған жұмыстардың онлайн актісі» жобасы
Орындалған жұмыстар актілерін (бұдан әрі – ОЖА) және көрсетілетін қызметтерді келісу және қол қою процестерінің ашықтығын және бюрократиясыздандыруды қамтамасыз ету мақсатында «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да «Орындалған жұмыстардың онлайн актісі» жобасын тираждау бойынша жұмыстар басталды. Бұл жоба ҚМГ ЕТҰ қызметкерлері мен мердігер компаниялар арасындағы ОЖА келісумен байланысты күнделікті операцияларды азайтуға мүмкіндік береді.


Digital KMG
ҚМГ компаниялар тобы шеңберінде алғаш рет Digital KMG цифрландыру бойынша I практикалық форумы өткізілді. Форумның негізгі мақсаты – компаниялар арасында цифрландыру саласында тәжірибе алмасу, цифрлық шешімдерді енгізу тәсілдерін талқылау, компаниялардың IT-өнімдерге қажеттіліктерін анықтау, цифрлық даму тұжырымдамасын қалыптастыру және АТ және цифрландыру қызметкерлерінің құзыретін арттыру үшін алаң ұсыну.
Іс-шараға корпоративтік орталық пен мұнай барлаумен, өндірумен, өңдеумен және тасымалдаумен айналысатын ҚМГ еншілес компанияларының, сондай-ақ мұнай сервистік кәсіпорындардың өндірісті автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және цифрландыру департаменттерінің 100-ге жуық басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Форум аясында цифрлық трендтердің мұнай-газ саласына әсері, цифрландыру саласындағы ағымдағы және жоспарланған жобалар, компаниялардың кешенді АТ-архитектурасы қаралды. Кездесу бағдарламасына дизайн-ойлау бойынша сессия кірді, оның шеңберінде ҚМГ еншілес тәуелді ұйымдарын цифрландыру бойынша ашық мәселелердің тізбесі дайындалды.
LEAN 6 SIGMA форумы
Ағымдағы жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Мұнай және газ өндіру» және «Мұнай өңдеу» бизнес-бағыттарында «Lean 6 SIGMA бағдарламасы бойынша IV Конференция» өткізілді.
Конференцияның негізгі мақсаты – ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлерін қызметті оңтайландыру және олардың өнімділігін арттыру процесіне тиімді тарту, МӨҰ және МӨЗ қызметкерлерінің үздіксіз жетілдіру мәдениеті бойынша құзыретін арттыру, Компанияның барлық деңгейлерінде тұрақты жетілдіру процесін ұйымдастыру, сондай-ақ 2023 жылғы Lean 6 Sigma үздік жобасына конкурс өткізу болып табылады.
Конференция бағдарламасына ҚМГ басшыларының арасынан таңдалатын Lean 6 Sigma атқарушы демеушілерін оқыту, топтарда жұмыс істеу, сондай-ақ «Ембімұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазГерМұнай»БК ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «АМӨЗ» ЖШС, «ПКОП» ЖШС және «CASPI Bitum» БК ЖШС үздік Lean 6 sigma жобаларының тұсаукесері кірді.
Конференция аясында «АМӨЗ» ЖШС Медет Зинуллиевтің жетекшілігімен ЭЛТҚ-АВТ-3 қондырғысында химиялық тазартылған суды тұтынуды оңтайландыруға бағытталған жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕТҰ арасындағы Lean 6 Sigma үздік жобасы» номинациясы бойынша жоғары марапатқа ие болды.