ҚМГ-дағы Жасыл кеңсе тұжырымдамасы
Компания барлық ресурстарды үнемді пайдалануды және экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған Жасыл кеңсе қағидаттарын ұстанады. ҚМГ еңбек жағдайларын тұрақты жақсартуға, жайлылықты арттыруға, кеңсенің дизайны мен архитектурасын жетілдіруге, жасыл аймақтар алаңын ұлғайтуға және қызметкерлердің демалысы үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысады. Жасыл кеңсе қағидаттарын ұстана отырып, Компания ресурстарды тұтынуды азайтуға, қолайлы экологиялық жағдай жасауға және қызметіміздің экономикалық тиімділігіне қол жеткізуге тырысады. Біздің күш-жігерімізге қызметкерлерді экологиялық оқытуға, ресурстарды үнемдеуге (энергияны үнемдеу, электр энергиясын үнемдеу, қоқысты бөлек жинау, қағазды үнемдеу және т.б.) және жасыл іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта мынадай бастамалар іске асырылды:
- кабинеттерде, дәліздерде, фойеде, паркингте қағаз, пластик, шыны және металл қалдықтарды бөлек жинауға арналған экоурналар орнатылған;
- пайдаланылған батареяларды жинауға арналған арнайы контейнерлерді орнатылған;
- қызметкерлерге жұмыс күнінің соңына дейін компьютерлер мен техниканы өшіру қажеттігі туралы «қалқымалы терезе» хабарламасы;
- кеңсе қызметкерлеріне ағаштарды сақтау және қағаз басып шығару көлемін азайту қажеттілігі туралы жадынама;
- электрондық құжат айналымы енгізілді. ҚМГ корпоративтік орталығында «Жазу қағазын тұтынуды 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3 %-ға төмендету» мақсаты белгіленді. Жыл қорытындысы бойынша 3264 бума қағаз пайдаланылды, бұл 3000 бума жоспарлы көрсеткіштен 8,8 %-ға жоғары және 2022 жылғы фактіден 25,8 %-ға жоғары, қағазды тұтынудың өсуі ҚМГ КО қызметкерлері санының 1,12 %-ға, сондай-ақ Басқарманың шешуіне түрлі мәселелерді шығару есебінен өсті. Талаптарға сәйкес барлық материалдар қағаз нұсқасында 2 тілде басып шығарылуы тиіс. Бұл ретте, жазу қағазын тұтынуды азайту мақсаты 2019 жылы белгіленгенін және 2019 жылмен салыстырғанда қағаз тұтыну 73,3 %-ға азайғаны байқалғанын атап өтеміз (2019 жылы 12 228 қорап пайдаланылды);
- презентациялар үшін проекторлар пайдаланылады;
- жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін бейімдеу курсында экоурналар бойынша ақпарат жаңартылды;
- ҚМГ корпоративтік орталығының ғимаратында фандомат – пластикалық бөтелкелер мен шыны ыдыстарды қабылдау терминалы орнатылды. 2023 жылы өңдеуге 17 516 пластикалық бөтелке және 3 403 алюминий бөтелке тапсырылды.

«Жер сағаты» халықаралық іс-шарасына қатысу
Жыл сайын бүкіл әлемде «Жер Сағаты» халықаралық іс-шарасы өткізіледі. Бұл табиғатты қастерлеудің нышанды әрекеті, планетаның климатын және оның шектеулі ресурстарын сақтау бойынша шаралар қабылдауға қоғамдық шақыру. 2023 жылы ҚМГ электр энергиясын үнемдеу бойынша аталған акцияға қосылды.


ҚМГ Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Атырау қаласында «Атырау экологиялық диалогы: Экология және өнеркәсіп. Қоғам игілігі үшін серіктестік». Іс-шара барысында экологиялық жобалар, сондай-ақ компания активтеріндегі атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шаралар кеңінен талқыланды. ҚМГ бастамасы бойынша компаниялар тобының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне ҚМГ Басқарма төрағасының атынан белгілер мен грамоталар табыс етілді. Осындай марапаттарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган да бастамашылық жасады.




Экологиялық жауапкершілікке бейілділік ҚМГ ЕТҰ-дағы көгалдандыру жұмыстарынан да көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған орман қорында 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызуға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде, сондай-ақ Кешенді жоспарды орындау шеңберінде Атырау облысында орналасқан ҚМГ ЕТҰ-да 2021–2024 жылдарға арналған «ірі мұнай компанияларының көгалдандыру жұмыстарын жүргізу» іс-шарасын іске асыру көзделген.
ҚМГ ЕТҰ-ның барлығында санитарлық-қорғау аймақтарының аумағында және қатысу өңірлерінде жасыл желектерді отырғызу жұмыстары жүргізілді. «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлық-қорғау аймағында (СҚА) жасыл желектерді отырғызу бойынша іс-шара өтті. Акцияға 100-ге жуық қызметкер қатысты. Акция барысында 0,7 гектарға өңірдің сортаң топырағына төзімді 450-ден астам қарағаш және сұр терек көшеттері отырғызылды. Зауыт аумағында 300 ағаш пен бұта отырғызылды.
2021 жылы жасалған ЕМГ мен Атырау облысының әкімдігі арасындағы Көгалдандыру туралы меморандум аясында Талқайран ауылында көшеттер отырғызылды. Қазіргі уақытта 10,5 гектар жерге 9000-ға жуық көшет отырғызылды. Ағаштар сәтті тамыр жайып, оларға мұқият күтім жасалуда.
2023 жылғы 22 сәуірде «Ембімұнайгаз» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері «Ағаш ек» акциясын өткізді. Оның барысында 850 көшет отырғызылды. 2023 жылдың басынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері 8 гектар жерді көгалдандырып, 7 200 жас ағаш отырғызды. Бұл негізінен жергілікті топыраққа жерсіну деңгейі жоғары болатын үйеңкі, терек, шегіршін, қарағаш ағаштары.
World Cleanup Day экологиялық акциясы аясында миллиондаған адамдар бірігіп, табиғатқа деген қамқорлығын көрсетіп, оны қоқыстардан тазартады, сондай-ақ «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясы аясында ҚМГ компаниялар тобында экологиялық сенбіліктер өткізу бойынша экочеллендж іске қосылды.
- ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК
- Біздің басқару тәсіліміз
- Cу ресурстарын басқару бағдарламасы
- Қоршаған ортаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Шикі газды ұтымды пайдалану
- Қалдықтарды өңдеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
- Жұмыс алаңдарын жабу және қалпына келтіру
- Теңіз ұңғымаларын басқару
- Мұнай төгілуінің алдын алу және жою
- Биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау
- Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша персоналды оқыту
- Жоспарланған шаруашылық қызметті экологиялық бағалау
- Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл
- ҚМГ-дағы Жасыл кеңсе тұжырымдамасы
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл
- Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы