ОРНЫҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2023

Экологиялық заңнама талаптарына сәйкестік

Бәсекелестікке қарсы мінез-құлық

Есепті кезеңде ҚМГ компаниялар тобындағы ұйымдарға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты 8 әкімшілік іс қозғалды (ЕТҰ-ға қатысты – 7, ҚМГ‑ға қатысты – 1). 

Оның ішінде: 2 әкімшілік іс ЕТҰ мен ҚМГ пайдасына қаралған, 4 әкімшілік іс ЕТҰ пайдасына қаралмаған, 2 әкімшілік іс – қаралуда.

Сондай-ақ соттар монополияға қарсы заңнамаға байланысты 2 азаматтық істі қарады (1 сот шешімі – ЕТҰ пайдасына, 1 сот шешімі – ЕТҰ пайдасына емес).

Бәсекелестікке қарсы мінез-құлыққа, трастылыққа қарсы заңнаманы бұзуға байланысты азаматтық істер жоқ.

Экологиялық төлемдер мен шығындар

Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару үшін Компания табиғатты қорғау қызметін басқару тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады және қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды бөледі.

Экологиялық шығындарға нормативтік эмиссиялар үшін салық төлеу, табиғатты қорғау іс-шараларына арналған шығындар, сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өтемақы шаралары, қоршаған ортаға әсерді болдырмауға арналған инвестициялар және т.б. кіреді. 2015 жылдан бастап мұнай қалдықтарын өңдеуге салынған инвестициялар 3 есе өсті және қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған барлық шығындардың үштен бірінен астамын құрайды. 

2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 57,7 млрд теңгені құрады. Шығындардың негізгі бөлігі қоқыр жинағыштардан тарихи қалдықтарды қалпына келтіруге (қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, қалдықтарды өңдеу, кәдеге жарату), мұнаймен ластанған учаскелерді қалпына келтіруге (тарихи ластанулар), таза технологияларды енгізуге және ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында тазарту құрылыстарын жаңғыртуға; өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға, тазарту құрылыстарының негізгі құралдарын жөндеуге, ластаушы заттардың шығарындыларын азайтудың техникалық, ұйымдастырушылық шараларына, мысалы: сүзгілерді, оттықтарды ауыстыруға/орнатуға, катализаторларды пайдалануға және т.б. жұмсалды.

ҚМГ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ДИНАМИКАСЫ(млрд теңге)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІК

Компания өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктерді айқындау бойынша, заңнама талаптарына қандай да бір сәйкессіздікті болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін проблемалық мәселелерді айқындау және тәуекелдерді басқару бойынша жұмыс жүргізеді.

Бұл кестеде айыппұлдар сомалары көрсетілген.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЫППҰЛДАР (млн теңге)

2023 жылы «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС 2021 жылы салынған 5,9 млрд теңге көлеміндегі айыппұлды сотқа шағымданды. Нәтижесінде компанияның пайдасына шешім шығарылды.