ОРНЫҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2023

ҚМГ Салықтық есеп саясаты

ҚМГ, тобының компанияларында салықтық есепке алуды жүргізуді стандарттау мақсатында Корпоративтік салықтық есеп саясаты (бұдан әрі – Корпоративтік СЕС) әзірленіп енгізілді.

Корпоративтік СЕС ҚЕХС «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ Заңымен, ҚР өзге де заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен, сондай-ақ ҚМГ/ еншілес ұйымның қызметін реттейтін ішкі құжаттармен өзара байланыста ҚР салық заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленді. Корпоративтік СЕС ережелері ҚМГ компаниялар тобының коммерциялық және салықтық құпиясы болып табылады.

Корпоративтік СЕС ережелері мен ҚР салық заңнамасының нормалары не ҚР ратификациялаған халықаралық шарттар арасында қайшылықтар болған кезде салық заңнамасының не тиісті халықаралық шарттың нормалары қолданылады. 

Корпоративтік СЕС-ті ҚМГ және оның барлық еншілес ұйымдары басшылыққа алады, мына ұйымдарды қоспағанда:

  • ерекше тұрақты салық салу режимі көзделген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар;
  • ҚР шегінен тыс тіркелген, сондай-ақ ҚМГ филиалдары мен оның еншілес ұйымдарының ҚР шегінен тыс тіркелген филиалдары.

Корпоративтік СЕС мақсаты ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарының ұйымдық және салалық ерекшеліктерін ескере отырып, салық есебін жүргізуге бірыңғай тәсілге қол жеткізу болып табылады. 

Корпоративтік СЕС міндеті – салық заңнамасында мынадай талаптар болған жағдайларда ҚМГ компаниялар тобының салық есебін жүргізу ерекшелігін көрсету болып табылады:

  • ҚР Салық кодексінде көзделген бірнеше нұсқалардан не әдістерден таңдау жасауды талап ететін немесе жасауға мүмкіндік беретін нормалар болса;
  • тек жалпы нормаларды белгіленіп, салық есебін жүргізу тәсілдерінде, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібінде айқындылық пен нақтылық болмаса;
  • СЕС-те жекелеген шарттар мен ережелерді көрсету талап етілсе.

Корпоративтік СЕС ҚР Салық кодексінің мынадай қағидаттарына негізделеді:

  • салық салудың міндеттілік қағидаты – ҚМГ және оның еншілес ұйымдары салықтарды Қазақстан Республикасының бюджетіне толық көлемде уақтылы және дұрыс есептеуге, ұстап қалуға және төлеуге міндетті;
  • салық салудың әділдік қағидаты – ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының операцияларына бір кезеңде бір салық салу объектісі бойынша салықтың және төлемнің бірдей түрімен қосарланған салық салынбайды;
  • ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының адалдық қағидаты – салық үнемін алу және салық төлемдерін азайту мақсатында өздерінің заңсыз әрекеттерінен пайда алуға жол берілмейді.

ҚМГ және ҚМГ-ның барлық еншілес компаниялары корпоративтік СЕС негізінде Компания қызметінің салалық ерекшеліктерін ескере отырып, өз деңгейінде жекелеген салықтық есепке алу саясатын әзірлеп, енгізді. 

ҚР салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, ҚМГ және еншілес ұйымдардың корпоративтік СЕС және жекелеген СЕС-ке тиісті өзгерістер енгізіледі.

ҚМГ салық салуға өзінің көзқарасында салықтық жоспарлау кезінде ҚМГ-ның коммерциялық қызметінің ерекшеліктерін және ҚМГ-ның 2022–2031 жылдарға арналған Даму стратегиясына толық сәйкес келетін осындай тәсілдің әлеуметтік әсерін ескереді.

ҚМГ-ның 2022–2031 жылдарға арналған стратегиялық мақсаттары

Салық салу тәсілінің стратегиялық
мақсаттармен байланысы

ҚМГ-ның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база.

Мемлекеттік органдар тарапынан фискалдық ынталандыру

ҚМГ құн тізбегінің тиімділігін арттыру.

Осындай кен орындарында өндіруді ұлғайту мақсатында жетілген кен орындары бойынша салық ауыртпалығын одан әрі оңтайландыру туралы мемлекетпен келіссөздер жүргізу

Бизнесті әртараптандыру және өнімдер портфелін кеңейту

Салық ортасындағы өзгерістер және салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды алу/ұзарту мүмкіндігі

Орнықты даму және өндірістің көміртекті сыйымдылығын үдемелі төмендету

Салық органдарының түсіндірмелерін алу және қажет болған жағдайда салық заңнамасына өзгерістер енгізу арқылы салық салу тәртібін реттеу

Салықтық жоспарлау шеңберінде мемлекеттердің пайдасына салық төлемдері бойынша ақпарат (GRI 207-4) жыл сайын ҚМГ корпоративтік сайтында орналастырылады https://www.kmg.kz/ru/investors/reporting/.

Салықтық әкімшілендіру және бақылау, тәуекелдерді басқару

Тәуекелдерді, оның ішінде салықтық тәуекелдерді басқару тәсілін Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) белгілейді.

Тәуекелдерді басқару процесі туралы толығырақ «ESG тәуекелдерді басқару» бөлімінде.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу және салыққа байланысты мәселелерді басқару

ҚМГ салық заңнамасына сәйкес салық мониторингіне жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген.

ҚМГ-да тұрақты негізде ҚМГ тобының компанияларында туындайтын салық заңнамасын қолданудың проблемалық мәселелерін талдау бойынша жұмыс жүргізіледі, кейіннен заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді, сондай-ақ ҚМГ тобы компанияларының қызметіне салық салуға қолайлы жағдайлар жасау, салық заңнамасын, Кеден одағы мен ҚР кеден заңнамасын, трансферттік баға белгілеу туралы ҚР заңнамасын жүйелі жетілдіру, сондай-ақ операциялық тиімділікті арттыру және тұтастай алғанда ҚМГ құнын ұлғайту мақсатында ҚР заңнамасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасалады.

Мемлекеттік органдармен қарым-қатынастар мен өзара іс-қимылдар ҚР заңнамасының нормалары шеңберінде салық саясатының дұрыстығын айқындау, ҚР салық заңнамасына сәйкес ұстанымын қорғау, мемлекеттік органдар, сондай-ақ акционер, салалық қауымдастықтар ұйымдастыратын кездесулерге, талқылауларға қатысу мақсатында іскерлік хат алмасу арқылы құрылады.

Заңнаманы жетілдіру арқылы ҚМГ компаниялар тобының мүдделерін қорғау мыналарды қамтиды:

  • салық салу бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар (оның ішінде негіздемелер, презентациялар мен есептеулер) әзірлеу;
  • салық заңнамасын және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы орындау бөлігінде тиісті мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қорытындыларды қарау және ұсыну;
  • ҚМГ компаниялар тобының заңнамалық бастамаларын салалық қауымдастықтар (Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы (ҚХА), KAZENERGY қауымдастығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (ҰКП) жанынан жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына тікелей қатысу арқылы, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ҚР Парламентінің қатысуымен жұмыс топтарында сүйемелдеу).