Жұмыс алаңдарын жабу және қалпына келтіру
Активтерді шығару бойынша міндеттемелер
Мұнай-газ активтері
Белгілі бір келісімшарттардың талаптары бойынша, заңнамаға және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, ҚМГ тобы кен орындарының әрқайсысында негізгі құралдарды бөлшектеу мен тарату және жер учаскелерін қалпына келтіру бойынша заңды міндеттемелер алады. Атап айтқанда, ҚМГ міндеттемелеріне барлық өндірістік емес ұңғымаларды біртіндеп жауып, құбырларды, ғимараттарды бөлшектеу және келісімшарттық аумақты қалпына келтіру, сондай-ақ пайдаланудан шығару сияқты қызметті түпкілікті тоқтату бойынша іс-қимылдар және өндірістік учаскедегі қоршаған ортаны ластамау жөніндегі міндеттемелер жатады. Лицензиялардың қолданылу мерзімін Топтың қалауы бойынша ұзартуға болмайтындықтан, кен орнындағы міндеттемелерді түпкілікті жабу бойынша өтеудің есептік мерзімі әрбір лицензиялық кезеңнің аяқталу күні болуына жол беріледі. Топтың ұңғымаларды жоюды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінің көлемі және түпкілікті жабу жөніндегі шығындар тиісті келісімшарттардың талаптарына және қолданыстағы заңнамаға байланысты болады.
Келісімшарт та, заңнама да лицензиялық кезеңнің соңында түпкілікті тарату және түпкілікті жабуға арналған осындай шығыстарды қаржыландыру жөніндегі белгілі бір міндеттемені білдірмеген жағдайларда міндеттемелер болып танылмайды. Мұндай шешім қабылдау кейбір белгісіздіктермен және маңызды пайымдаулармен бірге жүреді. Басшылықтың мұндай міндеттемелердің болуы немесе болмауы туралы бағалары Үкіметтің саясаты мен тәжірибесіндегі немесе жергілікті салалық тәжірибедегі өзгерістермен бірге өзгеруі мүмкін.

Топ активтерді шығару бойынша міндеттемелерді әрбір келісімшарт бойынша бөлек есептейді. Міндеттеме сомасы инфляцияның күтілетін деңгейіне түзетілген және өтпелі экономикасы бар елдердің мемлекеттік борышы бойынша қазақстандық нарыққа тән тәуекелдерге түзетілген орташа ұзақ мерзімді тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемелерді пайдалана отырып, дисконтталған міндеттемелерді өтеу үшін талап етілетін бағаланған шығындардың ағымдағы құны болып табылады.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың мұнай-газ активтерін тарату жөніндегі міндеттемелерге арналған резервінің баланстық құны 123,785 миллион теңгені құрады (2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша: 88,207 миллион теңге).
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес:
- Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындылар алған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына сәйкес жүргізіледі.
- Жер қойнауы учаскесін консервациялау жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындылар алған жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасына сәйкес жүргізіледі.
- Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және тарату қағидаларында көзделген ұңғымалардың жекелеген санаттарын қоспағанда, технологиялық объектілер жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған технологиялық объектілерге сәйкес таратылады немесе консервацияланады, тарату немесе консервациялау тарату және консервациялау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұңғымаларды тарату жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы №200 бұйрығымен бекітілген көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде консервациялау және тарату қағидаларында белгіленеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 маусымда № 17094 болып тіркелді (4-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде әртүрлі мақсаттағы мұнай, газ және айдау ұңғымаларын тарату).
ҚР қолданыстағы заңнамасын басшылыққа ала отырып, 2023 жылы Компания ҚМГ Барлау учаскелері мен кен орындарында объектілерді жабу және жерлерді рекультивациялау саласындағы саясатты бекітті.
Магистральдық мұнай құбырлары және газ құбырлары
2012 жылғы 4 шілдеде күшіне енген «Магистральдық құбыр туралы» ҚР Заңына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (бұдан әрі − ҚТО) пайдалану аяқталғаннан кейін магистральдық құбырды тарату және кейіннен қоршаған ортаны қалпына келтіру, оның ішінде топырақ құнарлығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу бойынша заңды міндеттемесі бар. Құбырларды тарату және топырақ құнарлығын қалпына келтіру міндеттемесіне арналған резерв бөлшектеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің Топ есептеген құны негізінде бағаланады. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша топ резервінің құбырларды жою және ҚМГ жерлерін қалпына келтіру жөніндегі міндеттеме бойынша баланстық құны 45,649 миллион теңгені құрады (2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша: 40,665 миллион теңге).
- ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК
- Біздің басқару тәсіліміз
- Cу ресурстарын басқару бағдарламасы
- Қоршаған ортаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Шикі газды ұтымды пайдалану
- Қалдықтарды өңдеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
- Жұмыс алаңдарын жабу және қалпына келтіру
- Теңіз ұңғымаларын басқару
- Мұнай төгілуінің алдын алу және жою
- Биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау
- Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша персоналды оқыту
- Жоспарланған шаруашылық қызметті экологиялық бағалау
- Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл
- ҚМГ-дағы Жасыл кеңсе тұжырымдамасы
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл
- Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы